«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 68
1887 жылдың наурыз айының 1-жұлдызында Александр ІІІ-ге қастандық жасау ісіне
белсене қатысқан бір топ студенттер өлім жазасына кесіліп, жүздеген студенттер оқудан
шығарылады. «Жерлестер» саяси бағыт алғандықтан ұйымның мүшесі болып, оның
жиындарында көрінгені үшін патша өкіметі М. Сердалинді оқудан шығарып, Көкшетауға
полицияның бақылауына жіберіледі. Б. Қаратаев, Б. Сыртанов және А. Теміров 1890 жылы
университеттің толық курсын ойдағыдай аяқтады. Бұлардың ішінде Б. Қаратаевтың тамаша
дарынды қабілетіне патша үкіметінің басшылары да назарын аударып, Сенаттың екінші
департаментіне қызметкер болып орналасуына жолдама берді.
Бақтыгерей Ахметұлы Құлманов – университеттен диссертация дипломмен қоса
ғылым кандидаты атағын алып шыққан қазақтың қоғам қайраткері, Ресейдің І және ІІ
Мемлекеттік думасының депутаты, Алаш көсемдерінің бірі. Жетісулық Барлыбек Сыртанов
шығыс тілдері факультетін араб, парсы, түрік, татар тілдері негізінде І дәрежелі дипломмен,
ырғыздық Абдолла Теміров алтын медальмен, оралдық Бақытжан Қаратаев заң факультетін
алтын медальмен тәмамдады. Бұлармен бір жылда түскен көкшетаулық Мәмбетәлі Сердалин
саяси көзғарасы үшін қудаланып, университетті бітіре алмағанымен, зиялы, экономист-
ғалым ретінде танымал болды.
Әлихан Бөкейханов 1890 жылдары Петербургке барғанда Б. Сыртанов, А.
Теміровтердің оқу бітіріп, елге қызмет етуге кіріскен кездері еді дейді. Кейін 1911 жылы
жазда Әлихан Бөкейханов Барлыбекпен келелі істерді талқылап болғаннан соң «құшақтасып,
сүйісіп айрылысқан едік» деп жазады «Қазақ» газетіне. Енді «Жерлестерден» қанатын қағып
ұшқан қазақ жастары ойы, көзғарастары ХХ ғасырдың басындағы Алаш идеясына ұласып
кетті. «Жерлестердің» салған сара жолының арқасында Санкт-Петербургте оқығандар көп
болды. Санкт-Петербург ақмешіттік С. Лапинді, семейлік Д. Сұлтанғазинді (Шоқанның
немере інісі), оралдық Ә. Ниязовты, қарқаралылық Ә. Бөкейхановты және т. б. атауға
болады.
Қорыта келгенде, бостандық жолындағы сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалыстың бір
көрінісін Ресей астанасының қақ төрінде тұлғаларымыз «Жерлестер» ұйымының аясында
көрсетті. Кейін елге оралып, өз істерін жалғастырды. Бұл ұйым мемлекеттік деңгейдегі
идеялардың қайнар көзі болғаны даусыз. Кейіннен Барлыбек Сыртанов бастаған бұл
ұйымның жұмысы «Алаш» партиясына көп көмек берді.
Барлыбек Сыртанов 1914 жылы 26 қараша айында кенеттен өкпе ауруынан қайтыс
болып, оны Қапал жеріне апарып жерлейді.