«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары
75
Зерттеуші О.Нұрмағамбетова жалпы жырға қатысты адам есімдері, жер-су аттары,
жаулық қылушы дұшпандар бірлестігі туралы кеңірек сөз қылып, жырдың оқиғасын ХІV
ғасырға алып келеді. Басты тіректі Қазан хандығына байланыстырып, «Алшағырдың әкесі
Махмұтбектің «Қазан хандығын» күшейтуге байланысты әрекетінен іздейді. Нақты
қорытынды былайша жасалады: «Қорыта айтқанда, «Қобыланды батыр» эпосы Әбілхайыр
ханның ұлысы екіге бөлініп, халқымыздың тарихында шешуші рөл атқарған 1456 жылғы
Қазан хандығы құрылар алдындағы ұлыстардың өзара қақтығыстарды бейнелейтін және осы
кезеңде туып-қалыптасқан аса құнды эпикалық туынды» [4, 33 б.], – деп түйіндеген.
Зерттеуші О.Нұрмағамбетова өзінің ғылыми жұмысының бірінші тарауында
«Қобыланды батыр» эпосының варианттары мен версиялары және олардың өзара
байланысы» сөз болады. Бұл тарауда диссертант өзінен бұрынғы «Қобыланды батыр»
жырын тақырыптық тұрғыдан зерттеген М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев еңбектерінде жырдың
кейбір нұсқалары салыстырылып, қолжазба қорына түскен нұсқалары шолу түрінде
айтылғанын бағалайды. Жырдағы батырлар бейнесінің жасалуы мен тарихи негіздеріне
байланысты зерттеулер жасағанына тоқталады. Алайда, аталған зерттеуші ғалымдар
еңбектерінде жырдың негізгі делінетін нұсқаларына салыстырмалы зерттеулер
жасалмағанын айтады [5, 30 б.]. Осы орайда «Қобыланды батыр» жырының (жыр, ертегі,
аңыз-әңгімелердің бәрін қосқанда) 29 нұсқасы бар. Мұның 26-сы Қобыланды батыр
жайындағы жырлар, аңыз-әңгімелер де, 3-і Қобыланды батырдың ұрпақтары жөнінде, соның
бәрі де идеялық және көркемдік деңгейі жоғары» [5, 29-30 б.], – дей отырып, «Қобыланды
батыр» жырының қазақ ақын-жыраулар айтатын нұсқаларын екі топқа немесе екі версияға
жіктейді. Бірінші версиясына Көшелек, Нұрпейіс, Айса, Мұрын, Нұрсейіт, Сүйіншәлі,
Ережеп және авторы белгісіз «Қара қыпшақ Қобланды батыр» нұсқаларын жатқызған.
Екінші версиясына Марабай, Мергенбай, Дәулетше, Біржан, Құлзақ, Шапай және осы
нұсқаларды қайталайтын жырдың үлгілерін атайды. Жырдың барлық нұсқаларын Шапай
Қалмағамбетовтің нұсқасын негізге ала отырып, 28 эпизод арқылы ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын
арнайы
кесте
арқылы
саралап
шыққан
[5,
30-31
б.].
Ақын-жыршылардың қосқан қоспалары, кісі есімдері, жау батырлары, батырдың жорықтары,
тұтқында болуы, елін азат етуі, батырдың балаларының ерліктері т.б. салыстырмалы әдіспен
тексерілген. Тексеру нәтижесінде жырдың 8 нұсқасын бірініші топқа, 6 нұсқасын екінші
топқа жатқызып, жырдың екі версиясы барлығын дәлелдеген. Жырдың бірініші
версияларына жататын негізгі мотивтер былайша жіктеледі:
1. Бірінші топқа барлық нұсқада кездесіп отыратын аса толымды да күрделі сарын –
қартайған ата-ананың (Тоқтарбай мен Аналық, Қыдырбай мен Ақзарбап, не Меңдісұлу) баласы
болмауын сырт адамдардың (хан, би, бектердің, көрші-көлемнің) келеке етуі, перзент сұрап
әулиеге түнеу, батыр болар баланың туысы мен батырлық ғажайыпқа толы балалық шағы;
2. Қобыландының Құртқа еліне аттануы, той қарсаңындағы бәсекеде жеңіске жетіп,
Құртқаны еліне алып қайтуы;
3. Қыдырбайдың (Нұрпейісте: Тоқтарбайдың) көп жылқысының ішінен Құртқаның
Кербиені (Керқулықты) таңдап, оның құлыны Тайбурылды (кей вариантта Тобылғы меңді
торы ат) ешкімге көрсетпей батырдың жауға мінер тұлпары етіп өсіруі;
4. Қобыландыдан қорыққан Алшағырдың батырмен өтірік достасуы және осы
«досының» өтінуімен оның кегін алу үшін Қобыландының алыстағы жаулар: Барсаға,
Барсакелмеске, Қозғалмасқа т.б. аттануы. Қайтып келіп, өзі жоқта елін шауып алған
Алшағырдан елін азат етуі айтылады.
Бірінші топқа жататын нұсқалардың негізгі сарындарын осылайша жіктеп, бұдан әрі
талдаулар жасаған. Салыстырмалы түрде аталған нұсқалардың бәріне тән заңдылық аталған
сарындар екендігіне көз жеткізген. Ғалым бұл нұсқаларды өте ерте дәуірдің белгілері бар,
ертегіге тән мотивтер жиі ұшырайтындығын талдау нәтижесінде ерекшелей атап
отырғандығын түсіндік. Бұған дәлелді тексеруші жырдың бірінші версиясына жататын
варианттары 1870 жылдан 1930 жылдар аралығында жазылып алынғанын, ертеде жырланған
қалпында сақталғанын дәлел еткен. «Ал, бірініші версиясы жөнінде олай дей алмаймыз. Бұл
|