Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


Макроэкономиканың зерттеу объектісі –



Pdf көрінісі
бет6/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

Макроэкономиканың зерттеу объектісі – 
бұл
 
ұлттық эко-
номиканың өсу қарқыны мен факторлары, ұлттық өнім мен 
ұлттық табыс көрсеткіштері жəне қоғамның байлығы.
Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан халық шаруа шы-
лығы 
төрт макроэкономикалық субъектіден
құралады:
1. Үй шаруашылығы
– жұмыс күші ұсынысын жəне игіліктерге 
деген сұранысты қалыптастырады, алынған табыстарының бір 
бөлігін тұтынады, ал қалған бөлігін жинақтайды, олар ең аз 
шығын жұмсай отырып, өз пайдалылықтарын максималдауға ты-
рысады.
2. Фирма 
– өндіріс факторларына сұраныс білдіретін жəне 
игіліктердің ұсынысын жасайтын əрі инвестициялау үдерісін 
жүзеге асыратын белгілі бір елдегі барлық кəсіпкерлік сектор-
дың жиынтығынан құралады. Фирмалар, əдетте, өз қызметтерін 
жүзеге асыру барысында ең жоғары пайда алуға тырысады.
3. Мемлекет 
ұлттық қауіпсіздік, ғылым, инфрақұрылым 
қыз меттері сияқты ерекше қоғамдық игіліктерді ұсынушы сек-
тор, ол əдетте, пайданы максималдауды мақсат етіп қоймайды, 


13
халық шаруашылығының тиімді əрекет етуі үшін оңтайлы 
жағдайлар жасайды. Сонымен қатар, мемлекет маңызды макроэ-
кономикалық субъект ретінде игіліктерді өндіреді жəне сатып 
алады, салық салады, трансферттік төлемдер төлейді, ақша ұсы-
нысын қалыптастырады.
4. Сыртқы орта 
– шет елдердегі экономикалық субъектілер-
дің жиынтығынан жəне шетелдік мемлекеттік институттардан 
құралады, олар отандық экономикаға өз игіліктерін ұсынады 
жəне сол отандық экономиканың өндірген игіліктеріне сұраныс 
білдіреді, экспорт пен импортты қалыптастырады. Сыртқы əлем 
секторы ұлттық төлем балансы мен валюта бағамының жағдайын 
анықтау үшін зерттеледі.
Макроэкономика ғылымының өзіне тəн зерттеу əдістері бар. 
Жалпы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет