323
323
ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада
тәрбиешілердің шұғылалы
шуағына бөлінеді.Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып,
олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор.
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен
берілетін тәлім – тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып,жан – жақты педагогикалық
өрісін табады.Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру
құралдарын қолданудың да маңызы зор.
Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер,
интерактивті тақта,интернет, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы
басқалары жатады.Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер,қозғалмалы
объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып,
қолданыс табуда.Осындай құралдардың бірі –
мультимедиялық оқулықтарды
балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс әрекеттерін бастар
алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді.
Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды
пайдаланар еді.Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие
жүйесінде ересектер мен балалардың қарым – қатынасы болып табылады.Қарым – қатынас
жасауда үлкендер жағынан балаға жағдай туғызу қажет.
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді:
Деңсаулық сақтау технологиясы
Жобалы – іс шығармашылығы
Ізденіс – шығармашылық технологиясы
Қатынасатық – ақпараттық
технология
Ойын технологиясы
ТРИЗ технологиясы және т.б.
Оқытудың жаңа технологиясы – оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануды,
оқытудың әр түрлі әдістер мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды,
оқудың сапасын білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.
Өмір талабына сай жаңа технологияларды оқу процесі мен тәрбие аясында шебер
қолдана білу тәрбиешінің міндеті болса, ертегілерді оқу іс – әрекетінде өз ретімен қолдана
білсе тәрбиеленушілерді жан – жақты дамытуда ертегінің аса зор мәні бар екенін
айқындайды.Оқу іс – әрекеті барысында ертегі кейіпкерлерінің жан- жақты мінез –
құлықтарын айыра білу бойынша жақсы деген немене, жаман деген немене екендігіне көзін
жеткізеді.
Барлық оқу іс – әрекетінде ертегілерді қолдану арқылы негізгі педагогикалық дәстүр
пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болады.Ертегінің өзіндік құрлысы, көркемдік
ерекшелігі бар.
Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі.Әсіресе адам өміріне
байланысты іс – әрекет өткір сықақ – мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге
мәз етеді.Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу
айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Балабақшада ертегі айту, ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті мен және одан тыс
уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекешелігіне орай жоспарланады.
Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.Сәбилер тобында
оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі
әңгімелеуге төселдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйретеді.Біз бір
ғана ертегіні түсіндіру үшін бірнеше әдіс – тәсілдерді қолдана отырып баланы жан – жақты
дамыта аламыз.Ертегіні түсінген баланың өзі қиялынан ертегі құрастыру қабілеті де
ашылады.Баланың ұшқыр ойының жүйріктігіне
толығымен көзімізді жеткізіп, одан әрі
дамуына жол береміз.
Қазіргі заман талабына сай үздіксіз білім беру арқасында жаңа талапқа сай ұрпақ
тәрбиелеу – ұстаз міндеті.Баланың ой санасын дамыту арқылы шеберлікке жан -
жақтылыққа, ойының жоғары дәрежеде жетілуіне, білім деңгейінің артуына оқыта отырып
324
324
тәрбиелейміз.Ертегі арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын
игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл – ой өсіп жетіледі, әрі адамгершілік
қасиеттер бойына сіңіреді.
Педагогикалық процестің негізгі бағыты әрбір
жеке мәдениетін тірбиелеу, әрбір
баланың жеке дара ерекшелігін ескере отырып, педагогикалық процестің алдына қойылған
міндеттерін іске асырудың ең тиімді әдіс, тәсілдерді, ұйымдастыруға қойылған міндеттерді
іске асыруда жеке тұлғаны жан – жақты етіп қалыптастыру бірлікте шешімін
табады.Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында
қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай жан – жақты дамуына тигізер үлесі
өте зор.
Жаңа технология әдістерін қолдану – бұл әр баланың жүрегіндегі сезім –
талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу.Логикалық ойлау қабілетін
дамыту, шығармашылығын жетілдіру.Баланың
тапқан жаңалығын сыртқа шығару,
талдау.Қай технологияны ұйымдастырлған оқу іс әрекетінде қолдансаң да, осы тұжырымды
басшылыққа алу керек.Сонда ғана баланың білім сапасын арттыруға қол жеткізесің.
Инновациялық технология – бұл өзіңіздің әдістемелік жүйе. Яғни, әр тәрбиеші оқыту
технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесінің нәтижесі.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші
алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады.
Бір сөзбен айтқанда әр тәрбиеші – ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан – жақты
шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, кез – келген ортаның ұйтқысы болу
керек.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің жаңа
саласына жету – тәрбиешінің мейірімділігімен,
біліммен, шеберлігімен тығыз
байланысты.Өз мамандығына жан – жүрегімен берілген тәрбиеші ғана ұстаздық этиканы да,
ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: