Турмаханова надира



Pdf көрінісі
бет14/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

Key words:
 chemical olympiads, task, numerical problems. 
 
РОЛЬ ХИМИЧЕСКОЙ ОЛИМПИАДЫ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ
 
В данной статье рассматривается значение и значение химической олимпиады в 
образовательном процессе, предлагаются методы, необходимые для процесса 
подготовки к олимпиаде и способ решения задач, возникающих на химической 
олимпиаде. приведена классификация используемых отчетов и задач. 
Ключевые слова:
 
химические олимпиады, задача, численные задачи. 
 


34
Өркениетті қоғам қалыптастыру барысындағы ең маңызды процесс 

“жеке 
тұлға” дайындау. Осы орайда, заманауи білім беру процесіндегі негізгі бағыт 
– 
білім 
алушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, олардың ішкі 
потенциалдарын ашу. Ғылым мен білім қарқынды дамып жатқан шақта
жаратылыстану
-
математика бағытына аса назар аудара отырып, оқушылардың сыни 
ойлау , логикалық ойлау
және стандартты емес ойлау қабілеттерін дамыту маңызды. 
Әсіресе, 
дарынды 
балалардың 
жаратылыстану
-
математика 
бағытына 
қызығушылықтарын оятуға және қабілеттерін дамытуға баса назар аудару керек.
Пәндік олимпиадалардың басты мақсаты 
– 
оқушыларды ғылымға ынталандыру 
және олардың ішінен дарынды балаларды іріктеп, бәсекеге қабілетті ұрпақ 
тәрбиелеу. Сонымен қатар, пәндік олимпиадалар 
– 
стандартты емес тапсырмалардың 
негізгі көзі. Оқушыларды пәндік олимпиадаларға қатыстыру олардың жүйелік және 
стандартты емес ойлау жүйелерін қалыптастырып қана қоймай, пәнге деген 
ықыластарын арттырып, ғылыми білімдерін тереңірек және жан
-
жақты дамытады, әрі 
олардың таланттарын ашуға көмектеседі. Сонымен бірге олимпиадаға дайындық 
жүргізу пән мұғалімінің де кәсіби құзіреттілігін жоғары деңгейге көтереді.
Оқыту барысында шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру технологиясы 
әрдайым
педагогтар мен психологтардың басты назарында. Қазіргі әдебиеттегі 
“шығармашыл тұлға және жеке тұлға дайындау” туралы педагогтердің пікірлерін 
қарастырайық. “Адамның әрекеті 
– 
жеке тұлғаның әлеуметтік субъект ретінде 
қалыптасуы үшін маңызды құндылықтарды жасау бағыты” 
– 
деп анықтама береді 
И.Я.Лернер[1].
Жыл сайын елімізде республикалық деңгейде пәндік олимпиадалар мемлекеттің 
қаржыландырылумен ҚР БҒМ
-
нің бақылауында өткізіліп отыр. Олимпиада орта және 
жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес әрбір пән мен сынып бойынша тиісті 
білім беруді басқару органдарының басшылығымен оқу жылы барысында төрт 
кезеңде өткізіледі [1]:
1)
мектептік кезең ( ағымдағы оқу жылының қараша айында өткізіледі);
2)
аудандық кезең;
3)
облыстық кезең;
4)
республикалық кезең.
Олимпиаданың аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерінің 
тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша республикалық 
әдістемелік кеңес дайындайды және “Дарын” республикалық ғылыми
-
практикалық 
орталығы бекітеді. 
Білімгерлерді ынталандыру мақсатында Президентіміз Қасым
-
Жомарт Тоқаев 
халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы ақшалай сыйақы 
тағайындауды және конкурсқа қатыспай
-
ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант 
беруді заңнамалық
түрде жолға қойып жатыр. Заң жобасына сәйкес Халықаралық 
олимпиада жүлдегерлерін ынталандыру және қолдау үшін
алтын медаль иегерлеріне 
1 500 АЕК, күміске 
– 
1 мың АЕК, қолаға
500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау 
жоспарланып отыр.
Пәндік олимпиадалар негізі екі кезеңнен тұрады: теориялық және 
эксперименттік. Эксперименттік кезеңге қарағанда теориялық кезеңде жоғары балл 
қойылатындықтан, олимпиаданың бірінші кезеңі ерекше дайындықты қажет етеді. 
Бұл орайда, бәрімізге белгілі, мектеп оқулықтары тек базалық деңгейдегі біліммен 
шектелгендіктен, 
оқушыларға 
жоғары 
деңгейдегі 
оқулықтармен 
және 
материалдармен дайындық жүргізуі тиіс. Өкінішке орай, қазақ тілінде химия пәні 


35
бойынша бұл типтегі оқулықтар мен әдістемелік құралдар саусақпен санарлық. 
Сондықтан
да көп ұстаздар олимпиадаға дайындықты орыс және ағылшын тіліндегі 
электронды арнайы әдебиеттер бойынша жүргізеді. Ресейлік chem.msu.ru, 
olimpiada.ru, rusolimp.ru сияқты сайттар және “Дарын” орталығының басшылығымен 
жасалынған Beyondolympiads сайты да
олимпиадаға дайындық жүргізетін ұстаздар 
мен оқушылар арасында кеңінен танымал. 
Анализ. Соңғы үш жылдағы республикалық
олимпиаданың сапалық және 
сандық нәтижелеріне тоқталайық. 1
-
кестеде олимпиада қатысушыларының әр 
жылдағы жалпы орта балдары қарастырылды (жалпы орта балл 100балдық шкала 
бойынша есептелінді). Сандық
талдауға сүйенсек, олимпиада нәтижелерінің өте 
төмен деңгейде
екендігін байқаймыз. 
1
-
кесте
9
-
сынып
10
-
сынып
11
-
сынып
2020
10,04 
19,67
24,56 
2021
36,82
31,32
27,8
2022
39,22
31,01
30,8
Әрине бұл ретте оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттері маңызды рөл 
атқарады. Жаратылыстану
-
математика бағытына ынталы оқушылар олимпиадаға 
дейін жүйелі дайындықтан өткізіледі. 
Химиялық есептерді шығару 
– 
химия ғылымының негізін меңгерудің маңызды 
тұсы. Оқу процесіне есептерді қосу білім алудың мына дидактикалық принциптерін 
іске асырады[2]: 1) оқушылардың өзіндік жұмыс жасау және белсенділік қабілеттерін 
қалыптастырады; 2) білім мен дағдыны қалыптастырады; 3) алған білімді өмірмен 
байланыстырады; 3) химия саласын таңдайтын білім алушылар үшін кәсіби бағдар 
жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет