464
464
белсенді жұмыс түрлерін пайдалану көп пайдасын тигізеді. Оқушыда тыңдалым дағдысын
қалыптастыру үшін белсенді жұмыс түрлері өзекті, қызықты, әр түрлі болуға тиісті.
Тыңдалым дағдысын дамытуда келесі жаттығу жұмыстарын орындату тиімді болып
табылады:
І. Оқушының асте сақтау қабілетін жаттықтыруға арналған жаттығу жұмыстары.
1. Берілген дыбыс, сөз, сөз тіркесі немесе сөйлемдер арасынан естіген дыбыс, сөз, сөз тіркесі
немесе сөйлемдерді табу;
2. Екі үш қысқа сөйлемдерді тыңдау, оларды бір сөйлемге біріктіру;
3. Қысқамерзімді есте сақтау көлемінен асатын сөйлемдерді тыңдау және мұғаліммен бірге
қайталау.
4. Мәтінді тыңдау, оны қағаз бетіндегі мәтінмен салыстыру. Түсініксіз сөздерді белгілеп,
мәтінді қайтадан тыңдау. Осы тұста сөздік жұмысын өз бетімен іздеу арқылы орындатудың
пайдасы зор.
5. Тыңдаған мәтін бойынша дұрыс, бұрыс сөйлемдерді табу;
6. Тыңдаған материалды әрі қарай өзінше дамытып жазу.
ІІ. Болжай алу мүмкіндігіне арналған жаттығу жұмыстары.
1. Сурет, сұрақ, тірек сөздер, тақырып бойынша мазмұнын анықтау;
2. Сөз тіркесі, сөйлемді аяқтау дағдысын дамыту;
3. Мәтіннен адам аттарын, тақырыптқа қатысты жаңа сөздерді табу, өтілген грамматикалық
тақырып бойынша сол формада тұрған сөздерді белгілеу және оқушылардың білімін
түсінгенін болжауға қолдану [4].
Қазіргі уақытта техникалық құралдар оқушыларға мәтін үзіктерін, мәтіндерді,
мультфильм, балаларға арналған фильмдерден үзінділерді аудио және бейне таспаларға оңай
жазып алуға мүмкіндік береді. Жұмыс істеу тәжірибесінен байқағаным, есте сақтауды
дамытуға арналған жаттығу жұмыстары өте нәтижелі болып табылады, яғни оқушылардың
мәтінді тыңдап, кейін оны қағаз бетіндегі мәтінмен салыстыруға мүмкіндіктері мол. Қажетті
жағдайда қайталауға болады. Тыңдаушы жаңа сөздермен танысады, жиі кездесетін сөздерді,
сөз тіркестерін естетерінде сақтап қалады, әрі тілдік болжауларды дамытады.
Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалады: ынтымақтастыққа
үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді, бір-бірін тыңдауға, талдауға,
салыстыруға, қорытындылауға үйренеді. Сондықтан түсініп тыңдау дағдысы оқушылардың
тілді игеруде алға жылжудың барын сезінуге мүмкіндік береді және барлық сөйлеу үдерісін
белсенді ете түседі.
Достарыңызбен бөлісу: