- практикадан кейінгі есеп беру мерзімін анықтайды;
- практика күнделігін толтыру ережелерін түсіндіреді;
- мектеппен практиканттардың
орындайтын педагогикалық
жұмыстарының реті мен түрлерін анықтайды;
- студенттерге мектептегі тәжірибелі ұстаздардың арнайы дәрістер беруін
және педагогикалық шеберлікті арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстармен
таныстыруын қамтамасыз етеді;
- практика кезінде үнемі қадағалауды қамтамасыз етеді;
- практика біткеннен кейін практика туралы есепті кафедрада қорғауды
қамтамасыз етеді;
- практика соңында қорытынды конференция өткізеді.
Педагогикалық практика біткен кезде студенттің практика туралы
өткізетін құжаттар тізімі.
1. Практиканың жеке жоспары.
2. Күнделік.
3. Практика кезінде өткізілген сабақтардың тақырыптық жоспары.
4. Сабақтардың жазбаша жоспарлары.
5. Сабақтың әдістемелік талдауы.
6. Бір оқушыға берілген психологиялық-педагогикалық мінездеме.
7. Бейнелеу өнері сабақтары бойынша өткізілген кештер, диспуттар және
викториналар туралы есеп.
8. Бақылау сабақтарының жазбаша жоспары.
9. Практика есебі.
10. Мінездеме.
Достарыңызбен бөлісу: