Эукариоттық жасушалар –
ядросы бар ағзалар. Ядрода гистонды және гистонды
емес белоктармен байланысқан сызықтық ДНҚ молекуласы бар хромосомасы бар.
Цитоплазмада арнайы міндетті құрылым жиынтықтары органеллалармен байланысқан.
Олардың әрқайсысы жекелеген арнайы қызметтері бар. Органелла санына мембрандық
құрылымдарды жатқызады, атап айтқанда митохондриялар, эндоплазмалық ретикулум,
Гольджи аппараты, лизосомдар, пероксисомдар және мембраналық емес құрылымдар,
оларға рибосомдар, центриольдар, микротүтікшелер мен микрофиламенттер жатады.
Сонымен
бірге
органеллаларды
жалпы
мағынадағы
және
арнайы
мағынадағы
органеллалар
деп бөлінеді. Жалпы мәндегі органеллалар барлық жасушаларда бар, ал аранайы мәндегі
арнайы жасушаларда белгілі бір қызметті атқарады. Мысалы, ішек эпителиінің
микробүрлері, микрофибрилдері және т.б.
Эукариоттық жасушалар әдетте прокариоттарға қарағанда ірі болып келеді. Олардың
айқын да анық морфологиялық ерекшеліктеріне қарамастан, прокариоттар мен эукариоттық
жасушалардың ортақ қасиеттері көп. Бұл тірі ағзаның жасушалық жүйесіне байланысты.
Бұл да, басқалары да плазмалық мембранамен жабылған, қызметтері ұқсас қасиеттеріне ие.
Ақуыз синтезі рибосомаларда жүреді және РНҚ синтезі, ДНҚ репликациясы,
биоэнергетикалық үрдістер өзара ұқсас келеді.
Адам және жануар ағзасының барлық жасушалары ұқсас құрылымда болады.
Сыртынан жасушаны сыртқы ортадан шектеп қорғап тұратын, плазмалық мембранамен
жабылған немесе плазмалеммамен жабылған. Ішінде ядро бар.
Цитоплазма қосынды
органоидтарымен
бірге
берілген.
Химиялық
құрамында
органикалық
және
бейорганикалық
заттары бар. Бірінші орында салмағы бойынша су тұр, бұл жасушаның тіршілігі үшін өте
маңызды. Жасушалардағы көптеген элементтер иондар түрінде болады. Ең
жиісі катиондар:
К
+
, Na
+
,Са2
+
,Мg2
+
, және аниондар H3PO4
-,Cl-,HCO3-
.К кездеседі. Жасушаның
органикалық заттарына аминқышқылдар, моно
-
және олигосахаридтер, май қышқылдары,
азоттық негіздер және биополимерлердің макромолекулалары, атап айтқанда ақуыздар,
липидтер, полисахаридтер, нуклеин қышқылдары
бар.
Достарыңызбен бөлісу: |