Жақсылық пен жамандық
таразысы
Қиямет күні алдымыздан шығатын ақиқаттардың тағы бірі – амал
таразысы. «Қиямет күні сол күнге тəн дəл тартатын əділет
таразыларын құрамыз да, адамдардың дүниедегі істерін түгелдей
тартамыз. Ол күні ешбір жанға титтей де əділетсіздік жасалмайды.
Істелген (жақсы-жаман) іс қышаның дəнегіндей кіп-кішкене болса-
дағы оны таразыға тартамыз. Біз жауапқа тартушылар ретінде
жеткіліктіміз (Яғни, Біздің жауапқа тартқанымыз əбден жеткілікті
болады)»
12
.
12 «Əнбия» сүресі, 47-аят
Бұл таразы алма, алмұрт немесе қандай да бір жан-жануарды, адамды
өлшейтін күнделікті көріп жүрген таразы емес. Себебі ол мүлде басқа
нəрсені өлшеуге арналған. Біз жақсы һəм күнəлі істеріміздің қандай
деңгейде екенін біле алмаймыз. Сондықтан оны көргенде
«Пайғамбарымыз ескерткен амал таразысы осы екен ғой» дейміз.
Оның бір жағы жақсылықтарды, енді бірі дүниеде жасаған жаман
істерді өлшеуге арналған. Осылай деп сипаттама бергенімізбен, оның
нақты қандай боларына біздің ақылымыз онша жете қоймайды. Себебі
бұл дүниеде дəл амал таразысы сияқты жақсылық пен жамандықтың
өлшемін беріп отыратын бірде-бір құрал жоқ. Амал дəптерімізге
тізілгеннің бəрі сол таразыда тартылмақ. Кімнің жақсылық жағы ауыр
тартса, қуана берсін! Ол күні бағы жанғандар мəңгілік бақытты
болатын күндеріне қауышады. Бұл дүниеде жасаған əрбір амалымыз
ешқашан зая болмайды. Кішкентай ізгілік болсын өз қайтарымын
алады.
«Ендеше, кімде-кім зəредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның
қарымын алады»
13
.
13 «Зілзала» сүресі, 7-аят
Əрине, мəселені бір жақты қарамаймыз. Жамандық пен күнəлі істер де
жеңілдігі мен ауырлығына сай таразыда орын алмақ.
«Ал кімде-кім зəредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын
тартады»
14
.
14 «Зілзала» сүресі, 8-аят
Яғни, əркім өз істегендерінің салмағын білетін осы күні кейбір
адамдардың қуанышы жүзінен көрінсе, енді бірі қайғырып, жүзі
түтігіп қап-қара болып кетеді. Раббымыз ізгі амалдарды əлбетте
жоғары бағалайды. Олай болса, амал дəптерімізде жазулы тұрған бір
жақсылықтың өзі он сауапқа артады. Ал күнəлі əрекеттеріміз тек бір
күнə есебінде жазылады. Расымен, бұл бəрімізге Алланың шексіз
мейірімінен хабар береді.
«Кімде-кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған сол
жақсылығы үшін он есе сауап жазылады. Ал кімде-кім бір
жамандықпен келсе, ол тек сол күнəсінің ғана жазасын тартады.
Олардың ешбіріне титтей де əділетсіздік жасалмайды»
15
.
15 «Əнғам» сүресі, 160-аят
Амал таразы осылай өлшенсе, керемет қой деп жүзің жадырап сала
берген шығар. Бірақ Алла Тағала неге жақсылықты он есе сауаппен, ал
күнəлі істі тек бір жаман іспен теңестірген? Амал таразысы сенің
қолыңда болса, жақсылықты да, күнəлі істі де бір-бірден жазып қояр
едің ғой, солай ма?
Тіпті жаман істер біле тұра жасалғандықтан, оны көбейтіп жазу да
ойыңа келген шығар. Əлгі тест сұрақтарын белгілеген кезде үш қате
жауап, бір дұрыс жауапты көрсетеді деп, мүмкін бір жақсылықтың өзін
күнəлі іске алмастыратын шығарсың. Алайда Раббымыздың
мейірімінде шек жоқ. Ол құлдарына жақсылық жасағанды, күнəларын
кешіргенді жақсы көреді. Алақан жайған пенденің қолын бос
қайтармайтын Алла, кешірім тілесек, сөзсіз тəубемізді қабыл етеді.
Пайғамбарымыздан жеткен бір хадисте былай делінеді:
«Алла Тағаланың жүз мейірімі бар. Сол жүз мейірімнің біреуін жер
бетіне түсіріп, адамзатқа, жындарға, жан-жануарлар мен жəндіктерге
үлестіріп берді. Сол арқылы олар бір-біріне жанашырлық танытып,
бір-біріне мейіріммен қарайды. Сол арқылы тіпті, жыртқыш аң да өз
төліне мейірімін төгеді. Алла Тағала қиямет күні құлдарын шексіз
шапағатына бөлеу үшін қалған тоқсан тоғыз мейірімін ақыретке
қалдырған».
|