iqup
155
жараның аузын ашқан кезде жарасын көріп, одан әрі
ауырсынуды сезінетінін біліп тұрады.
• Эмоцияның жандануы
Бұл этапта сіз жараны тазалайсыз. Бұл процесс өте
ауыр әрі аласапыранға толы болуы әбден мүмкін. Бірақ
артынша айтарлықтай жеңілдікті сезінесіз.
• Эмоцияны қабылдау
Бұл этапта жара біраз жазылып қалады. Оның
методы сол, өзге адам сізге құлақ түріп, эмоцияңызды
шығарғанда біртүрлі қарамай оны қабылдап, демеген
кезде жаныңыздағы жара жазылады.
• Анализ
Басыңыздан кешкен
жағдай өміріңізге қандай
жақсылық әкелгенін ойлаңыз. Көп жағдайда адамдар
бірден анализ жасаудан бастайды. «Әр
жағдайдың
жақсы жағын көр» деп өздерін жұбатады. Осы сөз бұл
жағдайда қолданса, сауатсыздық болмақ.
Егер сонда
да осы ойдан таймаймын десеңіз, онда жеңілдіңіз. Яғни
түк түсіне алмай босқа шаршайсыз. Өйткені жараңыз
сыздап тұра беретін болады.
• Емі
Өзіңізге өзіңіз психо-көмек жасауды үйреніңіз.
Психогигиена
методын қолданып, жаныңызға түскен
жараны алғашқы этапта-ақ жоқ қылып, өзіңізді емдеп
алыңыз. Тереңдеп кетпесін.