ЖОБА
Дескриптор
Білім алушы
-
көп нүктенің орнына сөйлем мағынасына сай келетін күшейткіш
үстеулерді қояды.
Оқу мақсаты
8.5.1.1 -
күшейткіш үстеулерді
ауызша және жазба
жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
•
Ауызша және жазылым жұмысында күшейткіш
үстеулерді дұрыс қолданады
Қолдану
Тапсырма
Мәтін мазмұнына сай сөйлемдерді күшейткіш үстеулермен толықтырыңыз. Күшейткіш
үстеулер: тым, әрең, сәл, мүлдем, өте, орасан, аса, нағыз, ең, әбден
Шайтанкөл туралы аңыз
Баяғыда бір байдың Сұлушаш деген ...... сұлу қызы болыпты.
Байдың есігінде
жүрген Тезек деген құлы Шұнақ деген күңімен қосылып, одан Алтай туады. Ол ер жетіп,
Сұлушаш екеуі бір-бірін сүйеді, бірақ бай ...... қарсы болады.
Алтайдың Қайсар деген ........... досы және Сұлушаш үшеуі елден қашады. Олар
Қарқаралының маңайындағы Жиренсақал әулие деген жерді мекендейді. Сол жерде аң
аулап, құс ұстап, күндерін көреді. Бір күні Алтай құс аулап жүріп, аспанмен тілдескен ......
биік құзға кездеседі. Сол құзға бүркіт ұя салған екен. Алтай одан бүркіттің балапанын
алмақшы болып, биікке ......
көтеріліп келе жатады, бірақ жолы болмай шыңырауға
құлайды. Сұлушаш Тескен таста сырнай тартып отырады.
Біраздан соң артынан
ырылдаған ......... зор дауыс естіледі, қараса артында арыстан тұр екен.
Содан қорыққаннан ол терең көлге құлайды.
Қайсар Сұлушашты іздеп, .....
шаршап, осы жерге келсе, көлдің бетінде қыздың көйлегі, тақиясы жүзіп жүреді. Ол да
сол көлге құлапты. Содан кейін бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.
36