Турмаханова надира



Pdf көрінісі
бет43/54
Дата09.06.2023
өлшемі9,16 Mb.
#178536
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54
Байланысты:
1 ПЕДАГОГИКА, МЕТОДИКА, ПСИХОЛОГИЯ

kriterion
)
– 
бағалауға, пікір айтуға 
не топтастыруға негіз болатын белгі, қайсыбір құбылысты пайымдау, бағамдау 
өлшемі [3].
Кәсіби практика студентті
жаңа білімдермен қаруландыра отырып, олардың 
білімділігін, іскерліктері мен дағдыларын жетідіреді, педагогикалық ой
-
өрістерін
дамытып, кәсіби шеберлігін шыңдайды. Білім алушылар оқылатын ғылымдардың, 
әсіресе педагогиканың, психологияның, пәндерді оқыту әдістемесінің теориялық 
қағидаларын және практикалық ұсыныстарын әлдеқайда саналы және сапалы түрде 
түсіне бастайды. Педагогикалық теорияға қызығушылығы артады, оқыту мен 
тәрбиелеудің заңдылықтарын ой елегінен өткізу жалғаса түседі. Практика 
университеттегі теориялық оқыту мен студенттердің оқу
-
тәрбие мекемелеріндегі
өзіндік жұмысы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады, студенттерді 
алғашқы, әрі өте құнды педагогикалық іс
-
әрекет тәжірибесімен қаруландырады. Ол 
дербестіліктің және жауапкершіліктің дамуымен, педагогикалық жұмыс көлемінің 
кеңеюімен және күрделелігінің артуымен сипатталады[4].
Алайда, оқу үрдісінде
оқушының жеке дара ерекшелігіне бағдарланған көзқарас 
қалыптаса алмағандығынан, білім беру жүйесі оқушының өз өмір жолы мен
болашағын таңдау мүддесін
толық айқындай алмауда. Әсіресе орта мектепте химия 
пәнін оқытудың ғылыми және ғылыми әдістемелік жүйесін жасаудың өзектілігіне 
қарамастан, әлемдік білім кеңістігіне еркін ену үшін әдістемелік, мазмұндық 


82
құрылымдар
қажет. Осы орайда тұлғаның танымдық түйсігін жетілдіруде, жаңартуда 
ғылымға және тәжірибеге негізделген модульдік оқытудың маңызы зор.
Әзірге, жалпы тәрбие мәселесі, оның ішінде педагогикалық практика білім беру 
процесімен, оның мазмұнымен, жаңа бағдарламалармен, оқулықтармен, оқыту 
технологияларымен шектеліп отыр. Тәрбие мәселесінің педагогикалық
жоғары оқу 
орындарында көлеңкеде қалып қойғаны жөнінде айта кеткен жөн. Қазіргі 
қалыптасқан жағдай екі әртүрлі, бірақ өзара байланысқан оқыту мен тәрбиелеу 
процесін бір «білім беру» терминіне біріктірілген. Соның нәтижесінде жалпы тәрбие 
процесі, оның ішінде педагогикалық практика назардан тыс қалып қойды. Егер білім 
берудің құраушылары үнемі жаңаланып отыратын білім беру жүйесімен байланысты 
мазмұнды танымдық контекстке бағытталған болса, онда тәрбие құраушылары жеке 
тұлғаның құндылық құрамына, оның адамгершілік, рухани мәдениетіне бағытталған 
кәсіптік мектеп тәрбие жұмысының ұйымдастырудың қазіргі жағдайын 
қанағаттанарлық
деп есептеуге болмайды, ол педагогикалық кадрларды кәсіптік 
оқыту педагогының бұл мәселені шешудегі білімдері мен іскерліктері өкінішке
орай 
шектелген
[5].
Практиканың бүгінгі таңдағы қалыптасқан жүйесі білім алушылардың кәсіби 
білімдері, іскерліктер мен дағдыларды игерудегі шығармашылық белсенділігі мен 
дербестігінің дамуын толықтай
қамтамасыз ете алмайды. Білім алушылардың 
теориялық білімдерінің практика барысында орындайтын практикалық жұмыстармен 
байланысын үнемі түсіне бермейді.
Білім алушыларды педагогикалық білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеуде, 
әсіресе олар өзінің кәсіби машықтығын орындауға мейлінше жақындай түсетін, ІІІ 
және
ІV курстардағы маңызды кезең
болып табылатын педагогикалық практиканы 
жетілдіруге бағытталған.
Сонымен, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын педагогикалық практика арқылы 
кәсіби мектептегі тәрбие жұмысына даярлау қажеттігі мен оны даярлау үшін қажетті 
теориялық 
– 
әдіснамалық негіздеудің мазмұны мен мәнінің жеткіліксіздігі арасында 
қарама
-
қайшылық туындады. Сондай
-
ақ қазіргі уақытқа дейін болашақ кәсіптік 
оқыту педагогтарының тәрбие әрекетін даярлаудың тұтас жүйесін қалай құру керек 
екендігі түсініксіз болып
отыр.
Педагогикалық практика
жоғары кәсіби даярлықты жетілдірудің
негізгі 
бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның басты мақсаты 
– 
білім 
алушыларды
химик
-
мұғалім, 
мен сынып жетекшісі
қызметтерін орындауға, оқу
-
тәрбие жұмысын өткізуге, соның ішінде оқушыларға экологиялық,
экономикалық, 
адамгершілік
-
этикалық, эстетикалық әрі тәндік тәрбие берудің біртұтас жүйесін 
жүзеге асыруға дайындау. 
Кәсіби
оқытудың бұл формасында білім алушылардың
оқыту мен тәрбиелеудің 
заңдылықтары мен принциптерін мейлінше ұғынуға, педагог маманына тән білік
-
дағыларын жетік меңгеруге мүмкіндік алуға тиіс, сонымен қатар практика барысында 
практикант
-
студент мұғалім жұмысының ғылыми
-
теориялық негіздеріне бойлай 
отырып, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне белсенді түрде қатыстырылуы
шарт
[6].
Педагогикалық
практикадан өту нәтижесінде студенттердің бойына болашақ 
мұғалімнің тұлғалық сапалары даруы қажет, оларда кәсіпқой педагогтік қызметке 
деген ынта оянып, педагогтік санасезім, орта мектеп мұғалімі қызметінің маңызы 
жөнінде түсінік пен осы қызметке деген шығармашылық
көзқарас қалыптасады, 
білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге психологиялық тұрғыда дайындалып, 
өздігінен
білім алуды қажетсінетін болады .


83
3 курста ұйымдастырылатын үздіксіз педагогикалық практика білім алушылар
жасайтын күрделі әрі құрамы жағынан көпаспектілі оқу жұмысы болып табылады. 
Себебі, бір жағынан, олар практика жетекшілік ететін ЖОО оқытушыларынан оқып, 
тапсырма алады, екінші жағынан, оқушылардың танымдық қызметін сабақ үстінде 
әрі сабақтан тыс жұмыс түрлерінде ұйымдастырып, жас шамасы әртүрлі 
оқушылармен араласуға үйренеді. Оның үстіне, мектептің ұстаздар ұжымымен 
бірлесіп қызмет етеді, ол дегеніміз, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің іс
-
тәжірибесін зерделейді, оқу
-
тәрбие процесін ұйымдастыру жөнінде олармен кеңеседі, 
өз қызметін олардың жоспарларымен үйлестіреді, т.с.с.
Педагогикалық практиканың тағы бір ерекшелігі, онда практикант
-
студенттер 
оқытушы мен тәрбиеші
-
педагог қызметінің шынайы проблемаларын көреді, оның 
мазмұны мен көлемінің қандай болатындығымен
іс жүзінде танысады.
Елімізде білім берудің жаңартылған мазмұнының енуіне байланысты арнаулы 
орта білім мазмұнына да елелулі өзгерістер еніп, оны жүзеге асырудың нақты 
жолдары белгіленді. Қазіргі
таңда әсіресе, білімнің оқу жоспары мен құрылымы білім 
беру
жүйесіне еніп отырғандықтан, бұл ұсынылатын мазмұн өз мәнінде білім беру 
жүйесін толықтай білімімен қатар әдістемелік шеберлігі жетілген мұғалім дайындау 
талабы бірінші кезектегі мәселеге айналды. Теориялық білімі тереңдеп, әдістемелік 
шеберлігі шыңдалып, педагогикалық ойы дамып, кәсіби бағыты тұрақталған тұлғаны 
қалыптастырудағы педагогикалық ойы дамып, кәсіби бағыты тұрақталған тұлғаны 
қалыптастырудағы педагогикалық практиканың мәнін ашып, болашақ химия 
мұғалімдерін дайындаудағы оның алатын орынын айқындап, зерттеу жүргізу 
керектігі белгілі болып отыр[7,8].
Осыған дейінгі педагогикалық практика мәселесіне байланысты жүргізілген 
зерттеулер мен елеулі еңбектерге зер салып, олардың мазмұны мен мақсатын 
саралау нәтижесінде және нақты деректер негізінде мына төмендегідей қорытындыға 
келеміз.
Педагогикалық практика мәселесіне арналған зерттеулер негізінен ресей 
авторларының еңбектерінде кездеседі. Сонымен қатар, зерттеулердің басым 
көпшілігі педагогикалық практиканы ұйымдастыру мәселесіне бағытталғандығы 
анықталды.
Химик мамандарын дайындаудың өзіндік ерекшелігі бар екенін ескерсек, ең 
алдымен жоғары білім беру стандартының болашақ мұғалімдерге кәсіби бағыт 
берудегі алатын орны мен химия сынып оқушыларының психологиялық 
ерекшеліктеріне назар аударылуға тиіс.
Педагогикалық практиканың кәсіби бағыт берудегі маңызын ашу үшін ең 
алдымен мұғалім тұлғасының сапасына қойылатын талаптар айқындалуы керек.
Мұғалім тұлғасы өзін қоршаған дүние мен қоғам талабынан алшақ бола алмайды. 
Қоғамда болатын жаңалықтар, маманның алдына қойған мақсаты, қызығушылығы, 
өмір талабы мұғалім тұлғасының қалыптасуының негізін құрайды.
Педагогикалық практиканың кәсіби бағыттылығын күшейту білім алушыларды 
университет қабырғасында алдынала мамандыққа дайындау жұмысын жүйелі 
жүргізген жағдайда
ғана өз мәнінде жүзеге асады.
Студенттер практика арқылы химия мұғалімдерінің бағыттағы тұлға 
қалыптастырудың өз ерекшелігі бар. Қоғамда болатын жаңалықтар, маманның 
алдына қойған мақсаты, қызығушылығы, өмір талабы мұғалім тұлғасының 
қалыптасуының негізін
құрайды.


84
Педагогикалық практикаға арнайы алдын ала дайындықты ұйымдастыру. Ол 
дайындықтың жүйелі жоспары жасалып, жұмыс түрлері белгіленіп, әдістемелік 
пәндердің практикалық, семинарлық сабақтары
барысында талқыланып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет