22
2. Макроэкономиканың негізгі зерттеу əдістері: агрегаттау, мак-
роэко номикалық үлгілеу.
3. Макроэкономикалық зерттеулердің жəне макроэкономика ғы-
лымының қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері.
Студенттің оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік
жұмыстары (СОӨЖ) жəне студенттің өзіндік жұмыстары
(СӨЖ) тапсырмалары:
Мақсаты:
тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мəселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын əдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін макроэкономиканың
негізгі талдау ерекшеліктерін төмендегідей ұсынылатын жəне басқа да
тапсырмаларды орындау.
1. Тақырып бойынша э к о н о м и к а л ы қ с ө з д і к (глоссарий)
жасау.
2. Тақырып бойынша л о г и к а л ы қ с х е м а л а р құрастыру.
3. Реферат, эссе, баяндама тақырыптары:
- Мен макроэкономика пəнін не үшін оқимын? (эссе);
- Джон Мейнард Кейнс – қазіргі макроэкономиканың негізін салу-
шы;
- Макроэкономиканың қазіргі маңыздылығы мен экономикалық
ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөлі;
- Қазақстанда ұлттық экономиканы дамытудағы макроэкономика-
лық талдаудың ерекшеліктері;
- Макроэкономикалық теорияны дамытудың неокейнстік тұжы-
рымдамалары;
- Макроэкономика ғылымы – бұл нормативті экономика;
- Микроэкономика макроэкономиканың негізі ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: