Турмаханова надира


ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК РЕТІНДЕ ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет39/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА КӨРНЕКІЛІК РЕТІНДЕ ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ 
ЭКСПЕРИМЕНТТІ ҚОЛДАНУ
 
Химия пәнін оқыту ісінің табысты болуы оқытудың түрлі әдіс 
-
тәсілдерін, яғни 
мұғалімнің оқушыға химиялық білім беретін, практикалық
іскерлік дағдыға 
үйрететін көрнекілік басты пайдаланудын шешуші маңызы
бар.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында «Білім берудің
ғылыми
сипаты ретінде химиялық оқу эксперименті туралы бағыты» туралы 3
-
бабы 
қазіргі заман
талабына сәйкес химиялық білімнің қоғам өміріндегі маңызы мен 
рөлінің
артып отырғанын дәлелдейді [2].
Жалпы білім беретін оқу орындарында немесе мектепте демонстрациялық 
химиялық эксперименттік білім
берудің бүгінгі өмір талабына сай қажеттілігі, 
оқушыларға химиялық білім
берудің ғылыми
-
теориялық біртұтас жүйесінің болмауы 
арасында қарама
-
қайшылық туып
отыр. Осы қарама 

қайшылықты жою мақсатында 
жобамыздың негізгі мәселесі оқушыларда химиялық білім қалыптастыруда 
көрнекілік демонстрациялық эксперименттің 
өте маңыздылығы жайлы болып отыр 
[3].
Көптеген зерттеулерде химиялық білім беру жалпы білім берудің бір
бөлігі 
ретінде ғана емес, сонымен қатар химиялық сөйлесу
мәдениеті, санасы, іс
-
әрекетке 
дайындығы жоғары деңгейдегі тұлғаны тәрбиелеу мақсатын көздейтін
үрдістің
жаңа 
мәні қарастырылады. Мектеп оқушыларына химиялық білім
қалыптастыру
Қазақстанның тұрақты дамуының басты факторларының бірі
болып саналады [4].
Химиялық
білім беруге байланысты қазақстандық ғалымдармен
бірқатар 
зерттеулер жүргізіліп,
химияны оқытуда көрнекіліктің ең тиімді құралы
ретінде 
демонстрациялық экспериментті қолдану қажеттілігі, мақсаты мен міндеттері, 
мазмұны мен ұйымдастыру
жолдары зерттелді,
химиялық ұғымдар жүйесі 
анықталды. 
Елімізде орта мектептерде химиялық демонстрациялық экспериментті 
ұйымдастыру 
мәселесін теориялық негіздеп, оған ғылыми
-
әдістемелік жағынан 
талдау жасағаи педагог 
– 
ғалымдар
К.А.Сарманова, А.Мырзабаев, И.Нұғыманов 
еңбектерінің маңызы зор
[6], 
Химия курсының демонстрациялық эксперимент арқылы білім берудегі 
мүмкіндігін 
көрнекі құрал ретінде жүзеге асырудың маңызы зор.
Өйткені бізді 
қоршаған орта химиямен
тығыз байланысты. Адам өміріндегі химия пәнінің алатын 


73
орны
мен оның білім берудегі іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру жүйесі 
әдістемелік тұрғыдан негізделген.
Дидактиканың негізгі
ұстанымдарының бірі 

көрнекілік
екенін, көрнекіліктердің 
білім сапасына
тигізер әсерінің мол екендігі дәлелденген.
Оқушыларға химия курсын
химиялық демонстрациялық экспериментті көрнекі
құралдар оқытудың мазмұны, әдісі және оқушының өзіндік 
– 
танымдық іс
-
әрекет 
ерекшелігін есепке алып анықтауды қажет етеді. Оқушылар
көрнекілік әдістер 
көмегімен әр пән бойынша оқу материалын көру арқылы қабылдауды
қамтамасыз 
ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді,
кұбылыстарды көре алады, 
теориядан алған материалын салыстыра және тағы
басқа көптеген мәліметтерді 
қарастыра алады.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Предидентінің «Қазақстан
– 
2030» Барлық 
Қазақстандықтардың өсіп 

өркендеуі, қауіпсіздігі және әл 
– 
ауқатынының артуы» 
атты жолдауына орай қоғамның білім беру жүйесінде жаңарту мен жетілдіруге деген 
талап 

тілектерінен туындайды. [1]
Қазақстан
елінің Конституциясына сәйкес жалпы білім беру саласындағы 
мемлекет саясатына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» [2] 
лайықты оқыту процесіне жаңа өзгерістер енгізілуде. Осыған орай мектептегі химия 
курсын қазіргі өндіріспен техниканың теориялық негіздерін меңгерген, болашақ 
мамандарды сапалы даярлау міндеттерін шешеді. [3]
Қазіргі
заманғы химия ғылымы жаратылыстану білімі мен ғылыми 
– 
техникалық 
прогрестің іргетасы болып табылады. Сондықтан, химияны оқыту 
– 
студенттерді
ғылыми 

таным әдістерімен қаруландыруға, олардың білім денгейіне сәйкес табиғи 
құбылыстар мен технологиялық процестерді өзбетінше зерттей алатындай жоғары 
интеллектуалдық және практикалық біліктерін дамытуға бағдарлауы тиіс. Осы 
мақсатта, орта мектептегі
химия курсының бағдарламасында оқу экспериментінің 
орындалуына ерекше мән беріледі. [4] Себебі, бағдарламада атап көрсетілгендей 
«демонстрациялық тәжірибелер, зертханалық жұмыстар мен химиялық практикумдар 
жүйесі оқушылардың
химиялық шамаларды өлшеу принциптерін түсінуіне, өлшеу 
тәсілдері мен техникасын
меңгере білуіне көмектеседі» [5,4б].
Химияның даму тенденциясы және оны оқытудың әдістемесін талдап аңғарсақ, 
химиялық оқу экспериментінің өзінше
әдістемелік ерекшеліктері, сан алуан 
тәсілдерімен қойылу техникасы бар, олар химияны оқыту әдістемесінде ерекше орын 
алады. Олар әртүрлі дидактикалық міндеттерді атқарады, арнайы химияға үйренудің 
міндеттерін шешеді.
Қазіргі
кезде химиялық оқу экспериментінің әдістемесі мен техникасы жеткілікті 
түрде толық жүйеленген. Бірақ та, ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, ғылыми 
деңгейдің көтерілуі, химия курсының политехникалық мазмұнының артуы, оқу 
бағдарламасының жетілдірілуі, сонымен қатар химиялық эксперименттің 
мазмұнының әдістемесінің және техникасының үздіксіз жақсартылуын
талап етеді.
Химиялық оқу экспериментіндегі елеулі прогресс, оның соңғы жылдары 
қарқынды дамуына қазіргі ғылыми идеялардың және жаңа техникалық құралдардың 
пайда болуына байланысты. Соңғы
кезде оқу экспериментті дамып келеді, жаңа 
демонстрациялық
қондырғлармен және көне тәжірибелердің жаңартылған түрімен 
толықтырылады, яғни оның классикалық нұсқасы жетілдіріледі. Сонымен қатар,
оқу 
деманстрациялық және лабораториялық экспериментті жүргізудің әдістемесі мен қою 
техникасын жаңарту міндеттері қойылып отыр. 


74
Қазіргі
жаңартылған оқу экспериментін ендіру оқу процесіне және оқушылардың 
ойлау қабілеттерін белсендіреді олардың өз беттерінше іскерліктерін және бірлік 
дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жаңа оқу эксперименті химияны оқытудың 
өндірісінен, техникамен байланысын дамытады, оқытудың политехникалық 
міндеттерін шешуге септігін тигізеді. 
Демонстрациялық оқу эксперименттінің мазмұндары, әдістемелері мен 
техникасы туралы көптеген мәселелер алғашқы химияны оқыту әдістемелерінің 
негізін қалаушы ғылымдардың В.Н. Верховский., А.Д.Смирнов., С.В.Васильев., 
М.И.Лебедова., Ю.В.Плетнер., В.С.Полосин., Т.С.Назарова., А.А.Грабедский., 
И.Н.Лаврова., Л.А.Цветков., И.Н.Чертков, еңбектерінде
қарастырылған. 
Химиялық оқу экспериментінің мазмұны, әдістемесі және техникасына қатысты 
проблемалар бойынша бірқатар диссертациялық зерттеулердің ішінде, химиялық 
демонстрациялық экспериментті жетілдіруде В.Н.Верховский оқыту құралына 
көрнекілікке модельдер, шетелер, коллекциялар, экрандық материалдарды 
жатқызады. И.Н.Борисов зертханалық жабдықтарды, ал Д.М.Кирюшкин мен 
В.С.Полосин зат, бейне және символикалық
көрнекіліктерге негізгі орын береді. 
Бірқатар авторлар (С.Г.Шаповаленко, Л.М.Сморгонский, Е.Е.Минченков, 
Г.С.Назарова) өз зерттеулерінде химияны оқыту құралдарының алатын орнына 
ерекше көңіл бөлген. Психолог Н.Г.Салмина оқыту үрдісіндегі білім көзінің бәрі оқу 
құралы деп қарастырады.
Соңғы кезде, біздің республикамызда химиялық оқу эксперименттінің әдістемесі
мен техникасын жетілдіруді М.Ж.Жадрина еңбектерінен байқаймыз [5]. Бұл 
еңбектерде жабдықтарды таңдап алудың жалпы ұстанымдары тұжырымдалып оқу 
экспериментіне арналған құралдарға сипаттама анықталынып, химиялық оқу 
экспериментіне қойылатын психологиялық

педагогикалық талаптар тұжырымдалған 
және бір қатар жаңа деманстрациялық құралдар жасалған. 
Демек, химиялық эксперимент күрделі процестерді оқытуды
жеңілдетуді 
қамтамасыз етеді, шындықты сезім мүшелері арқылы қабылдауға септігін тигізеді, 
оқушылардың
танымдық қызығушылықтарын белсендіріледі. Химияны
оқытуда 
эксперименттің ролінің маңыздылығы бүгінгі күнде ешкімге де күмән туғызбайды, 
эксперимент бір мезгілде білім көздері, оқыту әдістері және көрнекіліктің түрі болып 
табылады деп жазды Ю.В. Плетнер [6].
Сонымен химиялық оқу экспериментінің аса маңыздылығын, осыған 
байланысты көптеген әдістемелік мәселелердің жеткілікті шешілмегенін, оның 
эксперименттік әдістемелерін қазіргі кездегі талаптарға сай жетілдіріп отыру 
қажеттігін, сонымен бірге химиялық демонстрациялық экспериментті 
қолданудың 
болашағы мен артықшылығына
байланысты зерттеудің болмауы біздің осы таңдап 
алған тақырыпты арнайы зерттеуімізге мүмкіндік
туғызады. Мұның нәтижесінде, осы 
заманғы химиялық экспериментті жетілдіру мен оқушылардың
химиялық 
білімдерінің берік қалыптастырылуы арасындағы қарама 
– 
қайшылық проблема 
біршама шешілетін болады деп ойлаймыз.
Дидактиканы зерттеушілердің ірі өкілінің
бірі, академик М.Н.Скаткиннің 
айтқанындай, көп уақыт бойы, жеке пәнді оқыту әдістемесі өз алдына ғылым
емес, ол 
тек ғана оған сәйкес ғылымның қолданбалы бөлігі деген пікірде бір қатар ғылымдар 
арасында орын алған. Сол себепті де олар кез 
– 
келген пәнді жақсы оқыту
үшін, оған 
сәйкес ғылымды жақсы білу жеткілікті деген түсінікте болады[7,8]. Мұндай кері
көзқарас, пәнді оқыту әдістемесі мен оған қатысты ғылымның зерттейтін мәселелері 
мен міндеттерін шатыстырудан шыққан. Байқап қарасақ, бұл екеуінің зерттеу 


75
нысандары мен мақсаттары бір 
– 
біріне сәйкес келмейді (мысалы, химия ғылымы 
және
оны мектепте оқыту әдістемесі).
Көрнекілік
ретінде демонстрациялық экспериментті химия сабағында қолдану,
оқушылардың химиялық 
білімдерін тұрақтандырады, оны ғылыми
тұрғыда
қалыптастырады. Тегінде дидактика
-
үйрету, оқыту деген ұғымды
білдіретін 
болғандықтан төмендегідей ұстанымдарды алап өтуге болады:
-
Көрнекілік ретінде демонстрациялық экспериментті тиімді түрде қолдану 
оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырады.
-
Сабақ барысында түрлі сызба 

кестелер, диаграммалар, суреттерді қолдану 
арқылы оқушылар негізінің теориялық жағын тереңдетіп химиялық түсінігін 
тұрақтандырады.
-
Бағдарлама
бойынша өтілетін көрнекілік ретінде демонстрациялық 
эксперименттің көмегімен
логикалық ойы кеңейеді, білімге деген құштарлығы арта 
түседі.
-
Көрнекілік ретінде демонстрациялық экспериментті
қолдана оқыту 
барысында пән бойынша зертханалық жұмыстарды көрнекі көрсетіп, білімді 
қорытындылау және бір жүйеге келтіру кезінде оқушылар салыстыру, өз бетінше 
талдау жасауға
үйреніп, химиялық білімдерін тереңдетеді.
-
Химиялық оқу эксперименттері, соның ішінде демонстрациялық 
эксперимент көрнекілік (схема, кесте,
сұрақ, тесттер, перфокарталар жүйелер, түрлі 
ойындар, крассвордтар, нұсқалық) қосымша материалдарды пайдалану кезінде 
өткенге назар аудара отырып, логикалық ойлау қабілетін дамытады.
-
Көрнекілік әдіс ретінде демонстрациялық экспериментті қолдану арқылы 
оқыту материалдарына сүйене отырып, оқушы зейін, байқағыштық сияқты 
психологиялық нанымдарды, қалыптастырады, көп білуге талпынады.
-
Түйіндеп айтқанда химия сабағында көрнекілік ретінде демонстрациялық 
экспериментті колдану барысында білімалушыларда үлгерімді арттыруға 
көмектесетіні дәлелденді.
Сондықтан да орта мектеп химия
пәнінен көрнекілік
ретінде демонстрациялық 
экспериментті колдану ерекше орын алатыны белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет