Әй,
шіркін
-
ай! Шіркін
-
ай! Азаматын ат үстінде
таныған қайран ата
-
бабам
-
ай! Ер
-
тоқым
қирап ер құлап, елінде сауға сұратып запыран күскен заман
-
ай! Қорқақтың бәрі инабатты,
ынжықтың бәрі мәдениетті, қудың бәрі ақылды боп бара ма, қалай
?!
Залдан айқайлайды: Бауырым, театр көреміз деп келген едік. Мынау дым күлкілі емес.
Мен қайтайын, жүріңдер кім қайтады менімен бірге?
2-
ші көрермен: тұра тұршы. Театр саған тек күлетін жер ме сонда? Театр парасаттың
майданы. Саған күлкі керек, тек күлкі керек. Білесің бе неге? Сендер күлегештер өмірге
серьезно қарауға қорқасыңдар. Біржердерің шыдамайды серьезно қарауға.
3-
ші көрермен: басталғаны енді ғой. Ары қарай көрейікші не болатынын.
Тобыр шығады. Орынсыз қарқылдаған күлкі.
Мағжан:
Әке, баяғыда біреу, тура сіз сияқты...Мен ақылдымын, мен данышпанмын
-
деп
қоймай қойыпты.
Сонда біреу, сен ақылды,
данышпан болсаң, неге соншама,
тақыр
кедейсің
-
деген екен да... Мына заманда әке, жан
-
жақты болу керек...
Достарыңызбен бөлісу: