1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет63/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
60 
қалыптасуында айрықша мәнге ие екі жинағын атаған абзал. Оның халыққа аудармашы ақын 
ретінде танытқан тұңғыш жинағы 1909 жылы Петербургте жарық көрген "Қырық мысал" да, 
екіншісі 1911 жылы жарық көрген "Маса" жинағы. "Қырық мысал" еңбегіне А. 
Байтұрсынұлының орыстың әйгілі мысалшы ақыны И.А.Крыловтан аударған қырық мысалы 
енген. Жинақтың "Қырық мысал" аталуының мәнісі де осында. 
1911 жылы Орынборда жарық көрген "Маса" - Ахмет Байтұрсынұлының төл 
өлеңдерінің топтамасы. Бұл кітаптың XX ғасыр басындағы қазақтың қоғамдық өміріндегі 
үлкен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеріп, өз дәуірі үшін елеулі мәнге ие болғаны, қазақ 
қауымы ортасында салиқалы ой туғызғаны белгілі. Жинақтың мақсаты оның "Маса" 
аталуынан да танылады. Ақын кіріспе өлеңінде масаны ызыңымен елді енжарлығынан
жалқаулығы мен ұйқысынан оятуға септігі тиетін бейне етіп алады. Кітаптағы өлеңдердің 
тақырыптық-идеялық мазмұнынан автордың ағартушылық көзқарасы да жақсы танылады. 
Халық тағдырына жаны күйіп, оны ұйқысынан оятуға, серпілтіп, жігерлендіріп, алға 
жетелеуге күш салған азаматтың үні естіледі. "Қазақ салты", "Қазақ қалпы", "Жиған-терген", 
"Жұртыма", т.б. өлеңдері - бұған дәлел. "Қазақ салты" өлеңінде ақын қазақ қауымының 
әртүрлі өкілдерінің мақсаты мен өмір-тіршілігін сын көзімен саралай келіп, "ұмтылып талап 
ойлап талпынбаған" елінің енжар, жайбасар халіне күйініш білдіреді. Елінің бұл халіне 
оқыған азамат ретінде өзін де кінәлі санай отырып өлең аяғын: "Бұл бір сөз қасірет етіп хатқа 
жазған, Қалмаған түк қасиет, қазақ азған. Байға-мал, оқығанға шен мақсат боп, Ойлайтын 
жұрттың қамын адам аздан",-деп, азаматтық үлкен қиналыспен бітіреді. 
Қазақтың жерін ғана алып қалмай, ой-санасын да отарлауға айналған патшалық 
озбырлық пен большевиктік қызыл қырғын кезеңдерде әдебиет пен саясат майданында 
халқына қапысыз еңбек етіп, ұлттық сананы қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлындай ұлы 
тұлға тарихымызда сирек. Жалпы, А.Байтұрсынұлы шығармашылығы XX ғасыр басындағы 
демократтық әдебиетке тән дәстүрлі ағартушылық, сыншылдық сипатта қалыптасты. 
XX ғасырдың басы - талайдан бері өз ырқы өз қолынан шығып, телімге түсіп кеткен 
қазақ халқының томаға-тұйық қалыптан оянып, бас көтере бастаған шағы. Әлеуметтік-саяси 
жағынан алғанда, бұл кезең патша өкіметінің қазақ даласында отаршылдықты күшейтіп, 
шаруашылық жағдайы онсыз да оңала алмай жүрген панасыз елге езгісін асыра түскен 
жылдар еді. 
Сол жылдары Әлихан Бөкейханды, Ахмет Байтұрсынұлын үлгі етіп, ұстаздарына 
санаған Міржақып Дулатов қазақ қоғамының өзекті мәселелерін күн тәртібіне шығара білді. 
Қазақты отарлау саясаты көзі ашық, санасы ояу, халқының қамын ойлайтын, озық ойлы 
азамат М.Дулатұлына қозғау салды. Ол да Алаш зиялыларына еріп, адамзаттың тарихи 
көшінен қалтарыс қалып, тымырсық жатқан елдің тығырықтан шығар жолын іздестіріп шарқ 
ұрды. Бастапқыда таза ағартушылық сарында туындап, сонан соң барып саяси сипат алған 
бұл қозғалыс патшалық биліктің саяси дағдарысқа ұшырауы, елдің түрлі аймақтарында, 
әсіресе түркі тілдес халықтар арасында ұлт-азаттық, либералдық-демократиялық тұрғыдағы 
сана-сезімнің ояна бастауы жағдайында анық әлеуметтік құбылыс дәрежесінде бой көрсетті. 
Міне, осындай тарихи ахуалда Міржақып ұлы мақсаттар мен асыл мұраттар жолында құлаш 
сермейтін кеңістікке қарай бойлады. 
М.Дулатов Санкт-Петербург сапарынан Торғайға белсенді қайраткер, саяси күрескер 
ғана емес, сонымен бірге шабытты ақын да болып оралады. Жылдам жазып, түрлі 
тақырыптар төңірегінде ой толғаған тебіреністері бірер жылдың ішінде толыққанды жинақ 
болып түзіледі. Ақын оны Уфа қаласындағы "Шарқ" баспасынан "Оян, қазақ!" деген атпен 
1909 жылы кітап бастырып шығарады. "Оян, қазақ!" қолдан қолға, ауыздан ауызға тарап, 
шамалы уақыт ішінде ақынның атақ-даңқын алты Алашқа әйгілі етті. 
Мағжан Жұмабаев тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, 
ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Абай поэзиясының өшпес 
маңызын бірден танып, оны "хакім" деп атады, ұлы ақынның "мың жыл жұтса дәмі кетпес" 
сөзін жаңа жағдайда ілгері дамытты. Батыс пен Шығыстың рухани қазынасын сабақтастыру 
негізінде қазақ поэзиясын тақырып, түр мен мазмұн жағынан байытты М.Жұмабаев "Шын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет