Турмаханова надира



Pdf көрінісі
бет41/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

ҚУАНДЫҚОВА
 
АЙНИСА ИЗБАСАРОВНА
 
М.Х.Д
УЛАТИ АТЫНДАҒЫ 
Т
АРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
6В01507
-
«Химия және биология мұғалімдерін даярлау» БББ 4 курс студенті
 
ХИМИЯДАН КӨП НҰСҚАЛЫ ЖАУАПТАРЫ БАР ТЕСТ 
ТАПСЫРМАЛАРЫН
 
ӘЗІРЛЕУДІҢ
 
ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Химия пәннен оқушы білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі 
– 
тестік бақылау 
болып табылады. Тест оқушының білім дәрежесі қандай екендігін анықтайтын және 
ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолы 
болып табылады.
Тест сөзі ағылшын тілінен аударғанда «сынақтан өткізу», «тексеру», «зерттеу» 
деген мағынаны
білдіреді. Ең алғаш рет оқушылардың білімін тексеру үшін тестіні 
ағылшын педагогы Дж. Фишер 1864 жылы қолданды. Тест 
– 
адамның ақыл

ой 
дамуын, қабілеті мен ерік қасиеті т.б. психофизиологиялық сипаттарын сынауға 
арналып, қалыпқа түсіріліп жасалынған (дайындалған) тапсырмалар жиынтығы.
Белгілі ғалым И.Ропопорттың
берген анықтамасына сүйенсек, “тест 
– 
белгілі бір 
ережеге сәйкес жасалынған, алдын 
– 
ала эксперименттік және оның дамытудың 
арнайы процедурасынан өткен өзінің
тиімділігі жөніндегі жеткілікті мінездемеге ие 
болған тексерушілерге арналған сұрақтар мен тапсырмалар жиынтығы”
Ал педагог ғалым В.П.Беспалько білім стандарты туралы ой 
тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін 
зерттей келе тестке мынадай анықтама берген. “Белгілі дәрежедегі іс әрекетті 
орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын қамтитын білімді игеру сапасының 
нақты бағасын анықтау құралы тест болып табылады”.
Тест әдістерінің мақсаты оқытушыны ауыстыру емес, қайта оған көмектесу, оны 
үйілген жұмыстан құтқару,
оқытудың сапасын көтеруге мүмкіндік беру. Екіншіден, 
тестілеу теориясы мен практикасы тестер мен сыналушыларға арнаулы ережелер 
бойынша қарым 
– 
қатынасты қалыптастырып, олардың мәртебесінің кемімеуі 
мәселесін сол жеке
адам пайдасына шешуге мүмкіндік береді де, төмендегідей 
сенімге ие болады:


77 

Тест тапсырмалары бағдарламаға
сай екеніне көз жеткізеді.

Тест тапсырмасы тек қандай да бір тарауды емес, барлық бағдарлама курсын 
қамтиды.
Тестіні қолдану мына талаптарды қанағаттандыруға тиісті:
1.Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа, әрі анық болуы 
қажет;
2. Бір сұрақтың 3
-
5 түрлі жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі ғана дұрыс 
болады, басқалары жауабына жақын бірақ дұрыс болмау шарт. Кейде бірде
-
бір жауап 
болмауы шарт.
3. Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы тиіс;
4. Нұсқалары сұралушыларға бірдей дәрежеде
түсіндіріледі;
5. Бірде
-
бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық 
берілмейді;
6. Тестен сынаудың нәтижелерін бағалау алдын
-
ала жасалған жүйе арқылы 
барлығына бірдей қолданылады;
7. Тестке сынау әр түрлі топтарда мүмкіндігінше бірдей уақытта, яғни бір топта 
сынау күннің бір мезгілінде жүргізіледі;
8. Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымдаманың мағынасы 
сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болуы керек;
9. Әрбір сұрақ жауабына берілетін ұпай бірдей (көбіне 1 ұпай) болуы керек;
10. Тест қолданудың жоспарланған жүйесі болуы керек. 
Тестпен сынаудың программасы оның мақсатына байланысты. Егер ол кішігірім 
тақырып бойынша білімдерді,
біліктерді, дағдыларды тексеру болса, онда программа 
осы тақырып бойынша тексеретін тестерден тұрады,
ал тақырыптың мазмұнын қамту 
деңгейі 80% 

тен кем болмауы керек. Тиісті конструкцияларға келесі 
– 
жоспар құру.
Әрбір
пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, информатиканы оқыту процесінде 
қолданылатын тестік тапсырмалардың да өзіндік ерекшеліктері бар. Берілген 
сұрақтарды, тапсырмаларды өте анық түсінікті ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы 
болуы қажет. Осыған сәйкес тестердің жауаптары да
қысқаша, нақты, анық және дәл 
болуы керек.
Білім 
– 
білікпен дағдыны тексеруге арналған тестердің бірнеше түрлері бар. 
Тесттің негізгі түрлері мыналар:
«Интеллект тесті». Тестің негізі болып тапсырманың формасы анықталады. 
Сыналушылар кейбір заңдылықтарды анықтаулары керек. Бұл тест сыналушының 
интеллекті және қабілеті туралы толық мәлімет бере алады. 
«Жетістіктер тесті». Тестің негізі болып тапсырманың формасы емес мазмұны 
анықталады.
«Толықтыру тесті». Сыналушы бос орынға қалдырылып кеткен сөзді немесе
сөз 
тіркесін қоюы керек. 
«Таңдау тесті». Жиі қолданылатын бұл тест бойынша берілген сұрақтың бірнеше 
жауабы көрсетіледі.
Соның ішінен тек дұрыс жауап қана таңдап алынуы керек. 
«Сәйкестендіру тесті». Екі бағанада орналасқан фактілерді, мысалдарды бір
-
бірінің мағынасына, мазмұнына сәйкестендіріп топтастыру керек. 
Реттеу тесті.
Шығармашылық тесті.
Бақылау тесті т.б.


78
Тестік тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесінде талдау жасай келе мынадай 
қорытындыға келдім: тестік тапсырмалар оқушылардың қай материалды игеріп, қай 
материалды толық игермей қалғанын, қандай қосымша түсіндірмелер қажет екенін, 
жаңа материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екеніне дейін анықтауға мүмкіндік 
береді. Сондықтан да көп жағдайда оқушыларға тестік тапсырмалар ұсынған 
қолайлы. 
Тестік тапсырмалар оқушылардың зейінін, ынтасын, зеректігін, тапқырлығын, 
жігерін дамытып, жұмысқа деген, информатика сабағы жағдайында компьютерге, 
есеп шығаруға деген қызығушылығын арттырады.
Ғылыми
негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмалар оқушылардың
өмірге қажетті алуан түрлі есептерді шешуіне, уақытты үнемдей
білуіне, ойын 
тиянақтауға көп көмегін тигізеді. Сондықтан да оқыту процесінде оқушыларға тестік 
тапсырмаларды жиі пайдаланамын. 
Тест 
– 
ағылшын сөзі (test) аударғанда «байқау, бақылау, зерттеу»
деген сөз. 
Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең 
алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы
Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич 
госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде 
тексеруде американ психолог
-
педагогы С.Пресси мен оның қызметкерлері шығарған 
деп
есептейді.
С.Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың
сағаттан астам уақыт 
қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін 
уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары 
бар бағдарламамен жұмыс
істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға 
болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, 
Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен 
тарай бастады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы 
кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану 
білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Танымдық саладағы оқу мақсаттарының жіктелімі (Блум таксономиясы) 
бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу үдерісінде кеңінен қолданылады. 
Бастапқы және түзетілген Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі 
бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Әрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде 
меңгерген
дағдыларға негізделеді.
Оқу мақсаттарын дәл тұжырымдап, үнемі есте ұстау өте маңызды; оқу 
мақсаттарының негізінде тиімді және мәнді практикалық тапсырма әзірленеді. 
Тапсырма жабық түрдегі немесе ашық түрдегі тапсырмалар болып бөлінеді. 
Тапсырманың әр түрі
нақты оқу мақсатына жету үшін қажетті және өзекті болып 
саналады. Жобамызда бағалауға арналаған тапсырмаларды әзірлеу және жасауда 
бірнеше әдіс тәсілдер қолдандым. Оның бірінші әдіс тәсілдері жабық түрдегі 
тапсырмалар.
Жабық тапсырмалар мұндай тапсырманы құрастыру
оңай және олар 
оқушылардың түсінуіне де жеңіл. Тапсырманың дидактикалық мазмұныны сақталған 
жағдайда жабық тапсырмалардың құрылымы әр түрлі болуы мүмкін. Бұл 
дидактикалық материал негізінде сандық және сапалық сипаттамалары әртүрлі 
бірнеше тапсырма дайындауға мүмкіндік береді.


79
Шындық/жалған екенін анықтау тапсырмасы
«Шындық/Жалған» тапсырмасы 
– 
бұл тұжырым түрінде берілетін жабық 
тапсырма, оқушылар берілген тұжырымның шындық немесе жалған екенін анықтауы 
тиіс.
Басқаша айтқанда, әр сұрақтың тек екі мүмкін жауабы болады, оқушы сол 
екеуінің біреуін таңдайды.
Мұндай тапсырмалар білу және түсіну дағдысын тексеруге қолайлы. Оқушылар 
тапсырманы тез түсініп алады, және тез жауап береді; осындай тапсырманың 
көмегімен қысқа уақыт ішінде мазмұнды қамтуға болады.
Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы
Сәйкестендіруге
қатысты сұрақтар оқиға, мерзім, атаулар мен оқиға болған 
жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша 
тиімді тәсілі деп ойлаймын.
Сәйкестендіру тапсырмалары көптеп жасалған тәжірибелерді, олардың 
нәтижелерін, арнайы терминдер мен анықтамаларды есте сақтауды қажет ететін 
химияда қолдануға ыңғайлы тәсіл.
Сәйкестендіру түрлерінің мысалдары:
Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру; 2)Химиялық үдерістер мен 
олардың реттілігін сәйкестендіру; 3)Химиялық құбылыстар мен олардың манызы
4)Себебі мен салдарын сәйкестендіру; 5)Мәліметтер мен химиялық үдерістер;
Есепті оның шешімімен (жауабымен) сәйкестендіру
Көп таңдауы бар тапсырмалар
Көп таңдауы бар тапсырма 
– 
оқушының жауабы ұсынылған тізімнің көлемінде 
шектелген, дәйекті жауабы берілген сұрақ түріндегі тапсырма. Мұндай тапсырма екі 
компоненттен тұрады: тапсырманың мәтіні және жауап нұсқалары, мұндағы дұрыс 
жауап 
– 
тапсырманың кілті, дұрыс емес жуаптары 
– 
дистракторлар болып табылады.
Тапсырманың мәтіні барынша қысқа бола тұрып, сұрақтың мазмұнын анық 
көрсетуі тиіс. Тапсырманың сауатты құрастырылуы өте маңызды. Тапсырма 
мәтінінің күрделі түрде берілуі тапсырманы түсінуді қиындатады. Тапсырма 
орфографиялық және грамматикалық
ережелерді сақтай отырып құрастырылуы тиіс.
Ашық тапсырмалар жоғары деңгейдегі танымдық дағдыларды тексеруге, дәлел 
келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған.
Ашық тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір 
немесе бірнеше сөздерден (қысқа жауап) толық дәлелдерге пайымдауларға (толық 
жауап) дейін өзгеруі мүмкін болатын тапсырма түрлері.
Қысқа
жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір 
сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа 
нақты жауап беруі қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда бірнеше кезеңдерден тұратын түрлі 
сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып 
орындауы қажет.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар нұсқаларының бірі эссе болып 
табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы ғана тексеріліп қоймайды, 
сондай
-
ақ, берілген сұрақты немесе мәселені әр түрлі көзқараста қарастыру, берілген 
тақырыптың түрлі аспектілерін ашып көрсету, өз көзқарасын аргумент түрінде 
келтіру, мәселені шешудің жолдарын ұсыну және т.б. меңгеруі тексеріледі.
Жоғарыда келдірілген пікірлерге және қазіргі таңда химиядан білім беру 
стандартының талаптарына сүйене химия пәні сабақтарында пән бойынша 


80
тақырыптарға сәйкес тест түрлерін қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығын арттыруға
мол мүмкіндіктің бар екендігін
көп вариантты тесттерді
пайдалана отырып жүргізу әдістемесінің тиімділігін анықтадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет