5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата03.06.2023
өлшемі143,47 Kb.
#178189
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2. Практиканың жеке түрлерінің бағдарламасы
Оқу практикалары 
2.1 Оқу практикасы туралы қысқаша сипаттама


Бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін даярлау жүйесінің ең негізгі бір
бөлігі –
 
оқу пленер және мұражай практикалары.
Оқу практикасы кезінде студенттердің бейнелеу өнері мамандығын
игеруге жыл бойы лекцияларда, семинарларда, практикалық сабақтарда алған
білімдері тиянақталады.
Пленэр практикасын
арнайы орындарда, туристік базада табиғаттың
көркем де әсем жерлерінде өткізген абзал. Пленэр бағдарламасының басты
міндеті ол студенттердің ой процесін дамыту, әр түрлі композициялық түстік,
реңдік картиналарды өз беттерімен еркін жаза білуге икемдеу.
Оқу процесінде студенттер әсіресе табиғатты бейнелегенде оның құнды
көркемдік жақтарын жаза отырып, әдемілікке, әсемдікке, этикалық тәрбиеге
бейімделінеді.
Бірінші бөлім - табиғат көрінісін бейнелеуге бағытталған. Онда қалам
арқылы, сулы бояу, тушь, перо, түрлі-түсті қаламдар көмегімен натура арқылы
табиғаттағы өзгерістерді бейнелейді. Онда натюрморттың ашық аспанда,
бұлтты күні көріністерін айқындайды.
Екінші бөлім – ауа-райындағы өзгерістермен қатар, түрлі турлі жануарлар
жазу арқылы «ритм», «колорит» деген ұғымдарды практика жүзінде тереңірек
үйрене алады. Бұл бөлімнің мақсаты тақырыптық-композициялық картиналар
жазуға баулу.
 Мұражайлық практика
бейнелеу өнерінде живопись, композиция және
сурет сабақтарының жалғасы болып есептелінеді. 
Мұражай іс тәжірибе бағдарламасы студенттердің көру, қабылдау
қабілеттерін арттырумен қатар, олардың эстетикалық ойлау, сезіну, түсіну,
табиғаттың әр-бір кезеңіндегі құбылыстарды аңғару, сонымен қатар
шығармашылық қабілет, ептіліктерін де шыңдайды. Сонымен қатар бейнелеу
өнерінің әр түрлі құрал материалдарымен де айналысып, ептілік қасиетін
шыңдауға әсерін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет