Ежелгі Грек мәдениеті. А. Македонский державасы. Грек полистерінің дағдарысқа ұшырауы



Дата07.02.2022
өлшемі2,41 Mb.
#94126
Байланысты:
Ежелгі грек

Ежелгі Грек мәдениеті. А. Македонский державасы. Грек полистерінің дағдарысқа ұшырауы.

Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан. Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған. Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.

Археологиялық қазба деректеріне қарағанда, Македониядан Элидаға дейінгі Ежелгі Грекия жерін адам орта палеолит дәуірінде (100-40 мыңыншы ж.ш.) мекендей бастаған. Неолит дәуірінде (7 мыңжылдықтың орта кез шамасы - 2800 ж.ш.) Грекияның халқы егіншілікті игеріп, мал шаруашылығымен айналысқан, отырықшы өмір сүрген. Орта палеолит дәуірінде қалыптасқан ру құрылысы неолит дәуірінде әбден кемеліне келді. Грекияның солтүстігінде Сескло, Димини және Лариса мәдениеті дамыды. 5-4 мың жылдықтарды құрлықтағы Грекияда Эгей теңізінің аралдарында, әсіресе Критте неолит мәдениетінің жергілікті нұсқалары қалыптаса бастады.

Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. П. Грекияда б.з.б. 4 ғасырдың басында, Римде б.з.б. 3 — 1 ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.

Грек мектептері Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Олада көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші басқышты мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқышты "гимнасия" деп аталды. Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тəрбиеленді. Олар арнайы үй тəрбиешілерінен тəлім-тəрбие алып отырған. Тəлім-тəрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тəрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан əртүрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты түрлі спорт ойындарымен де айналысты.

Ғылыми білімдер Грек ойшылдары, ғалымдары жəне ақын-жазушылары Шығыстың өркениетті елдерімен байланыста болған. Олар Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибелерін пайдаланған. Шығыс елдеріндегі ғылымның жаңа табыстарымен табысып отырған. Гректер ертеден-ақ табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныс болуы Грекияда табиғат жайлы ғылымның қалыптасуына жол жол ашқан.

Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер — протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды. Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" — теке және "одэ" — өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері — сатирлерге әкеледі. Сатирлер адам мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.

Ескендір Зұлқарнайын жорықтары Б. з. б. 334 жыл Граник өзенінің жағасы Е. Зұлқарнайын парсылардың әскерін талқандады. Кіші Азияның ішкі бөліктеріне және Жерорта теңізі жағалауына оңтүстікке қарай жол ашылды. Финикия жеріндегі Тир, Библ, Сидон қалалары жаулап алынды. Б. з. б 333 жыл Исса қаласының түбінде Македондықтар жау әскерін талқандап, парсы патшасы ІІІ Дарийдің отбасын да қолға түсірді. Б. з. б. 332 жыл Мысырға жорық Ескендір Мысырды соғыссыз бағындырды. Ніл өзенінің атырауында жаңа қала - Александрия қаласының негізін қалады. Б. з. б. 331 жыл Гавгамелы елді мекені түбінде Ежелгі дүниедегі ірі шайқас парсылар мен грек - македондық әскері арасында болды. Саны жағынан көп ІІІ Дарий әскері талқандалып, Ескендір бүкіл Парсы елін өзіне қаратты. Б. з. б. 330 - 328 жж. Орта Азия мен Қазақстан жеріне Бактрия мен Соғды елі уақытша бағындырылды. Сақтар жеріне ішкері ене алмады. Б. з. б 328 жыл Үнді өзенінің жағалауы Үлкен қиындықпен Солтүстік Үндістан жаулап алынды. Е. Зұлқарнайын көптеген шығынға ұшырады. Б. з. б 324 жыл Он жылдық жорық аяқталды. Ескендір әскерімен Вавилонға келді



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет