Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы



Pdf көрінісі
бет27/37
Дата29.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#179232
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
Алтынсарин. бастауыш Әдістемелік құрал

Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы
Оқушыларға 
берілетін
құқықтық
білім 
беру 
жүйелі, 
мақсатты
оқушылардың құқықтық мәдениетін тұлғаның дамуының деңгейін көтеруге
бағытталған болуы керек.
Оқушылардың құқықтық
сауаттылығы келесі
әрекеттер арқылы
қалыптасады:
құқықтық білімді меңгеруі, әлеуметтік
-
құқықтың мәнін
түсініп, әлеуметтік құндылық ретінде қабылдауы, тұлғаның құқықтық
тәртібінде көрініс табады
.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті
ғана емес, сондай-ақ барлық құқықтық қызметінің негізгі бағыттарын түсіну,
құқықтық сауттылықты қалыптастыру үдерісінің сапалы жүзеге асуына негіз
болады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабында:
«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілгендей
мемлекеттің үлгілі азаматына тән тұлғаны
қалыптастырып, жетілдіру
құқықтық тәрбиенің көкейкесті мақсаты.
Қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі келесі мақсаттарды
көздейді:
- оқушының құқықтық білімін жақсарту (құқықтық ұғыну, өз құқықтары
мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.);
- тәрбиеленушінің құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып,
дамыту (заң нормаларына қарсы әрекеттер жасамау, құқықтық білімін
жетілдіру, басқа азаматтар мен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын
сыйлау, заңды міндеттерін орындау).
Оқушыларға қазіргі қоғамның қарым–қатынас заңдылықтарын терең
ажырататын құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет. Тәлім – тәрбиелік
мәселелердің барша табиғатына үңілсек, тіршіліктегі сан алуан қолданбалы
мәні зор әлеуметтік нормаларды – тарихи құқықтық жүйенің қайнар көзі немесе
құқық ғылымының негізі деуге болады.
Осы мәселеге байланысты бастауыш сынып оқушыларына ғасырлар бойы
сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрып,
ұрпақтан – ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік туралы т.б. әлеуметтік
нормалар мен принциптер туралы сыныптан тыс жұмыстар өткізу ұсынылады.
Жалпы әлемдегі даналардың, кемеңгерлердің, шешендердің тіпті өзіңнің ата-
анаңның да айтқан ұлағатты сөздерінің бәрі құқықтық әлеуметтік мәнге ие
екенін басты бағдарда ұстау қажет.
Құқықтық тәрбие сан қырлы күрделі үдеріс, бұл жалпы және арнаулы
шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Бастауыш мектеп оқушысын қоғамдық


49
пайдалы тәртіпке, құқықтық санаға негізделген әлеуметтік белсенділікке жетуі
тәрбие процесінің басты мақсаты болуы тиіс. Адамдықтың белгісі — адамның
жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан елеулі өзгерістерге түсуі.
Бастауыш оқушысының қоғамдық белсенділігі артады, сана-сезімі өседі,
психикасы шыңдалып, нығая түседі. Ол қоғамнан өз орнын табуға тырысады,
өзін қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі
бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу, қоғам мен жеке бас турасындағы
ойлар адамгершілік идеялар кемеліне келе бастайды. Осы кезде мұның өзі
адамның күшті, епті, ширақ, оңтайлы болып өсуіне және оның түрлі әдіс-
тәсілдерді, арнаулы
құқықтық
ережелерді бұзбай, кедергілерді жеңіп
үйренуімен де тығыз байланысты.
Жастарға құқықтық тәрбие беру, қоғамдық қарым-қатынастағы заңдық
және әлеуметтік мәселелердің саяси мәнін жан-жақты, әрі терең түсінуіне негіз
жасайды. Бұл тәрбиеленушінің көзін жеткізуге сендіруді көздейтін мақсатты
қызмет.
«Оқушылардың құқықтық сауаттылығының негізі- т
ұлғаны жан-жақты
үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі — құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір
азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруы
талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, елімізде жүріп жатқан жариялылық,
құқықтық және зайырлы қоғам орнату үдерісімен байланысының маңызы
ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты:
1. Оқушыларға мемлекет, құрылым және құқық, құқықтық нормалар
жайында жан-жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы,
оқушыларға арналған мінез-құлық ережелері құқықтық білімнің алғашқы
негізін қалайды. Онда оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы
нормалар бар.
2. Мемлекет пен мемлекеттік заңдарға құрметпен қарау сезімдерін
тәрбиелеу. Мұндағы маңызды мәселе – бүгінгі таңда елімізді қайта құру
кезеңінде Парламентте қабылданып жатқан заңдарды таныстыру, олардың
қоғамдағы демократияны дамытып, әділдікті баянды етуде атқаратын қызметі
мен ерекшеліктеріне көңіл бөлу, соның негізінде оқушылардың сана-сезімін
қоғам, заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу.
3. Оқушылардың мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына
сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру.
4. Ата Заңның 14-бабында: «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең» деп
атап көрсетілген. Олай болса, адамзат баласы Қазақстан Республикасының
азаматы болған жерде бір-біріне қамқор болып, ел байлығын халық игілігіне
жұмсауға атсалысуы тиіс. Құқықтық тәрбиенің міндеті – оқушылардың
азаматтық белсенділігін қалыптастыру, заңды бұзушылыққа қарсы күресу,
әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру.
Құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуы үшін сатыдан сатыға көшкенде
құқықтық тәрбие күрделеніп, тереңдей береді. Оқушылардың құқықтық сана-
сезімін қалыптастыруда бір сатыда қол жеткен табыс келесі сатыда баянды
етіліп, молая беруі тиіс. Тәрбиенің негізі- мектепте оқу болса, оқушыларға оқу
пәндерінің құқықтық тәрбие берудегі қызметі айрықша. Бастауыш мектепте


50
дүниетану пәнін оқытқанда балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді
пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы мәлімет беруге болады. Ата
Заңның 38-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты
сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»,- деп атап
көрсетілген.
Оқушыларға
құқықтық
тәрбие беруде сыныптан, мектептен тыс
жұмыстардың да алатын орны ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарға жататын
тәрбие берудің жолдары мыналар:
1. Мораль мен құқық мәселелеріне арналған әңгімелер өткізу.
2. Полиция, МАИ қызметкерлерімен кездесу ұйымдастыру.
3. Құқық
мәселелеріне арналған кештер, конкурстар, олимпиадалар
ұйымдастыру.
4. Құқықтық үйірмелерге қатыстыру.
5. Оқушылар конференциялары, айтыстары, адамгершілік және құқық
тақырыптарына байланысты арнаулы және көркем мәтіндерді талқылау.
6. Құқықтық тақырыптарға арналған деректі және көркем фильмдерді
талқылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет