«Жас маманның әдітемелік жинақтары»
/дөңгелекүстел/
Мақсаты: Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл – күйін көтеру, қарым – қатынасының белсенді стилін дамыту.
Дөңгелек үстел бағдарламасы:
1. Кіріспе сөз;
2. Танысу бір бірімен жақын танысу;
3. Арт – терапия;
4. Мюнстенберг;
5.Сіз қандай жұмысшысыз?
6. Ситуациялық сұрақтар.
7. Өзіммен өзім.
Кіріспе сөз
«Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман»
- Сәлеметсіздер ме, құрметті жас ұстаздар! « Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан жас маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында». Ұстаздар өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған» - дегендей, ұстаз – адам жанын терең түсінетін, адаммен қарым – қатынасы жоғары адамгершілік көрсете білетін, жүзінен жылылық, мейірімді күн нұрындай шуақ шашып, өзіне баурайтын адам.
Жас маман мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін тәрізді жұмысқа кірісті,ұжымға араласты.Оның жан-жақты маман болып шығуына қалай көмектесу керек,ол нені білуі тиіс?
Ахмет Байтұрсынұлы: «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,-деген болатын.
Мұғалімге қойылатын талаптардың ең негізгісін үш топқа бөліп көрсететін болсақ,олар мыналар:
Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылық пен жауапкершілік сезімі.
Кәсіптік мамандық даярлығы, терең де тиянақты жалпы ғылымдық білімі.Өз пәнін,ғылымын игеруі,оның оқыту әдістемесі,психология мен педагогиканы меңгеруі.
Педагогтық технологияны игеруі,кәсіптік мәдениеті.
Мұғалімнің қызметіне қажетті негізгі дағдылар мен іскерліктерді былай топтастыруға болады:
Оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін шығармашылықпен ұштастыру;
Қарым-қатынастық(коммуникативтік) мәдениетті,мұғалім мен оқушы жүйесінде қажетті қатынасты қалыптастыру;
Ұйымдастырушылық қабілет,тәрбие процесіндегі әр түрлі әрекеттерді басқару;
« Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады», - деп Елбасы атап көрсеткен болатын,. Мұғалімдікке жас талапкерлерді тарту – қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілектестігімізді білдіре отырып, бүгінгі дөңгелекүстел түрінде өтіп жатқан психологиялық тренингіне қош келдіңіздер!
Танысу
Жаттығу барысы: Бүгінгі жұмысымызды танысудан бастайық. Әркім өз есімін және бастапқы 3 әрпінен тұратын өз бойындағы үш қасиетін айту керек. Осылайша шеңбер бойымен жалғастырып әрқайсысы өздерін таныстырып шығады.
Арт – терапия
Ендігі жұмысымызға келетін болсақ, ол - арт – терапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Берілген ақ парақ пен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салып жатқан суретіңізді келесі адамға жалғайсыз. Осылайша өз суретіңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді.Өзің бастаған сурет өзіңе келгенде, өз суреттеріне қарай, тақырып беріп, талдау жұмысы жүргізіледі.
Мюнстенберг
Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіз тез оқи отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты – 2 минут.
Аашпгоппартаивнртерезевнааптжарқынсашыопккарталыгксағатлыгжзсабақаоыгборпмамболашақаныаукесіквнбасбалдақиесіинакпотақтагыебүгінгіоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершвврждштожасхзшсппавомвжурналбютитаршгшуроаивқаламсапдыэеемсгмаманыамкілтрогвывоыыусмсячмашуъ
5. «Жарнама рөлігі» жаттығуы
Біздің барлығымызға жарнама деген не екендігі белгілі. Күнбе-күн теледидар экранынан не бір жарнама ролигін бақылаймыз да белгілі бір тауарды қалай ұсынатынын көреміз.Біз тұтынушы болғандықтан, жарнама жасаудың шебері болуымызда мүмкін. Ал қазір бір жарнама маманы ретінде бір тауарды ұсыну үшін өзіміздің жарнамалық ролигімізді жасау үшін жиналып отырмыз деп елестетейікші. Біздің міндетіміз ұстанымызы тартымды, қызықтыратындай етіп ұсыну.Тек бір ерекшелік: біздің ролигіміздің нысаны мына айналамызда отырған нақты адамдар болып табылады.
«Сіз» қандай жұмысшысыз?
Суретте жылқының суреті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз – осы картинаны аяқтау, оның сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды жағдай жасаңыз. ( қорытындысын айту)
Бұл тестте жылқы – бұл өзіңсіз. Өйткені көп жұмыс жасайтын адамдарды жылқылар деп те атайды. Сіздің жылқының сырт келбетін қалай бейнеленгеніңізден, сіздің қандай жұмысшы екеніңізді көруге болады.
Егер сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз ( тұяғын, жалын және құйрығын салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз.
Енді сіз жылқының бет әлпетіне басты назарды аударсаңыз ( көзін, тұмсығын, аузын, кекілін т.б салсаңыз) онда сіз жұмысқа романтикалық қатынасыңыз басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын еш жерде жұмыс істемеген өте жас маман болуыңыз да ықтимал.
-Егер сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді. Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. өзіңізге және басқаларға сын көзбен қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады, сіз бастаған жұмысыңызды соңына дейін жеткізетін өте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!
-Егер сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл жақсы жағдай жасалынған жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуекел болғанды қалайсыз.
-Егер жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс істеген ұнайды.
Ситуациялық сұрақтар
( Ситуациялық сұрақтар парақшаға жазылып таратылады)
1. Ата-аналар жиналысында сіз бір ата-анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғаліміді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?
2. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Қандай амал қолданасыз?
3. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қанадай шара қолданасыз?
Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз?
Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?
Сіз бүгін қандайда бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?
Оқушы сізбен әңгімелесіп тұрып: «Сіздің басқа оқушыларға қарағанда, маған жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын», деді.
Оқушы сыныптасымен қарым-қатынасының нашар екенін көрсете отырып: «Мен онымен бірге оқығым келмейді» деді. Мұғалім ретінде не деп жауап бересіз?
Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп, оқушыңыз: «Сіз бүгін өте шаршаған кейіптесіз», деді мұғалім әрекеті.
Мұғалім оқушыға тапсырма берді.Оқушы берілген тапсырманы орындағы келмей: -Орындағым келмейді,-деді Мұғалім әрекеті
11. «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ,ешқіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс-әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
12. «Сіздің сыныбыңыздағы оқушының отбасылық жағдайына байланысты ата-аналарымен қарам-қатынасы өте төмен. Бәлкім сол себептен сіздің оқушыңыз үнемі үйіне бармай мактепте жүреді немесе көшеде қаңғыбастыққа салынады. Араласып жүретін ортасындағы оқушыларда лайықты емес. Ата-анасының тарапынан қажет етпейтіндей қатынас байқалады.» Сіздің іс-әрекетіңіз?
Релаксация (табиғат әуені ойнап тұрады)
Көзімізді жұмып, терең дем алып, еркін тыныстайық. Жайма шуақ көктем мезгілі, күн жып-жылы, нұрын шашып тұр. Жылуын шашқан күн нұры аяғыңызға түсіп, бүкіл тұла бойыңызды жылулық кернеп алды. Барлығымыз далаға шығамыз.
Далада ағаштар жапырақтарын жайқалтып, гүлдеп, жасыл желекке айналған. Әрбір ағаштың жанынан өткен сайын жасыл жапырақтың иісін сезінесіз, қызғалдақтардың арасында келе жатырсыз. Екі қабатты автобус күтіп тұр, автобусқа мінесіз де саяхатқа қала аралауға шығасыз. әсем қаланы аралап келесіз. Қаланың әдемілігіне көзің тоймайтын керемет сезімдесіз. Әсем қаланың орталығында орналасқан әмбебап дүкенге кірдіңіз, дүкеннен өзіңізге ұнаған бір нәрсені сатып алыңыз.кері автобусқа мініп әсем әуенмен тұла бойыңызды сергітіп, көкірегіңіз шатыққа толы жүзіңізбен оралыңыз. «Мен салмақтымын, төзімдімін, қиынды жеңіп келемін, келешекте мені жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімдімін» деп өзіңізге айтыңыз.
Терең дем алып көзімізді ашайық. Бүгінгі кездесуіміз өз мәресіне жетіп, сіздер жақсы әсер алдыңыздар деп ойлаймын. Өмірлеріңіз жақсылыққа, бақытқа, қуанышқа, байлыққа толы болсын.
Анкета
1/ Сізге бүгінгі тренинг – сабағымыз ұнады ма?
2/ Сіздің алған әсеріңіз?
3/ Өзіңізге деген қажетті тәжірбие алдыңыз ба?
4/ Бүгінгі тренинг-сабақта сізге не ұнамады?
5/ Cіз қай жағдайда қиындықты сезіндіңіз?
6/ Қай жаттығуды түсінбедіңіз ?
7/ Болашақта осындай тренинг- сабақтар болғаның қалайсыз ба?
8/ Қандай тақырыптарды, мәселелерді қозғағанды қалайсыз?
9/ Ұйымдастырушылар мен жүргізушілерге берер ұсынысыңыз?
10/ Жүргізушілерге тілегіңіз?
11) Сіз өз пәніңізді ұнатасыз ба?
12) Сізге ұжым ұнай ма?
Қорытынды : Бүгінгі тренинг-сабақтан алған әсерлерімен ой бөлісу.
Сабақ өткізуде, жас мұғалімге арналған жаднама:
Кабинетке ерте кіріп, сабаққа барлық нәрсе дайын екеніне, тақта таза екеніне көрнекі құралдардың дайындығына көз жеткізіңіз;
Оқушылармен түгел амандасыңыз;
Сыныптағы оқушыларды түгендеңіз, әсіресе, тәртіпсіз балаларды;
Ұйымдастыру кезеңіне аз уақыт жұмсауға тырысыңыз;
Сабақты ерекше жігермен бастаңыз;
Сабақты оқушы бос болмайтындай етіп жүргізіңіз;
Кідірістер, баяулық сабақта тәртіпсіздік туғызады;
Оқушыларға материалды қызықты етіп түсіндіріңіз;
Нашар оқитын оқушыларға материалды қызықты, мазмұнды түсіндіріңіз;
Нашар оқитын оқушыларға өз күшіне сенуге көмектесіңіз;
Бүкіл сыныпты қадағалаңыз;
Жұмыс тәртібін бұзғысы келген әрекеттің алдын алыңыз;
Сабақ кезінде басқа істермен шұғылданғысы келген оқушыларды болдырмауға тырысыңыз;
Білім бағасын іскерлікпен дәлелдеу арқылы бағалаңыз;
Жоғары баға алу үшін не нәрсені көбірек білу керек екенін айтыңыз;
Сабақты қоңыраумен бірге бітіріңіз;
Кезекшілердің міндеттерін еске салыңыз;
Артық айтылатын ескертуден сақ болыңыз;
Оқушылардың тәртіпсіздігі кезінде басқалардың көмегіне жүгініңіз;
Бірақ есте сақтаңыз: Тәртіп сақтауда бөтен кісінің беделі, сізге пайда келтірмейді, керісінше зиянын тигізеді. Ең жақсысы сыныптан қолдау күтіңіз.
Адамдарға ұнаудың ережелері
1.Басқа адамға шынайы қызығушылық танытыңыз.
2.Қай тілде болмасын адамның аты ол үшін ең тәтті, ең маңызды дыбыс екенін ұмытпаңыз.
3.Жақсы тыңдарман болыңыз. Басқалардың өзі туралы айтуын кеңейтіңіз.
4.Әңгімелесіп отырған адамды қызықтыратын жайттар туралы айтыңыз.
5.Әңгімелесушіңіздің өзіне лайықты, маңызды түсінігіне шынайы түрде ықпал ете біліңіз.
6.Басқаға ұқсамаңыз. Өзіңізді табыңыз, өзіңізбен өзіңіз болыңыз.
7.Сізге лимон тапсырса, сіз оны лимонадқа айналдырыңыз.
8.Айналадағыларға көңіл бөліп, қызығушылық танытып, өзіңізді ұмытпаңыз. Басқаның жүзіне күлкі үйіретіндей әр күн қайырымдылық істеңіз.
«Жас маманның әдітемелік жинақтарында не болу қажет?»
ЖАДНАМА
Пән мұғалімдерінің нормативтік-құқықтық қоры:
1)ҚР Конституциясы ( 1995 жылдың 30 тамыз референдумында қабылданған, 02.02.2011 жылы енгізілген өзгерістер)
2)11 шілде 1997 жылы қабылданған №151-1 «ҚР-дағы Тілдер туралы» ҚР Заңы (10.07.2012 жылы өзгерістерімен)
3)ҚР «Білім туралы» Заңы (10.07.2012 жылы өзгерістер енгізіліп, толықтырылған)
4)ҚР жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандарты ( 23.08.2012 жылғы №1080)
5)Пән бойынша оқу бағдарламалары
6)«2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқаулық хаты, Астана 2013 жыл
7)Педагог қызметкерлерін аттестаттау ережесі (07.08.2013 жылғы № 323 бұйрық, Астана)
8)2011-2020 бағдарламасы (07.12.2010 жылғы №1118 Жарғысы)
9) «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Жолдауы
10)2012-2016 Ұлттық іс-қимыл жоспары (ҚР Үкіметінің 25.06.2012 жылғы №832 Қаулысы)
11)Тақырыптық-күнтізбелік жоспар
12)Оқушылардың пән бойынша үлгерімі мен білім сапасы.Мониторинг (соңғы 3 жылға талдамалы сараптама)
13)Сынып журналының талапқа сай толтырылуы
14)Мұғалімнің оқушы дәптерін жүргізуі, нормаға сай жүйелі тексерілуі
15)Пән мұғалімінің ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық жоспары, орындалуы, жетістіктері, сараптама (соңғы 3 жылға)
16)Оқу- әдістемелік, дидактикалық көрнекі құралдармен оқу кабинетінің толықтырылуы. Оқу кабинетінің паспорты
17)Қауіпсіздік іс-шаралары
18)Дарынды оқушылармен жұмыс: пән олимпиадаларының, ғылыми жұмыстар қорытындысы
19)Жаңа технологиялар папкасы
20)Өзіндік білім жетілдіру
2. Жас педагогтың кәсіби біліктілігін қалыптастыру
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мұғалімнің негізге алатын құжаты болып табылады. Ол жыл сайын жасалады. Жоспар пән бойынша ( «тақырыптық» деп аталуы осыдан) оқу жылының апталарына, айларына бөлінген ( «күнтізбелік» деп аталуы сондықтан) оқу бағдарламаларының тізбесі түрінде болады. Бағдарламаның оқытылатын тараулары, сағат саны, өткізілетін мерзімі көрсетіледі. Күнтізбелік-тақырыптық титул парағы А-4 форматты параққа рәсімделеді.
Пайдалы кеңестер
-күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау кезіндегі ең маңызды нәрсе-оның бағдарламалық-әдістемелік жарақтандырылуына сәйкестігі және тақырыптардың оқу уақытына сәйкес баламалы түрде бөлінуі болып табылады;
-күнтізбелік-тақырыптық жоспарды электронды түрде әзірлеген дұрыс. Бұл жаңа жағдайларға байланысты түзетулер ендіріп отыруға мүмкіндік береді және оны жыл сайын қайта әзірлеуден босатады;
-күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген бақылау жұмыстары (диктант, шығарма, мазмұндама, зертханалық, практикалық ) мерзімі журнал мен дәптерде сәйкес және бағалау сол мерзімге сай болуы қажет.
Сабақ жоспарын жазу схемасы : әдістемелік әдебиеттерде сабақ жоспарының бірыңғай үлгісі жоқ, бірақ сабақ жоспарына тән мазмұндық бөлім құрылымының әдістемелік принциптері бар.
Сабақ тақырыбы:
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Сабақ типі:
Өткізу формасы:
Дидактикалық материалдар мен жабдықтар:
Сабақ жоспары:
-Сабақ кезеңі (кезеңнің аты көрсетіледі)
Маңызды жайт! Сабақ сапасы алға қойған мақсаттың, оқу материалы мазмұнының, оқыту әдістемелерінің танымдық қызметті ұйымдастыру формаларының, сабақ кезеңдерін тәртіптеп реттеу логикасының үйлесімдік деңгейіне байланысты.
Сынып журналы әрбір білім беру ұйымында қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірленетін нұсқаулық бойынша толтырылады. Сынып журналы мемлекеттік құжат, оны талапқа сай жүргізу әр мұғалім мен әр сынып жетекшісі үшін міндетті, сондықтан өз бетінше әрекет етуге жол берілмейді.
Сынып журналы бойынша жұмыс жүргізудің негізгі ережелері
-барлық жазбалар бір түсті қаламмен айқын, мұқият, ешбір түзетусіз жазылады;
-мұғалім оқушылардың білімін жүйелі түрде тексеріп /әр оқушы кем дегенде 3-4 сабақта бір рет/, сабақ сайын қатыспағандарды белгілеп отыру керек;
-оқушы қанағаттанғысыз баға алған жағдайда мұғалім оның білімін келесі сабақта қалыпқа келтіруге, сөйтіп оң баға қоюға тырысуы қажет;
-жазбаша жұмыс түрлерінің бағасы сол күнге қойылады /бағаны басқа күндерге қоюға тыйым салынады/;
-баға қоюға арналған тор көзге бір ғана символ ғана түсіріледі. Журналға нүкте немесе басқа символ қоюға тыйым салынады;
-журналдың сол жақ бетіне мерзімі мен баға, оң жағына мерзімі мен тақырыбы жазылады, күндер сәйкес болуы керек, тоқсандық баға шығарылғаннан кейін тор қалдырмай келесі жазу бірден жалғастырылады;
-үй тапсырмасы бағанына мөлшері нақты көрсетіледі;
-жазулар әр бағаннан аспай толтырылуы қажет.
3. Өзіндік білім жетілдіру жұмыс жоспары.
І. Мұғалім туралы қысқаша ақпарат.
ІІ. Мектептің, ӘБ-тің және пән мұғалімінің өзекті тақырыбы, мақсаты мен міндеттері.
ІІІ. Өзіндік білім жетілдірудің технологиялық картасы.
Тақырып бойынша жұмысқа берілген уақыт
|
Өзіндік білім жетілдірудің мақсаты мен міндеттері
|
Зерттеу нысаны
|
Әдістемелік деңгейді көтеру
|
Педагогикалық қабілет пен тәжірибені дамыту
|
Жалпы мәдени деңгейді көтеру
|
ІҮ. Педагогика мен психология саласында.
Ү. Оқыту мен тәрбие үдерісін ұйымдастыру, әдістеме саласы.
ҮІ. Теориялық және кәсіби дайындығын жетілдіру.
ҮІІ. Жалпы мәдени көзқарасы мен сауаттылық деңгейін көтеру.
ҮІІІ. Сабақтан тыс дамытушылық қызмет.
ІХ. Ата-анамен бірлескен жұмыс.
Х. Тәжірибе алмасу.
ХІ. Біліктілікті көтеру.
ХІІ. Үкімет құжаттарын, мемлекеттік Заңдар, нұсқаулық хаттар мен бұйрықтарды оқып үйрену.
«Жас маманның әдітемелік
жинақтарында не болу қажет?»
ЖАДНАМА
Достарыңызбен бөлісу: |