321
321
алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім
жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі
оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа
технологиялардың дамуыкезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында
ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік
өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында»-деп атап
көрсеткен болатын.
Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-
бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман
мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-
психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық
талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбиесіне еніп оқытудың жаңа технологиясын
шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты
саналады.Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету,
сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету,зияткер, дене бітімі және рухани
жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.Елбасы тапсырмасына сәйкес «Балапан»
бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін жалғасатын болады. Бұл міндет жергілікті
және орталық органдармен өзара тығыз әріптестікке тікелей байланысты болмақ.Бәсекеге
қабілетті дамыған мемлекет болу үшін Қазақстан жастарымен жас ұрпақтарынан бастап
жоғарғы сауатты елге айналуы керек. Білім беру саласындағы басымдықтардың бірі жастар
саясаты және оны мемлекеттік қолдау және реттеу болып табылады. Жастар саясатында
Елбасының тапсырмасы бойынша дамудың жаңа бағыты қабылданды. Басқарудың жаңа
моделі құрылды.Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық
бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім
беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Бұл білім беруді жаңарту педагогтардың
жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне және білім беру үдерісіндегі көптеген
мәселелерді шешуге қосқан үлесіне байланысты. Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі заман ағымына байланысты
оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол
себебті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-
жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың
саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы
шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік
береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса, жаңашылдыққа
жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісіне пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып
отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Ақын, қоғам қайраткері М.
Достарыңызбен бөлісу: