Қабірде не істейміз?
Ардақты Пайғамбарымыздан жеткен деректерге қарағанда, өлгеннен
кейін мəйітті қабірге қойған соң рухымызға екі періште келеді екен.
Бұл періштелердің бірінің аты – Мүнкəр, екіншісінің аты – Нəкир.
О дүниеде болған алғашқы сəттен бастап, Мүнкəр мен Нəкир қайтыс
болған кісіге сұрақ қоюды бастайды. Алғашында оңай сұрақтарды
қояды.
«Раббың кім?»
«Пайғамбарың кім?»
«Дінің не?»
Байқап қарасаң, ардақты Пайғамбарымызға жəне оның дініне иман
келтірген адам үшін, бұл сұрақтарға жауап беру қиын емес.
Періштелер күткен жауаптарын алғаннан кейін: «Біз сенің осылай
жауап беретініңді білген едік!» – деп қуанады. Себебі періштелер
мүміндерді жақсы көреді. Аллаға сенген, Пайғамбарымызды сүйіп,
оны тани білген мүміндер əрқашан періштелердің досы. Əлбетте,
періштелер де мұндай мүміндердің досы екені анық.
Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!
Періштелермен дос екендігіміз белгілі болған соң, бізді керемет
сүйінші хабар күтіп тұр. Бұл сүйінші хабар дүниеде еститін жақсы
хабарлардың бəрінен артық. Алла қаласа, қабірдегі екі сүйікті
досымыз, Мүнкəр мен Нəкир күлімсіреп тұрып, бізді Жаннатпен
сүйіншілесін деп тілейік!
Сол сəттен кейін, қабір біз үшін Жұмақ бақшаларындағы хош иісті
сарайдай кеңейе түседі. Сондай-ақ Жаннатта астарынан өзендер ағып
жататын керемет зəулім сарайларды, Жаннат бақтарын қабірде жатып,
қиямет күніне келгенге дейін тамашалай аламыз. Біздің жүрегіміз
тыныштық тауып, Жаннат бақшаларынан бір бақшада жүргендей
рахатқа батамыз. Раббымыз Алла Тағала бұл туралы Құранда былай
дейді:
«Расында: «Раббымыз Алла» деп, сосын мықты тұрғандар,
оларға періштелер түседі де: «(Азапқа душар болмас па
екенбіз деп) қорықпаңдар əрі (дүниеде біліп, білмей істеген
күнəларың мен ниет етіп істей алмай кеткен игі істеріңді
ойлап) мұңаймаңдар. Өздеріңе уəде етілген жаннатқа
қуаныңдар!
Біз дүниеде де, ақиретте де сендердің жанашыр достарың
боламыз. Жұмақта көңілдерің неге соқса, соның бəрі
алдарыңа тартылады. Онда қалағандарыңның бəріне қол
жеткізесіңдер».
(«Фуссилат»с
ү
ресі,30–31-аяттар)
Дұрыс жауап бере алмағандардың жағдайы не болады?
Дұрыс жауап бере алмағандарға не мүлде жауап бермегендерге не
болуы мүмкін? Бұл дүниеде кейбір адамдар өмірге келгеніне, жер мен
көктің сан түрлі нығметтерінен ішіп-жегеніне шүкір етпей, бəрін
жаратқан Раббыларына ең болмағанда ризашылық білдірмей өтіп кетіп
жатыр. Олар ешбір нығметті Алладан деп мойындамайды.
«Кездейсоқтықтан, өз-өзінен, табиғаттан болып жатыр» дейді. Олар
тірі кездерінде көздері көре тұра ешбір нығметті Алланың
шеберлігімен болды деп есептемейді. Құлақтары ести тұра
пайғамбарлардың насихатын естімей, кітаптардың ақиқатын
қабылдамады. Ешбір нəрсенің өзінен-өзі жаратылмайтынын қабыл
алатын ақылдары бола тұра, жер мен көк өзінен-өзі пайда болды деп
топшылаған еді. Олардан қабірде «Раббың кім?» деп сұрағанда,
беретін еш жауаптары болмайды. Себебі ондай жандар – өмірінің
соңына дейін Раббысын танығысы келмеген, еш ізденбеген, еш
ойланбағандар.
Өзің ойлап көр, Алла өмірдің əр сəтінде олардың жүрегін неше мəрте
қақты екен. Мүмкін, бір салқын таңда бұлбұлдың əнімен. Мүмкін, бір
көктемдегі хош иісті барқыт қалампырлар мен əдемі түймедақтармен.
Мүмкін, көкпеңбек аспанда мамықтай жеңіл көрінгенімен, миллион
тонна суды төкпей-шашпай əкелетін бұлттармен. Түнде аспанды
безендірген жұлдыздармен. Күндіз Күннің бар шапағымен. Теңіздерде
тыным таппаған балықтармен. Көкте қанат қаққан құстармен. Түрлі-
түсті бір көбелектің қанатымен. Ағаш бұтақтарынан ешбір
қиындықсыз дастарқанға келген жемістермен. Анармен, інжірмен,
жүзіммен. Жердің қойнынан бірінен соң бірі шығатын, бірінен-бірі
дəмді əрі пайдалы нығметтермен. Бидаймен, жүгерімен, бұршақ
дəндерімен. Айнаға қарағанда өз денесінің мінсіз жаратылғанына
тамсанған кездерде... Жасуша-жасуша, атом-атомнан құралып
жаратылған керемет жануарлар əлемімен. Құмырсқалармен, аралармен
жəне көзінің алдында ызыңдаған шыбындармен түрлі-түрлі белгілер
келген еді.
Аналардың құрсағында бірте-бірте, кезең-кезеңмен жаратылған
сəбилермен. Міне, Алла осындай əр жерде жаратқан барлық
мұғжизасымен адамдардың көңіл есігін қағады.
Əр жаратылыс пен тіршілік: «Бізге назар аудар!» дейді. «Мұның бəрі
кездейсоқтықтан, өз-өзінен бола ала ма?»
Сеніңше, бұл кереметтің бəрі қалай жаратылуы мүмкін?
Ойланып көр! Миыңды қозғалт! Жан-жағыңды бақыла!
Бірақ олар не көрмейді, не естімейді, тіпті ойланбайды. Алланы
тануға, оның бар екеніне сенуге, оның Пайғамбарына (Алланың оған
сəлемі мен игілігі болсын) бағынуға, оның əмірі мен тыйымдарына сай
болуға қарсыласып, бой бермейді. Не пайғамбарлардың сөздеріне
құлақ аспайды, не Алланың кітаптарын қабылдамайды. Біле тұра
жамандық жасайды. Жасаған жамандықтардан бас тартпайды. Жəне
жер жүзіндегі кей адамдар сияқты, бір күндік өткінші дүниенің
соңынан еріп жүре береді. Кейін қабірде Мүнкəр мен Нəкирдің алдына
келгенде, ешқандай сұраққа жауап бере алмайды. Себебі бұл
сұрақтардың жауабын тірі кезінде ешқашан іздеп көрмеген еді.
«Раббың кім?»
«Пайғамбарың кім?»
«Дінің не?» деп сұраса, тосылып қалады. Əлбетте, білетіндер мен
білмейтіндердің жағдайы бірдей болмайды. Мүнкəр мен Нəкир
Алланың құлдарына қаншалықты дос болса, Алланы жоққа
шығарғандар мен Пайғамбарларды мойындамағандарға соншалықты
дұшпан. Оларға «Қош келдіңдер!» делінбейді... Олар Жұмақпен
сүйіншіленбейді. Қабірден хош иісті Жаннат бақшаларын тамашалай
алмайды. Қабір мүмін үшін қаншалықты жайлы болса, иман
келтірмегендер үшін соншалықты қорқынышты. Оларға қабір қандай
тар болса, мүміндер үшін соншалық кең.
Жаратқан Аллам! Бізді қабірде жанымызға келетін Мүнкəр мен Нəкир
атты күзетші періштелерің дос деп білетін құлдарыңнан қыла гөр!
Бізге олардың сұрақтарына ең дұрыс жауаптарды беруді нəсіп ет!
«Раббым – Алла! Пайғамбарым – əзірет Мұхаммед (Алланың оған
сəлемі мен игілігі болсын) пайғамбарлардың ең соңғысы, кітабым –
соңғы кітап Құран Кəрім, дінім – Раббымның ең керемет жолмен
толықтырған Ислам. Бұл сұрақтар жеңіл. Уа, достар, басқа сұрақтарың
болса, сұраңдар!» дей алуымызды баршамызға нəсіп ет! Бізді ол жерде
ұятқа қалдырма! Қабірді біз үшін хош иісті жемістерге, нығметтерге
толы Жұмаққа апаратын түзу, қысқа жəне қиындықсыз жол қыла көр!
Əмин!
Қиямет қалай басталады?
Біз бұл дүниемен қош айтысып, қабір əлеміне көшсек те, артта қалған
өмір əдеттегідей жалғаса береді. Бұлттар жөңкіле көшіп, мезгіл
ауысып, бұтақтар бұрынғыдай бүршік жарып, гүлзарларда
қалампырдың, раушанның хош иісі аңқып тұра береді. Ағаштар жеміс
береді. Алмалар, шиелер, тұт ағашы, қышқыл өріктер, балдай тəтті
інжірлер өсіп жетіледі. Түнде ай толықсып, жұлдыздар інжу-
маржандай жылтылдап, түнгі аспанды тамашалап жатқан балаларға
жымың қағады. Торғайлар əн салады, аралар бал жинайды,
мұсылмандар əдеттегідей құлшылықтарын орындайды, Құран оқиды.
Үлкен кісілер мешіттердің ауласында намаз уақытын күтіп, қолына
тəсбихын алып зікірін айтып отырады. Демек, біз дүниеден өткеннен
кейін артта қалған өмір бұрынғыдай жалғаса береді. Бірақ бұл əлемнің
тіршілігі əрдайым осылай жалғаса бермейді. Əрбір тірішілік иесінің
өлшеулі ғұмыры бар. Сол сияқты бұл əлем белгілі бір мерзімге
жаратылды. Бір күні ол да өледі. Ал əлемнің өлімі
қиямет
деп
аталады.
Қияметте не болады?
Мына бас айналдырар ғажайып дүниенің жоқ болып кеткенін
елестетсек, өте қорқынышты сезім бойды билейді. Əлемнің жоқ болып
кетуі – қорқынышты нəрсе. Бірақ жақсы жағы – Алланың сүйікті
құлдарының ешқайсысы да осы дүниенің қалай жойылғанын көрмейді.
Себебі қиямет күні басталмас бұрын Алла Тағала жер бетіндегі
жүрегінде иманы бар барлық жақсы құлдарының жанын алады.
Сондықтан қиямет күнінің қасіреті мен қорқынышы тек залымдардың
басына келеді.
Пайғамбарымыз бір хадисінде қиямет күнін көретін бұл залымдардың
жағдайы надандық дəуірінде өз балаларын тірідей көмген адамдардан
да жаман болатындығын айтқан. Қиямет күні қалай басталатыны
туралы нақты ақпаратты Құран мен Пайғамбарымыздың хадистері
арқылы біле аламыз.
Пайғамбарымыздың хадистерінен, біз Алланың төрт ұлы періштесінің
бірі – Исрафил екенін білеміз. Ол Сурді алғаш үрлеген сəттен қиямет
басталады.
«Сур» деген не?
Бір кісі Алла елшісінен Сурдің не екенін сұрайды. Алла елшісі ол
кісіге: «Ол үрленетін керней тəрізді», – деп жауап берді.
Біздің түсінуімізше, ол үрмелі аспап сияқты нəрсе. Оның қандай
болатынын, қалай үн шығаратынын біз ешқашан нақты біле алмаймыз.
Алайда біз оның бар екеніне еш күмəнданбаймыз. Өйткені ол туралы
Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (Алланың оған сəлемі мен
игілігі болсын) хадистерінде айтылған. Бір күні Исрафил періштенің
Сур үрлейтін уақыты келетініне, тау-тас, ай мен жұлдыздар астаң-
кестең болатын қиямет күні болатынына күмəн келтірмейміз.
Кесімді мезгілі жетіп, «Сүр» үрленгенде, жер мен таулар
түбімен қопарылып, бір-біріне қатты соқтығыстырылғаннан
быт-шыты шыққанда, міне, болмай қалмайтын, алдын алу
мүмкін болмаған ұлы уақиға (яғни, қиямет-қайым) сол күні
орнайды.
(«Хаққа» сүресі, 13-15-аяттар)
Исрафил періште Сурді екінші рет үрлегенде, өлгендердің бəрі қайта
тіріледі. Бұл іс бір-ақ сəтте орын алады.
««Сур» үрленді. Міне, олар (Алланың құлдары) қабірлерінен
шыққан бойда Раббыларының дəргейіне қарай ағылып
барады».
(Иəсин сүресі, 51-аят)
Ақырет күні қалай болатындығы туралы Құранда осындай аяттар бар.
Осы аяттарды оқығанда, Раббымыз жер бетіндегі ізгі құлдарын алапат
апаттың куəгері болудан сақтағанын түсінеміз.
Сол күні жер мен тау-тастың бəрі қатты шайқалады, таулар
үгітілген құм үйінділеріне айналады.
«Муззəммил сүресі», 14-аят
«Аспан шатынап жарылған кезде, Жұлдыздар төгіліп,
(үзілген моншақтың тастарындай) жан-жаққа шашылған
кезде, Теңіздер тасып, бір-біріне қосылған кезде, Қабірлердің
іші сыртына ақтарылған кезде, Міне, сонда əрбір жан (бұл
дүниеден о дүниеге жақсы-жаман) не жіберіп, артына не
қалдырғанын анық білетін болады».
«Инфитар сүресі», 1–5-аяттар
Қиямет күні қашан орнайды?
Кейінгі кезде осы тақырыпқа байланысты көп нəрсе айтылып жүр.
Кейбіреулер қияметтің қай күні басталатынына сенімді түрде жауап
беруде. Бұл қауесеттерді ұтымды пайдаланып, ол адамдар кітап жазды,
кино түсірді жəне осы тақырыпты желеу етіп жақсы ақша тапты.
Алайда бұл мəселеде айтуға болатын ең дұрыс сөз – Қиямет күні
қашан болатынын Алладан басқа ешкім білмейді.
«Расында, қиямет-қайымның қай сағатта орнайтындығы жайлы нақты
мəлімет бір Алланың құзырында»
2
.
2 «Лұқман» сүресі, 34-аят
Қияметтің қашан болатынын Пайғамбарымыз білгісі келген болатын.
Дегенмен Раббымыз Пайғамбарымызға қиямет уақытын білдірмеді.
«(Уа, Мұхаммед!) Олар: «Қашан орнайды?» – деп сенен қиямет жайлы
сұрауда. Сен оны қайдан білесің, ол жайлы сен не айта аласың?! Оның
соңы Раббыңа барып тіреледі (яғни, оның кесімді уақыты Раббыңа
ғана аян). Ал сен болсаң, одан шынымен қорқатындарды алдын-ала
сақтандырушы, ескертуші ғанасың!»
3
3 «Назиғат» сүресі, 42–45-аяттар
|