«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


шығармашылық сипаттағы тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет209/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016

шығармашылық сипаттағы тапсырмалар 
Әр оқушы ұстаздың бағыттауымен дұрыс орындалған тапсырмаларды «+» белгісімен өзі 
белгілеп отырады. 
«Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып сабағымда 
мүмкіндігіме қарай мультимедиялық проекторды пайдаланамын. Осы технологияның тиімді 
тұстары:оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, танымдық қабілеттілігі 
қалыптасады, оқушы шығармашылық жұмысқа бейімделеді, мұғалімнің уақыты үнемделеді. 
Яғни, сабақтарда слайдтар, флипчарт қолдану арқылы әр сабағымды қызықты өткізуге 
тырысамын. 
Лексикалық тақырыптар мектеп бағдарламасында күнделікті тілдесімге байланысты 
тақырыптардан құралған. Сондықтан да сол тақырып аясында сөздікпен дұрыс жұмыс жасау 
жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Сөздікпен жұмыс жасаудың бірнеше түрлері бар. Олар: 
1.Мұғалімнің үлгісі бойынша оқу; тізбектеп оқу; хормен оқу; аударма арқылы оқу; жаңа 
сөздермен сөз тіркесін құру; сөз тіркесінен сөйлем кұру; 
Мысалы: «Кітап» сөзі. 
1.Сөз тіркесінде: он кітап, қызықты кітап, қалың кітап. 
2.Осы сөздерге жұрнақ жалғау арқылы түсіндіру. 
Кітап 
кітапша
кітаптар кітапхана 
2.Ұйқасын тап. 3.Артықты тап. 
кітап 
дала сүт нан
 
қала мектеп кітап май
Сабақ барысында тиімді нәтижеге жету үшін мен біріншіден, білім беру мен тәрбиелеу 
бағыттарында инновациялық технлогияларды қолданамын, екіншіден оқушылардың өзіндік 
жұмыстарының орындалуын қадағалаймын, үшіншіден, баланың жас ерекшеліктерін 
ескеремін
.
 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
«Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы. №12,2008. 
2.
«Қазақ тілі». Оқыту әдістемесі. 2009. 
3.
Т.М.Артықова. «Қазақ тілі» 5 сынып, Алматы «Атамұра» 2010. 
4.
Өтебай Тұрманжанов, Мұзафар Әлімбаев, «Өлеңдер, ертегілер», «Жалын», Алматы, 
1989. 
5.ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекетті жалпыға міндетті 
мемлекеттік стандарты. ҚР МЖБС(2.3.4.01-2010)Астана 2010. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет