Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет250/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

№6 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Төмендегі сөздерді айтқан адамның мамандығын жазыңыз. 
Мен бағдарламалар продюссерімін. Біз үшін ең қиын мәселе – техникалық қиындықтар. Барлық адам 
студияда болады. Бір кезде айнала қап-қараңғы болып кетеді. Кейде бар мәселе микрофонда болуы 
мүмкін. Кейде адамдар микрофонды өшіру туралы ұмытып кетеді. Ал олардың айтқан сөздерін мен де, 
басқа теледидар көрермендері де естіп тұрады. Өйткені микрофон сіздің жейдеңізге тағылып тұрады ғой.
Мен жаңалықтар оқимын. Кейде мен өте қиын сөздерді оқимын. Жаңалықтардың айтуға қиын жер-
су немесе адам аттары жайлы болғанын ұнатпаймын. Кейде ондай жер-су аттарын бірінші рет естимін. 
Сондай-ақ, мен үшін эфирде киетін киім табу да қиын.
Мен тілшімін. Сен шаршағанда көп қателіктер жібересің. 3 күн бұрын бір әншіден сұхбат алдым. Ол 
кісінің атын қайта-қайта ұмытып қала бердім. Қатты ұят болды. Немесе кейде адамдар қатты толқып 
кетеді. Айтатындарын айта алмай қалады. Сен сұрақ қоясың, ол жауап бермейді. Мен үшін бұл да қиын 
жағдай. Кейде олар өте күлкілі нәрсе айтып, күлкіңді тоқтата алмай қалатын кездер де болады. 
Мен опера әншісімін. Ең жаман нәрсе – сөзіңді ұмытып қалуың. Қорқатыным да – осы. Жарық та, дауыс 
та, басқа әртістер де жап-жақсы, бірақ сен не айтарыңды білмейсің. Мен үшін ең қиыны – осы. Немесе 
жиһаздардың құлауы. Өткен спектальде мен шкафтың есігін жауып едім, терезесі сынып қалды.
№7 Аудиофайл
Тыңдаңыз. Сұраққа жауап беріңіз. 
– Үлкен қалада өмір сүру туралы қандай ойдасыз?
– Үлкен қалада тұру, өмір сүру қызық деп ойлаймын. Бірақ үлкен қалалар мен кіші қалаларды салыстыру 
өте қиын.
– Иә, сізбен келісемін. Кіші қалаларда өмір сүру жеңілдеу. 
– Өте дұрыс. Тағы бір қызығы – қалада тұратын адамдар, әдетте, қаланы мақтамайды, бірақ әрқашан 
өз қалаларын ең жақсы қала деп санайды. Қай қалаға барсаң да, жергілікті тұрғындар сізге: «біздің қалада 
тамақ өте дәмді, ескерткіштер, тарихи мұражайлар өте көп» деп мақтайды. 
– Сіз әлемдегі ең жақсы қала Ванкувер дегенмен келісесіз бе?
– Олай деп айту қиын. Себебі мен Гон-Конг ең әдемі, өмір сүруге жеңіл қала деп ойлаймын. Жан-жағын 
теңіз қоршап жатыр. 
– Ал Токио мен лондон туралы не ойлайсыз?
– лондон жақсы қала және ол Токио сияқты қымбат емес. Бірақ Токиода қоғамдық көлік өте жақсы 
жұмыс істейді. Бұл басқа адамдар үшін маңызды емес болар. Мен үшін өте маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет