5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата03.06.2023
өлшемі143,47 Kb.
#178189
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
1.2. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
1. Тәрбие жұмыстарының тақырыбын анықтау
2. Тәрбие жұмыстарының мақсатын және міндетін өңдеу
3. Тәрбие жұмысына қатысушы, ынталы оқушылар тобын анықтау.
4. Тәрбие жұмысына оқушыларды дайындау
5. Сынып жетекшілеріне кеңес, оқушыларға көмек көрсету.
6. Тәрбие жұмысын өткізу.


1.3. Тәрбие жұмыстарын талдаудың үлгі нұсқасы.
Нұсқа №1
1. Тәрбие жұмысын жүргізуші студенттің аты жөні, сыныбы, мектебі
2. Тәрбие жұмысының мақсаты және міндеті
3. Тәрбие жұмысының тақырыбын анықтап және өткізу түрлері
4. Іс-шараларды өткізудің дайындығын талдау:
а) тәрбие жұмысын ұйымдасырушылар және ынталылар тобының 
құрамы (мұғалім, топ белсенділері, ынталы топ, барлық ұжым);
б) оқушылардың қызығушылығын, жасын олардың тәрбиелік деңгйін 
ескеру;
в) тәрбие жұмысын жоспарлау және дайындау ерекшеліктері;
г) оқушылардың тұлғалық сапасына ұжым ретінде біріктіруге тәрбие 
жұмыстарының дайындығының әсері.
5. Іс шараларды талдау барысы:
а) тәрбие жұмысының құрылымынжәне оны ұйымдастыру әдістерін 
анықтау;
б) іс-шараның басындағы психологиялық дайындық; оған жету 
құралдары
в) Тәрбие жұмысын өткізу кезіндегі оқушылардың ұйымшылдығы және 
тәртіптілігі, оларды көтермелеу әдістері;
г) өтілетін тәрбие жұмысының мақсатына және міндетіне сәйкес залды 
безендіру;
д) тәрбие жұмысының барысына оқушыларды тарту, оқушылардың 
эмоциясына әсер ету құралдары, оқушылардың эмоциясын білдіру түрлері;
е) тәрбие жұмысының құрылымын және оның ұйымдастыру әдістерін 
негіздеу;
6. Тәрбие жұмысының қорытындысын талдау:
а) қойылған міндеттер қандай дәрежеде жетілдірілді, қандай ұғымдар 
түсіндірілді, тереңдетілді, оқушылардың оған қандай қатысы бар, 
қарастырылған мәселелер бекітілді ме, алынған мәліметтерді өмірде 
пайладануға балалардың қызығушылығы болды ма?
б) жеке оқушылардың және ұжымның ары қарай дамуына тәрбие 
жұмысының әсері;
в) тәрбие жұмысының тиімділігін төмендететін әдістемелік қателіктер 
және кемшіліктер, және оларды жою жолдары. Алдағы істелетін жұмыстар 
жайлы.


Нұсқа №2
1. Мақсаттылық
1) Осы тәрбие жұмысының тәрбиенің жалпы мақсатымен сәйкестілігі.
2) Оқушының қажеттілігі және жас ерекшелігінің тәрбие деңгейінің 
мақсатына сәйкестілігі
3) Осы тәрбие жұмысының мақсаттылығы. Оқушылардың өздерінің мәнін 
түсінуі
2. Мазмұны
1) Тәрбие жұмысы тақырыбының көкейкестілігі
2) Мазмұнның тәрбиелік құндылығы, оқушының эмоциясына әсер ету 
мүмкіншілігі.
3) Оқушының өмірлік тәжірибесімен мазмұнының байланысы
4) Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың материалды меңгеру деңгейі, 
олардың осы мәеле бойынша сауаттылығы.
3. Өткізу әдістемесі
1) Тәрбие жұмысын өткізу әдістемесін және түрін анықтау, әдістеменің 
қойылған мақсатына және мазмұнға сәйкестілігі
2) Оқушылардың белсенділігі, өз бетімен жұмыс істей білу қабілеті, оны 
қамтамассыз етуші әдістер мен тәсілдер. Өзін өзі басқару ұйымының рөлі.
3) Ішкі және сыртқы көрнекіліктерді, техникалық оқыту құралдарын 
пайдалану 
4) Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар және қатысушылар арасында 
дұрыс қарым қатынастың болуы, оған жетудің жолдары мен құралдары.
5) Тәрбие жұмысының өткізу түрінің ерекшелігін ескеру
6) Мұғалім тұлғасының тәрбие жұмысын дайындауға және өткізуге әсері
7) Мұғалімнің педагогикалық қабілеттілігі, педагогикалық техниканы 
меңгеру деңгейі, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
8) Ұйымдастырудағы нақтылық, мақсаттылық, уақытты дұрыс пайдалана 
білу.
4. Нәтижелілігі
1) Алдына қойған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге асыру деңгейі
2) Оқушылардың өткізген іс-шараларға қатынасы, қызығушылығы, 
белсенділігі
3) Тәрбие жұмысын өткізудегі қол жеткен жетістіктер, оны ары қарай 
дамыту жолдарының мүмкіндіктері.
4) Тәрбие жұмысын өткізу барысындағы кемшілктерді анықтау, олардың 
себептері, және оларды болдырмау жолдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет