1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет67/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
64 
«
Жарғақ құлағымыз жастыққа тимей
» фразеологизмі «тыным таппады, дамыл 
көрмеді» [3,245б.] деген мағынада әкеліп, жазушы: «
Жарғақ құлағымыз жастыққа тимей 
бақтық, қақтық, қайеміз дертке ұшырады, қасқыр жеді, ауру алды, жұт болды»
, – деп 
фразеологизмнің мән-мазмұнын сақтай отырып, мазмұнына динамикалық реңк берген [4, 18б.]. 
«
Дәм-тұзын тату
» фразеологизмін «дәм ауыз тиді, ас ішті» [3,185б.] болғанымен
жазушы: «
Бұрынғы қасындағы Әділхандарға жүргізуге алыс деп үйін шығарғысы келмей 
отырған Сатанға Жетісудың дәм-тұзын тату жазған екен ғой деп, шешесінің көз жасын 
іркіп қалды
», – деген жерде көріп, білісу мағынасында қолданған [4,19б.].
Халықта «
сүт пісірім
» деген тұрақы сөз тіркесін уақытты көрсетуде, яғни, ширек сағат 
шамасында [3,641б.] қолданған. Жазушы: «
Оның ашық даусы сүт пісірімге созылып, сырнайша 
сылдырайды
», – деп қолданған [4,21б.].
«
Сатан жүрегі су етіп, төбе құйқасы шымырлады
», – деген жолда І.Жансүгіров 
синонимдес фразеологизмдерді тұрақты сөз тіркесін орынды қолдана келіп [4,27б.], әсерлі етіп 
айтпаққа талпынады. «
Жүрегі су етті
» тұрақты сөз тіркесі «бойын қорқыныш биледі, 
үрейленді, зәресі ұшты, шошып кетті» [3,687б.] деген мағынада келсе, «
төбе құйқасы 
шымырлады
» тіркесінің мағынасы да одан алшақ емес. Сонымен бірге: «
Бұл қонақтың көп-ақ 
тіс қаққандар, тірліктің әбден ащы-тұщысын татқандар, бірін онға, бірін жүзге сатқандар
» 
жолында да [4,31б.] бірнеше фразеологизмді ұтымды қолдана келіп, адамның сыр-сипатын 
айқын көрсете білді. Осы жердегі «
тіс қаққандар
», «
ащы-тұщысын татқандар
» тіркестері 
«тәжірибесі мол, ысылған, көпті көрген адамдар» [3,724б.] есебінде көрсетеді. 
Қазақ халқында мал шаруашылығымен қатар сауда да қарқынды дамыған. Сауданың 
қазақ еліне кіруі әртүрлі сөз айшықтарын, соның ішіндесаудаға қатысты тұрақты сөз тіркесінің 
құрамын да арттыра бастады. Жазушы өз шығармасында: «
Жаздай құмырысқаның илеуіндей 
қыбырлап, құрттаған жәрмеңкенің саудасы бітіп, саудасы тарай бастады
» , – деген 
жолдардағы [4,30б.] «
құмырысқаның илеуіндей қыбырлап
» тіркесі «өріп кетті, толып кетті» 
[3,477б.] деген мағынада жұмсалып тұр.
Жазушы романының: «
Біз қараңғы адам жарықтардың не айтқанына зейініміз жете 
ме, екеуі тіпті бірін-бірі ұрарманға келісіп, қызыл кеңірдек болып кете барды
», – деген 
жолдарында [3,52б.] «
қызыл кеңірдек болу
» тұрақты сөз тіркесі «
таласып, дауласты, керілдесті, 
жанжалдасты
» [3,487б.] сөзінің жалпы сипатын, ерекшелігін айқындайды. 
Адамның бет-пішінін, мінезін сипаттауда тіл білімінде бірнеше фразеологизмдер бар. 
«
Ит кемірген асықтай»
фразеологизмі «бұжыр, сансыз бет» [3,306б.] мағынасында 
қолданылады. І.Жансүгіров: «
Тегінде ит кемірген асықтай тығырайған қара қажы қаны қашып 
қара пышақтай болған екен
», – дейді [4,60б.]. 
«Мойнына құрым ілген» 
деген фразеологизм «қорлады, көпке масқара етті» [3,517б.] 
деген мағынада жұмсалғанымен, жазушы: «
Мойнына құрым ілген киізден басқа оның көркем 
бойын кірлеп тұрған нәрсе жоқ», – 
деп [4,58б.] көрген азабын жәй ғана «қорлады» демей, оған 
қоғамдық тұрғыдан ерекше мән беріп, бейнелі мағынада жұмсалғанын көруге болады. 
Фразеологизмнің көркем шығармада қолданылуы автордың шеберлігімен қатар, астарлы 
ой мен идеяның айқындалуына мүмкіндік береді. Шығармадағы фразеологизмнің өткен тарихпен
сабақтастырылған бастапқы мағынасымен қатар, заман талабына сай жаңа үстеме мағыналарға ие 
болып аясының кеңейгенін көруге болады. Демек, І.Жансүгіровтің мағынасы терең өміршең 
туындылары қазақтың дүниетанымы мен рухани дүниесін дамытуда орны ерекше. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет