Сакенова Р. Е., Батырбай Ә. Т., Жапарова М. С., Ботабаева Г. Б., Сакпанов Е. М



Pdf көрінісі
бет57/68
Дата19.06.2023
өлшемі2,44 Mb.
#178977
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68
Байланысты:
2914351229724 Сакенова, Батырбай К ПЕЧАТИ

Ӛздік индукция құбылысы
Айнымалы ток жүріп тұрған контурды тесіп ӛтетін магнит ағыны да 
айнымалы болады. Бұл жағдайда айнымалы ток жүріп тұрған контурдың ӛзінде 
индукция тогы пайда болады. Бұл құбылыс ӛздік индукция деп аталады. 
Магнит ағыны тізбектегі ток күшіне тура пропорционал:
мұндағы: 
пропорционалдық коэффицент- контурдың индуктивтілігі 
немесе ӛздік индукция коэффициенті деп аталады, ӛлшем бірлігі
Жалпы жағдайда ӛздік индукция заңы 
Контурдың индуктивтілігі контурдың пішініне және контур орналасқан 
ортаның магниттік қасиеттеріне тәуелді болады.
Соленоидтың (ұзын катушка) индуктивтілігі келесі формуламен 
анықталады 
Контурдың пішіні ӛзгермесе және контур ферромагнетик емес ортада 
орналасқан жағдайда контур индуктивтігі тұрақты болады және бұл жағдайда 
ӛздік индукция заңы: 


152 
ӛздік индукция электр қозғаушы күші тізбектегі ток күшінің ӛзгеру 
жылдамдығына тура пропорционал болады: 
Фуко тогы
Үлкен шомбал ӛткізгіштерді айнымалы магнит ӛрісінде орналастырғанда 
пайда болатын индукция тогын Фуко тогы деп атайды. Үлкен ӛткізгіштердің 
электрлік кедергісі аз болады, сондықтан бұл ӛткізгіштердегі Фуко токтары 
үлкен мәнге жетеді. Фуко токтарының жылулық әсері индукциялық пештерде 
қолданылады. Индукциялық пештердің кӛмегімен металдарды вакуумда 
балқытып, қоспасыз ӛте таза металдар алынады. Трасформаторларда Фуко 
токтарының әсерінен энергияның шығындалуын азайту үшін ӛзекшелерді 
изоляцияланған жұқа пластиналардан құрайды. Айнымалы ток жүретін 
ӛткізгіштердегі Фуко тогы Ленц ережесіне сәйкес ӛткізгіш ішінде токты 
азайтатындай, ал ӛткізгіш бетінде токты күшейтетіндей түрде бағытталады. 
Нәтижесінде ӛте жоғары жиілікті айнымалы ток ӛткізгіштің беткі қабаттарымен 
жүреді. Бұл құбылыс скин-эффект деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет