5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы


Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата03.06.2023
өлшемі143,47 Kb.
#178189
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Практика жөнінде есеп беру құжаттар тізімі.
1.Күнделік
2.Күнтізбелік сабақ жоспары.
3.Күнделікті сабақ жоспары.
4.Тәрбие сағат жоспары.
5.Ашық сабақ жоспары.
6.Мінездеме.
7.Ашық тәрбие сағаты.
8.Күнделік дәптер.
9.Көрнекіліктер.


Өндірістік практика 
4 курс студентерінің оқу-өндірістік педагогикалық
практикасы 
4 курстағы болашақ мұғалімнің теориялық және практикалық,
дайындығын «Тәрбие жұмысының әдістемесі», педагогикалық психология
пәндері, арнайы пәндер әдістемесі, нәтижесінде қазіргі білім беру
технологияларын меңгеріп, оны мектеп практикасына ендіретін әртүрлі
психологиялық- педагогикалық мәселерге арналған арнайы курстар қамтамасыз
етеді.
Бітірер алдындағы курстың оқу педагогикалық іс-тәжірибесі. 4 курстағы
педагогикалық іс-тәжірибе төменгі курстардағы педагогикалық іс-
тәжірибелердің заңды түрдегі жалғасы болып табылады.
Бұл курстағы іс-тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің өз білімдерін
теориялық және тәжірибелік сапасын тексеру, оларды кәсіптік жағынан
дайындау барысында педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелерін байқау.
Педагогикалық іс-тәжірибенің мазмұны.
-мектептердегі педагогикалық үрдістермен танысу; (мектептің, пән
мұғалімінің, сынып жетекшісінің жұмыс жоспарларымен танысу);
–бүтіндей педагогикалық үрдіске, оқушылар ұжымының даму деңгейіне,
оқушылардың әлеуметтік белсенділігіне, олардың мектептегі және
жанұяларындағы тыныс-тіршіліктеріне шынайы талдау жасау;
-студенттер педагогикалық іс-тәжірибеден өту барысында мектеп
мұғалімдерін ауыстырушы және 5-9 сынып жетекшілерінің жәрдемшісі ретінде
жұмыстар атқарады (БОПжӘ 1-4 сынаптардағы арнай пән үшін). Осы
педагогикалық іс-тәжірибе кезінде студенттер өз беттерінше 8-10 сабақтан кем
өтпеулері керек;
-бекітіліп берілген сынып оқушылары мен балар ұжымының жеке
ерекшеліктеріне талдаулар жасау;
-сыныпқа мінездеме және сынып жетекшісінің жоспарын түзу;
-педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінде оқу жұмыстары бойынша жеке
жоспарлар жасау (күнтізбелік және сабақ жоспарлары);
-конспектілерге, сабақ жоспарларына, арнайы мамандақ пәндері бойынша
өткізілетін факультативті сабақтар мен үйірме жұмыстарына талдаулар жасау;
-сабаққа дидактикалық материалдар, көрнекі құралдар және оқытудың
техникалық құралдарын (ОТҚ-ТСО) дайындау;
-мамандық пәндері бойынша арнайы сабақтар өткізу; 
-мұғалімдер мен практиканттардың сабақтарына ену, сол сабақтарға
талдау жасауларға қатысу;
-сыныптан тыс тәрбие сабақтарын өткізу, конспектілеріне талдау жасау;
-жоспар-кестелер мен оқудан тыс өткізілген тәрбие сабақтарына талдау
жасау;


-сыныпта оқудан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу; 
-ата-аналармен жұмыс: ата-аналар жиналыстарында сөз сөйлеп, ой-пікір
айту, кейбір оқушылардың үйлеріне барып тыныс тіршілігімен танысу;
-рефератқа, курстық және дипломдық жұмысқа материалдар дайындау;
-оқу-тәрбие жұмыстарына күнделік бойынша жүйелі түрде талдаулар
жасау;
-іс-тәжірибе бойынша есеп құжаттарын дайындау;
Практиканың міндетері:
1. Мұғалім іс-әрекеттерінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті
сезінуі.
2. Өзін -өзі дамыта білетін оқушы тұлғасын қалыптастыруда педагогтың
жетекші рөл атқаруы, тұтас педагогикалық процестің субъектісі болып
табылатын мұғалім мен оқушының өзара әрекетін ұғыну.
3. Сыныптағы тұтас педагогикалық процесте сыгнып жетекшісінің және
мұғалімінің оқыту, тәрбиелеу және дамыту қызметін іске асыруы.
4. Тұлғалық-бағдарлық білім беру жағдайында бүгінгі күнгі білімдік-
тәрбиелік технологияларын меңгеруі.
5. таңдап алынған проблемесына сәйкес психологиялық-педагогикалық
зерттеуді жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет