1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет13/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
14 
жақсылықты орнатып «бір айда» қайтып келесің», - деп, жыпылдап «көнбесеңде жазылдың, оны 
өшірмейді»[7,32 б.],-деп күң мен оның баласы қорқытып, алдап жасы толмаған жасты әскерге 
жөнелтеді. 
Күң жылайды, күңіреніп зарын айтады, Қасеннің қарасы үзілгенше арттарынан қарап 
тұрып, қара жерді құшақтап «мен енді айырылдым» деп жылайды. Одан басқа не шара, қолынан 
не келмек? Міне, содан бері Қасенді көрген жоқ деп жазушы осы әңгіменің бөлігін аяқтайды. 
Ия, Алқаның маңдайындағы соры екі елі. Қызынан айрылғаны аздай, енді жалғыз 
қуанышы Қасен азулы екі аяқты арландардың кесірінен көзден таса болмақ? 
Жазушы оны әңгіменің келесі бөлімінде баяндамақшы, өміріндегі көрген қорлығы 
қожайындарының тегеурінді тізесі басына түскен ауыртпалығы жасы жетіп, сүйегі жасып, 
қайраты қайтып бұрынғыдай қызметке жарай алмай сүйретіліп жүруі жаныма батады. 
«Жасынан жылы төсек үй көрмеген Алқаның қайратты денесі ауруға шалдығып 
денсаулықтан айрылған ... нашарлаған ... сыңқылмен осы жылдың қысына қарсы дағдылы 
жер төсегіне ауыру халінде мұз денесін төсеген...» [7,32 б.] Жазушы Алқаның аянышты 
қалыңдаған үстіне қалыңдата түседі. Бұған өмірдегі реалистік жайды шынайы, көркем 
бейнелей отырып, Алқаның сүреңсіз, күңгірт өмірін кей тұста натуралдық деңгейде 
көрсетеді. 
Басына түскен ауыр түнектен арылуы мүмкін емес. Өйткені қасында жанашыры жоқ. 
Енді Сандыбайдың өзі де, қатын-баласы да Алқадан жиіркеніп, жақтырмайтын болған. Күн 
суық, аяз, аңырайған шошалада жалғыз өзі. Бұнда от жағылмайды. Бұған ешкім келмейді. 
Жиіркенеді. Ішейін десе сусын жоқ. Жылынайын десе от жоқ. Боран үсті – үстіне уілдеп 
жанды үздіктіруде... Үстіне жамылғаны – Сандыбайдың үйінің тозған торлығы. Ыңырсып, 
ыңқылдап балаларын шақырғысы келеді. Бірақ оның дауысы боранның гу-гуіне араласып 
естілмейді. «Қасен!» деп қояды. Үн жоқ. Күрсінеді. «Жаным... Қасенім... Келдің бе?»-дейді. 
Көзі алайды. Еріндері тырысты. Күннің үлгісі келмейді. Қасеннің, Маржанын көріп бірақ 
жер жастанғысы келеді. Олар қайда, Алқа қайда? Сүйектеріне сіңген әдет халықтан шыға 
алмайды. Шешелері өлім аузында өздері белгісіз қайда жүргендері? Олардың да күні осылай 
бітер ме екен? Белгісіз? А-а-а-һ деді... Соңғы дем бітті алайған көзі ажарсыз тартып, 
жарықтың жіңішке жабығына қарап нұры үзілді»[7,32 б.] Міне, шығармада күң өлімі 
күңдікіндей болуы керек деген шығар деген идея қаламгерде о баста болғанын 
жорамалдасақ, оны шегіне жеткізіп шынайы нанымды, көкем жаза білу қаншама күрделі 
/жас жазушыға/ болса да, жазушының бұл ойы іске асты деуімізге әбден болады. 
Ілияс Жансүгіровтің «Күң өлімі» қазақ әйелдерінің аянышты, жалшылық, күңдік өмірі 
туралы жазылған, сюжеттік және композициялық тұтастықты сақтаған, тілі шұрайлы 
образдары дараланған шығармасының бірі десек, жаңсақ кетпеген болар едік. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Жансүгіров І. Мен қалай жаздым // Жаңа әдебиет 1931.№6. 
2.
Қожакеев Т. Көк сеңгірлер А.,1994. 
3.
Шөкенов К. Біздің Ілияс.А.,1969. 
4.
Әділбекова Л. Қазақ әдебиетінде І.Жансүгіров творчествосының зерттелуі. А.,1993. 
5.
Әуезов М.О. Әр жылдар ойлары.А.,1959. 
6.
Дүйсенов М.І. І.Жансүгіров өмірі мен творчествосы.А.,1965. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет