41
Виртуальды зертханалық жұмыстарды құру мен қолдану әдістемесі тақырыбы
аясында ғылыми зерттеулерді жүргізуде мултиьмедиялық оқыту технологиялары,
проблемалық оқыту технологиялары сынды әдістері қолданылды.
Зерттеуде қашықтықтан виртуальды зертхананы оқу кезінде оқушылардың білім
дағдысын бағалау үшін онлайн сабақтар жүргізілді. Онлайн сабақ кезінде
оқушыларға пікірталас әдісі тиімді болды. Себебі, пікірталас
–
ішінара пікір алмаса
отырып, топтық міндеттерді тиімді және сапалы түрде шешуіне мүмкіндік
беретін
топтасқан ұжымдық әрекет түрін ұйымдастыру тәсілі. Пікірталасқа қатысушы
оқушылар белгіленген мәселе аясында өз пікірлерін қорғауға ұмтылады, соның
нәтижесінде білім алушылар бір
-
біріне
логикалық тұжырымдары, өзіндік
дүниетанымдары барысында жаңа пікірлер, тұжырымдамалар, ойлар, өзіндік
дүниетанымдары кеңейеді. Пікірталас кезінде білім
алушының өзіне беймәлім
тұстарын
ашатын және де түсінуге мүмкіндік беретін психологиялық жағдайды,
эмоциялық сезімдерді басынан кешіру нәтижесінде жинаған білімдерін, ой
–
елегінен
өткізіп, өзіндік ойларын, пікірлерін басқалармен ашық, еркін жеткізуіне қажетті
жағдаяттар жасалады. Мұнда болашақ мұғалімдердің белсенділігі дамып, танымдық
іс
-
әрекеттерінің субъектісіне айналады.
Қазіргі таңдағы ақпараттық технологияның
шынайы жағдайда қосымша
техникаларсыз процестер мен табиғи құбылыстарды бақылау мүмкіндігі өте зор.
Мысал ретінде:
•
Қысқа секундтар арасында немесе бірнеше жылдарға созылатын
құбылыстарға бақылау жасау мүмкіндігі;
•
Қауіпсіздік шаралары мүмкіндігі;
•
Бір мезетте бірнеше зерттеулер жүргізу мүмкіндігі;
•
Зерттеу нәтижесін жылдам алудағы уақыттың тиімділігі мүмкіндігі;
•
Қашықтықтан оқыту барысындағы виртуальды зертхананы пайдалану
мүмкіндіктері сипатталады [9].
Виртуальды лабораториялардың бірнеше түрлері
бар. Олар: STAR, Phet,
Virtuallab, Algodoo және т.б моделді бағдарламалар. Әртүрлі объект жасауда,
құралдардың өзара әрекеттесулері модельдеуде жүзеге асырылады.Мысалы, зерттеу
барысында “THYME” сценарий тілі арқылы тәжірибе жүргізілді. Бұл бағдарламаның
тиімділігі, түрлі эффектілері бар құбылыстарды құруға мүмкіндік береді және
суреттерді жүктеу мүмкіндігі бар.
42
Осы түста химия сабағында виртуальды зертхананы
ұйымдастыру барысында
білімгерлердің нұсқаулық арқылы
тапсырмаларды,жаттығуларды,эксприменттерді
қиындықтарсыз жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: