1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет19/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
20 
жаратушының байланыс нүктесі» дейтін мифологиялық ойларды бүгінгі заман мәселесін 
көтерудің көркемдік амалына айналдырған. Әңгіме сюжетіндегі адам мен мифтік бейне 
кездесуінің ертегілік диалог (Ертөстіктің әкесі Ерназардың өкпемен кездесуі) арқылы берілуі 
автордың асқан шеберлік дарынын айқындайтын белгі. Шығармадағы оқиғаның өң мен түс 
арасында өтуі де оңтайынын табылған олжалы көркемдік тәсіл. Қоғам дертін, бүгінгі қазақ 
ұрпағының санасын сілкінтіп, сезімін оятар форма таба білген туынды қаламгер 
шығармашылығының кең тынысын айғақтайды.
Асқар Алтайдың «Кентавр» әңгімесі - мифтік шығарма. Кентавр – көне грек мифтеріндегі 
адам мен жылқы біріге біткен бейнедегі мифологиялық образ. Ұғым атауының аудармасы 
«бұқаөлтіруші» деген мәнге саяды. Көне гректер әлі жылқыны қолға үйретпеген шақтарында 
салт атты көшпенділерді (сақ, скиф т.б.) көргеннен соңғы таңғалыс әсерінен туындаған образ. 
Асқар Алтай «Кентавр» әңгімесінде құлын сәбидің дүниеге келуін шығармасына арқау еткен. 
Фантастикалық антропологияға жататын шағын әңгіменің ауқымына автор экологиялық, ата-
аналық жауапкершілік, өмірге құштарлық т.б. бірнеше проблеманы сыйдыра білген. Жартылай 
адам, жартылай құлын пішінді адам турасында әлемдік әдеби процесте шығармалар аз емес.
Жүсіпбек Қорғасбек: «...«Казино», «Туажат» секілді туындыларына қарап бұл Асқар 
Алтайдың қолтаңбасы екенін жазбай танитын кезге жетіп қалдық. Асқар Алтайдың бір 
ерекшелігі, тәмсілдік, мифтік оқиғаларды, сюжеттерді бүгінгі өмірмен шебер шендестіре алады. 
Сосын оның қаламында өн бойынды дір еткізетін бір қатал реализм бар. Шығармаларында 
қаталдық бар. Кейіпкерлерін онша аяй қоймайды. Мысалы, «Көзжендет» деген әңгімесіне құсқа 
аңның көзін шоқытатын тосындау бір құбылысты арқау етіп алған. «Туажат» хикаясында да 
қақаған қыста қасқырды тірідей сойғызатын эпизод бар» [2,89 б.], – деп автор шығармасындағы 
ерекшелікті атап өтеді.
Қазіргі тәуелсіз қазақ әдебиетінде Асқар Алтай – өз бағытын айқындап, стилін танытқан 
жазушы. Оның шығармаларынан кезінде З.Қабдолов жазушыдан талап ететін сегіз қасиетті 
толық көруге болады. Оның «Қара бура» повесі, «Қараштың қарасы» әңгімесі қазақ басынан 
өткерген небір тарихи оқиғалардан сыр шертеді. Асқар Алтай шығармаларындағы бір ерекшелік 
– шығарма ішіне тағы бар шығармаға сюжет боларлық бір оқиғаны сыйғызып жіберуі. Мұндай 
тәсіл көбіне О.Бөкей шығармаларына тән болатын. «Қара бурадағы» ботасын іздеген ақ түйе 
туралы аңыз, «Қараштың қарасындағы» Қараш батыр туралы әңгіме мен «Ереуілтөбе» 
жайындағы тарихи оқиғалар негізгі оқиғамен жымын білдірмей кірігіп кеткен. Асқар Алтай 
көбіне қазақ елінің өткенін безбендеп, елдігін танытатындай тақырыпта жазады. Оның 
«Көзжендет» әңгімесінің өзі жазушылық шеберлік туралы көп мәлімет береді. Біреуге істеген 
қастандығың, тіпті аңға жасаған қатыгездігің өз алдыңнан шығады деген философиялық түйін 
жасайды. Талай аң-жануарды көзсіз қалдырған «көзжендет» сауысқанның иесінің немересі 
көзсіз туады. Әңгіме соңы адамға ой салады. Жазушы шығармаларының көркемдік сапасы, 
идеялық мазмұны қоғамдық мәні бар өзекті мәселелерді көтеріп, соған байланысты тың ойлар 
түйіндеумен таразыланады. Түрлі кейіпкерлер тағдыры арқылы адам және қоғам мәселесі 
бейнеленіп, тағдырлар тартысының күнгейі мен көлеңкесіне талдау жасалынады. 
Жазушы әңгімелерінде кейіпкерлер қақтығысынан гөрі, кейіпкердің рухани әлеміндегі ой 
мен сезім қайшылықтары басым беріледі. Суреткер дәрежесіне көтерілген жазушы ешқашан 
персонаждарына тікелей авторлық мінездеме беріп, сырттай тон пішіп жатпай, оларды іс-
қимылдары, ойлары, әсіресе өздерінің іштерінен жарып шыққан лебіздері арқылы танытады. 
Өйткені, адам баласы, жалпы, құлағымен естігеннен гөрі көзімен көргенге көбірек сенеді, шын 
суреткер бұл жайды ескермей тұра алмайды, сондықтан да ол баяндаудан гөрі суреттеуге көп 
күш салуға тырысады.
Кейіпкердің диалектикалық күрделі де қайшылықты біртұтас құрамын жасауда Асқар 
Алтай шешуші қадам жасады. Адам табиғатының күрделілігін, кейіпкердің санқырлылығын 
түсінгенінің арқасында, ол ғасырымыздың басындағы қазақ шындығын көрсетудің сыртында 
кейіпкердің ішкі әлемін де көрсете білді. Бұл екі сала-кейіпкер психологиясына терең бойлаумен 
қатар шығармадағы драмалық элементтің күшеюі, оқиғалардың тез өрбуі - Асқар Алтай 
прозасында ажырамас бірлікте көрінеді. «Оқиғалардың экспрессивті дамуы, бір-біріне кимелеп, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет