1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»



Pdf көрінісі
бет78/176
Дата31.08.2023
өлшемі1,97 Mb.
#180044
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   176
Байланысты:
2-2018

«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 
 
 
74 
консультирование помогает консультируемому лучше понять свои мысли, чувства, мотивы, 
поведение, чтобы прийти к более ясному пониманию себя, раскрытию сильных сторон (ресурсов) 
и использованию их для решения возникающих трудностей и проблем, совершенствования 
целенаправленных действий, эффективного распоряжения собственной жизнью. 
ЛИТЕРАТУРА: 
1.
Методические 
рекомендации 
по 
психолого-педагогическому 
сопровождению 
обучающихся в учебно-воспитательном процессе в условиях модернизации образования. 
2.
Я работаю психологом … [Текст]: опыт, размышления, советы / под ред. И.В. 
Дубровиной. – М.: ТЦ «Сфера», 1999. – 256 с. 
3.
Школьные проблемы глазами психолога [Текст]: как оказать помощь 
дезадаптированному ребенку / Л.В. Варнаева, Т.А. Гусева, Р.Б. Джузенова и др. – Ярославль: 
Александр Рутман, 1996. – 178 с. 
4.
Экспертная деятельность психолога образовательного учреждения [Текст]: метод. 
пособие / М.М. Семаго, Н.Я. Семаго, Н.А. Ратинова, О.Д. Ситковская; под общей ред. М.М. 
Семаго. – 2-е изд. – М.: Айрис-пресс, 2005. 
5.
Направления деятельности службы практической психологии (педагога-психолога) 
общеобразовательного учреждения / Под ред. И.В. Кузнецовой. Ярославль, 2011. 
ӘОЖ 001.894 
 
О.НҰРМАҒАМБЕТОВА - «ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫН ЗЕРТТЕУШІ 
 
Көбей Р. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
Мақалада О.Нұрмағамбетованың қазақ фольклорын жинау мен жариялаудың маман 
әдістемешісі, ғылыми тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлерді негізге ала отырып, жаңаша 
зерттеуші ғалым екендігі сөз болады. 
Кілттік сөздер:
 фольклор, эпос, батырлық жыр, Қобыланды батыр. 
Қазақ фольклортану ғылымында өзінің барлық саналы ғұмырын арнап, фольклортанушы 
ретіндегі ғалымдық қырлары мен сырларын ашқан О.Ә.Нұрмағамбетованың елеулі еңбегі 
«Қобыланды батыр» жырына қатысты зерттеуі екендігі талас тудырмайды. Өзінен бұрын бұл 
жырға қатысты бірнеше зерттеулер жазылса да, типологиялық тұрғыдан тұжырымдар жасалса 
да, ғалымның бұл жырға қатысты табандылықпен еңбектенуі таң қалдырады. «Мәселен, 
Октябрь революциясына дейін бұл жыр жөнінде В.В.Радлов пен Г.Н.Потаниннен басқа, орыс 
ғалымдарынан Туземец пен П.А.Фалев пікір айтып, жырдың ауыз әдебиетінен ерекше орын 
алатындығын көрсеткен» [1, 190 б.].
Сөз болып отырған «Қобыланды батыр» жырын зерттеуде О.Нұрмағамбетова сол 
ақиқаттан аттап кетпеуді жөн санап, айтулы жырды жинақтау мәселесінде ауыз толтырып 
айтарлықтай еңбек ете алғандығына көз жеткіздік. Бұл пікірімізді З.Мұқашеваның 
мақаласындағы төмендегі жолдар нақтылай түскендей. Автор: «Оразгүл Нұрмағамбетова қазақ 
халқының қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр» туралы ұзақ жылдар бойы жан-жақты 
тексерулер жүргізіп, зерттеген, тіпті саналы жарты ғасыр өмірін жұмсаған жан. Бұрынғы 
ғалымдар тек 8 нұсқасына иек артып жүрсе, ол Алматыдан тыс Ташкенттің, Орынбордың, 
Мәскеудің, Қазанның мұражайлары мен мұрағаттарынан табылған беймәлім нұсқаларды 
айналымға қосады. Анықталған 26 нұсқаның негізінде жырдың мотивсарындарын байқап
салыстырмалы-типологиялық талдаулар жасайды» [2, 31 б.], – деп бағалайды. Анығында бұл 
мәселелер О.Нұрмағамбетованың әр мақаласында айтылып, жырдың басқа да нұсқалары 
жөнінде жалпы жұртқа хабарланып отырған [3, 55 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет