Турмаханова надира



Pdf көрінісі
бет17/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

 
 
 
 
 


38
ӘОЖ 54.542.9
 
ҒТМАР

31.01.45
 
 
Р.М.КУРБАНБАЕВА
1
, Ш.А.МАМУРОВА
2
, Р.Н.НҰРДІЛЛАЕВА

Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ
-
түрік университеті, 
Түркістан, Қазақстан
 
ХИМИЯ САБАҒЫНДА ВИРТУАЛЬДЫ ЗЕРТХАНАНЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ҚОЛДАНУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Бұл мақалада жалпы орта мектебінде химия сабағында виртуальды зертхананы 
оқытуда, проблемалық оқыту технологиясын қолдану арқылы оқытуда 
қолданылатын әдіс
-
тәсілдер тиімділігі мен артықшылықтары қарастырылған. Қазіргі 
таңда, заманауи сандық технологиялардың бірі болып саналатын виртуальды әлем 
кең өріс алып келе жатқаны бәрімізге аян. Виртуальды әлем

компьютерлік 
техниканың негізінде кеңістіктік
-
уақыттық континиумды адам тілектеріне сай 
өзгертіп,
жаңа әлемді, шындықты қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру 
нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда сана компьютер құрастырған мүмкін әлемге 
енеді, ол жерде виртуальды түрде көріне, сезіне және әрекет ете алады. Сол себепті 
виртуальды зертханаларды білім беруде қолданудың маңызы зор. 
Мақаланың басты мақсаты виртуальды зертхананы техникалық білім берудегі, 
нақтырақ айтқанда қашықтықтан оқыту барысындағы маңызын зерттей отырып, 
мағлұмат беру. Виртуальды зертханалық және тәжрибелік жұмыстарды орындау 
арқылы білім алушылар сыни ойлауын және зерттеушілік дағдыларын дамытады. 
Сонымен қатар, физикалық
-
химиялық шамаларды өлшеудің әдістемелерімен 
танысып, әртүрлі құралдардың жұмыстарын зерттейді, тәжірибелік мәліметтерді 
жинау және өңдеу технологияларын үйренеді. Осы тұста, орта және жоғары мектепте 
химия сабақтарын ұйымдастыруда виртуальды зертханалық жұмыстар құру мен 
оларды қолдану әдістемесін жетілдіру жолдарын іздестірудің маңызы зор.
Жұмыстың өзекті болуына ақпаратты технологиялардың дамуы виртуальды 
өмірдің оқушыларға ықпал етуінен туындады. Заманауи сандық технологиялардың 
бірі болып саналатын виртуалды зертханаларды интернет платформалары арқылы 
ұтымды пайдаланыуға болатындығы белгіленді
[1].
 
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде виртуалды зертханаларды қолдана отырып, 
білім алушылардың
химия пәнін оқытудың әдістемелік моделі жасалынып, болашақ 
химия пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік нұсқау ретінде қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет