«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет132/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1.
«Бала мен балабақша» №9, 2011.
2.
«Қазақша сөйлейміз» «ИИЦ Азия-Арна» баспасы Алматы 2010ж. Күзекова З. 
3.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» №7, 2011.
Мектептегі мерекелер №6. 2007 
4.
Бала тәрбиесі №8. 2007, №7. 2008. №9. 2007. №12. 2007, №3. 2014, №10. 2013, №3. 
2013. 
5.
Мектептегі мерекелер №5. 2009 
ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛГІСІ 
 
Касымова Г.К. 
Қазақстан Республикасының ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 
 
Қазіргі таңда кез-келген маманның кем дегенде үштілді меңгеруін қоғам талап 
етіп отыр. Ғылым мен техниканың барлық саласында қарқынды дамып жатқан ақпараттық-
технологиялық үрдістер бәсекеге қабілетті маман даярлаудың жаңа үлгісін ұсынды.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, инновация термині ХІХ ғасырда жазылған ғылыми 
зерттеулерде кездеседі. ХХ ғасырда шетелдік экономист ғалымдардың (Й.Шумпетера) еңбегі 
арқылы кеңінен таныла бастаған.Алайда оның қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамына еніп, 
пәрменді қолданысқа ене бастаған кезі деп ХХІ ғасырды айтуға болады. Дәлірек айтсақ, 2010 
жылғы Елбасы Жолдауынан кейін «инновация» термині таза экономикалық категория 
болғанына қарамастан, қоғам өмірінің барлық салаларына қатысты шығармашылық ой, 
идеялар ұғымында қолданыла бастады. Және осыған байланысты технологиялық инновация 
және әлеуметтік инновация деп аталатын түрлерге жіктелді. Ғаламтордағы мәліметтерге 
сүйенсек, технологиялық инновация азық-түлік өнімдерінің, тұрмыстық техникалардың, 
басқа да құрал-жабдықтардың түрін көбейтіп, сапасын жетілдіруге немесе олардыңжаңа 
түрін ойлап табуға бағытталған технологиялық шешім.
Ал инновацияның әлеуметтік инновация деп аталатын түрі адам өмірін жақсартуға 
мүмкіндік беретін салаларды, атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау, қайрымдылық, 
басқару жүйесі, т.б. жетілдіру жолдары. Міне, сондықтан қазіргі кезеңде жоғары оқу 
орындарында инновация және инновациялық қызмет мәселесіне ерекше ден қойылуда. 
Біздің қоғамдаға нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік қабілетті арттыру тікелей 
осы инновациялық шешімдер мен қызметтерді қажет етеді. Қазақстан Республикасының 
Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауының баға жетпес 
құндылығы айқын бағыт-бағдар үлгісі ретінде ұсынуы. Демек, «Қазақстан – 2050» 
стратегиясы құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт өлшемі. 
«Қазақстан– 2050» бағдарламасының басты мақсаты еліміздің XXI ғасырдың ортасында 
әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі болып табылады. Жолдауда тіл саясатына елді 


314 
314 
біріктіруші басты фактор ретінде басымдық бере отырып, Елбасы: «Мен 2050 жылғы 
қазақстандықтар –үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың қоғамы екеніне толық 
сенімдімін.Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек» -деп айқын мақсат 
қойды. Осы үдеден шығу мақсатында білім беру жүйесіне де алуан түрлі заман талабына сай 
амал-тәсілдер енгізілуде. Бүгінде кеңінен қолданыс тапқан «инновация» сөзіне ғалымдар 
бірнеше анықтама берген: «Инновация –белгілі бір топқа жаңа болып табылатын идея» 
немесе «Инновация –арнайы өзгеріс». Ал елімізде «Инновация» ұғымына тұңғыш рет
зерттеуші Н. Нұрахметов анықтама берді. Зерттеушінің пікірінше: «Инновация дегеніміз 
білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және оларды таратуға 
қатысты қызметі». Инновация білімнің мазмұнында, әдістемесінде, технологиясында, оқу 
үдерісін ұйымдастыру барысында айқындалады.Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» 
енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар баршылық. Әрине, инновация көкейкесті 
мәселелердің тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңашатұрғыдан 
қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады [1]. 
Болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің 
инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі –маңызды 
мәселелердің бірі. Бүгінгі мақсат – әрбір оқушыларға түбегейлі білім мен мәдениеттің 
негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.Инновациялық 
үрдістің негізі –жаңалықты қалыптастыру,қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез 
келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, бір мұғалім үшін 
табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді.Инновация білім 
деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің 
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами 
келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі.Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып жүрген жаңа педагогикалық 
технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков,Д.Эльконин, 
В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту(С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау 
(Ш.Амонашвили); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту (В.Шаталов); саралап 
оқыту;шоғырландырып қарқынды оқу жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; 
жобалап оқуты технолдогиясы.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік 
тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру; 
баланың өз бетімен әрекеттенуін қалыптастыру; баланың танымдық және шығармашылық 
икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; оқу 
үрдісін оқушының сезінуі. Мемлекетіміздің әлемдегі дамыған елдермен тең болуы әрі басқа 
елдер арасында өркениетті ел ретінде танылуы үшін мектеп оқушысына саналы тәрбие мен 
сапалы білім берудің маңызы зор. Қазіргі кезең–технологияның әртүрінің қарқынды дамыған 
заманы. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, рухани адамгершілігі мол, 
парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ дайындау міндетті. Яғни, сабақта әр түрлі 
әдіс -тәсілдерді пайдалану, оқушының жеке басын құрметтей отырып, білім беру –қазіргі 
оқытудың негізгі талабы.Инновация–педагогикалық үрдісте оқыту мен тәрбиенің жаңа 
тұжырымдамаларының, оқу жоспарларының, бағдарламаларының, түрлерінің, 
әдістерінің, құралдардың мақсатына жету [2]. Инновация-жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс. 
Инновациялық құрал және үрдіс әлде бір жаңалықты енгізу деген сөз.
Педагогикалық үрдісте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, 
мақсатымен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық 
енгізуді білдіреді. Қазақ тілін оқытуда сөйлесім іскерлігін кейбір интербелсенді әдістерді 
қолдану арқылы үйретеді. Инновациялық үрдіссіз мектептің дамуы мүмкін емес. 
Инновациялық іс-әрекет-қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп 
жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің 
оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді. 
Инновациялық үрдістің кезеңдері: 


315 
315 
- инновацияның себептері; 
- жаңалықты жобалау; 
- жаңалықты жүзеге асыру. 
Инновациялық үрдісті күшейтетін бес фактор: 
1. Басшысының шығармашылығы, оқытудың жаңа 
технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық үрдіске 
қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы. 
2. Инновациялық үрдістің жоспары, бағдарламасы. 
3. Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес 
беруі, керек жағдайда инновациялық үрдіске ететін жғдайларды 
көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу. 
4. Әлеуметтік-экономикалық жағдай. 
5. Инновациялық үрдіске қатысушылар: бастама көтерушілер, 
қарсы тұрушылар. Инновациялық оқыту арқылы біз жаңа технологияларды 
қолданамыз. Сабақты компьютерге жазып, оқушылар үйде көріп, тыңдуына мүмкіндік бар. 
Инновациялық оқыту тәсілдерін қолдану арқылы өткен сабақтың тиімділігі: 
1. Материалды түсіндіруге мұғалім көп қиналмайды. 
2. Оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді. 
3. Сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды. 
4. Интербелсенді тақта арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіругеболады. 
5.Оқиғаға құрылған сурет бойынша оқушыға заттың атын, түсін ататқыза отырып, 
қимылына, көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме айтқызуға болады 
[3].
Жаңашыл мұғалімдердің жаңа бағытта, инновациялық әдіспен жұмыс істеу жолдары: 
-аналар арасындағы ынтымақ;
-ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
-дамытатын жұмыстар беру; 
-өзі және ұжымды талдауға үйрету; 
Инновациялық оқыту-заманауи оқытудың белгісі, білім берудегі оқыту мен тәрбиенің 
негізгі мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілетін, ақыл-ойын дамыту.
Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, 
бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, 
жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне 
дейінгіұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс -әрекетінде сол 
жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып,барлық салада таңғажайып 
табыстарға қол жеткізеді.Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты 
талаптарының бірі – рухани дүниесі бай жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары,құралдарын анықтау 
ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер 
табуға ұмтылу. Қай пәнде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін 
дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, ойын ынтасын дамыта түседі. 
Жалпы білім беру мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір 
қажетті біліктілер мен дағдыларының иесі, жас ерекшелігіне байланысты өз жасын 
қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін оқушы деп қарастыратын, 
осыған орай көп қырлы құрылымды білім мен тәрбие мазмұнын анықтап, құруға 
көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болады. 
Сонымен қатар қай мемлекетті айтар болсақ, негізгі тірегі –білімді, білікті, іскер, 
белсенді адамдар екені айқын.Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, 
дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазір білім беру саласында 
жаңа жүйе жасалып, әлемдік білім кеңістігіне ену бағытында елеулі істер атқаруда. 
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.«Білекке сенер заманда ешкімге 
есе бермедік, Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмейік» – деп Абылай хан айтқандай әр 


316 
316 
мұғалім жаңа технологияның идеяларын іздене оқып, педагогика саласында өз жолын, өз тың 
еңбегін, өз сүрлеуін салуға үлес қосуға тиісті [4]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет