«ІЛИЯС МҰРАСЫ ЖӘНЕ АЛАШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студент жастар конференциясының материалдары 67
ғылыми атақпен ойдағыдай бітіріп шықты. Б. Құлманов араб, парсы, түрік және татар
тілдерін еркін меңгерген оқымысты қазақтар қатарындағы тұңғыштардың бірі. Петербург
университетінің есігін 1886 жылы бір топ қазақ жастары ашты. Олардың ішінде
Көкшетаудан келген Мәмбетәлі Сердалин, Жетісудан – Барлыбек Сыртанов, Оралдан –
Бақытжан Қаратаев, Ақтөбеден – Абдолла Теміров сияқты жас жігіттер бар еді. М. Сердалин
жаратылыстану факультетіне түсіп, В. И. Лениннің ағасы А. И. Ульяновпен бірге оқыды. Б.
Қаратаев пен А. Теміров заң факультетінде оқыды. Барлыбек Сыртанов шығыстану
факультетіне түсті. Университет қабырғасында қазақ даласының әр облысынан білім іздеп
келген жастар қоян-қолтық араласып, шартарапқа әйгіленген білім ордасынан сусындайды.
Осы университет қабырғасынан білім нәрімен қаныға сусындап, сайын даласында
азаттық пен өркениет жаршысы болуды көксейді. Бұл мұраттардың бәрін университетте әр
ұлттың жастары арасында өзінің бағдарламасы бар, саяси бағыт көздеген «Жерлестер»
(«Землячества») үйірмесі немесе «Жерлестер одағы» («Союз землячества») деп аталатын
астыртын ұйымдардың ішінде жүріп шыңдаған еді. Ұйымның астыртын жұмыс жасауының
өзіндік себебі бар.
Сол уақыттарда Ресей империясының астанасында 1886–1887 жылдарда студенттер
арасында кең қанат жайған революциялық және студенттік қозғалыстар, саяси оқиғалар көп
болды. Мәселен, 1887 жылы наурыздың 1-ші жұлдызында Александр ІІІ патшаға қарсы А.
Ульянов және басқа революционерлердің жасаған қастандық әрекеттері. Осы оқиғалар
студенттердің саяси белсенділігін арттыра берді.
Әрине, бұл оқиғалар билікті қатты алаңдатты. Патша өкіметі қатаң тәртіпке көшті.
1886 жылы Ресей университеттерінде 1884 жылы бекітілген жаңа Жарғы енгізілді. Жаңа
Жарғының талаптары студенттер мен оқытушы-профессорларға қатал тәртіп енгізіп,
университетте дәстүр болып жалғасып келе жатқан демократиялық дәстүрлер қыспаққа
алынды. Студенттердің ұйымдар мен үйірмелер құруларына, ақшалай қор ұйымдастыруға,
тіпті, жиылып концерт қоюларына қатаң тыйым салынды. Университет басшылары аталмыш
әрекеттерге қатыспауға міндеттеме ретінде әрбір студенттен қолхат алып отырған (Б.
Сыртановтың осы турасында жазған қолхаты сақталған). Бекітілген тәртіптерге қарсылық
білдірген студенттерге Жарғы бойынша сөгіс жариялау, 24 сағаттан 4 аптаға дейін карцерге
қамау, университеттен уақытша қуу және оқудан шығару сияқты жазаларды қолдану іс
жүзіне асырылды. Демалыстарда еліне қайтатын немесе басқа жерлерге баратын жағдайда да
рұқсат сұраған. Абдолла Теміров Торғай облысына қайтпақ болғанда арнайы рұқсат сұрап,
өтініш жазған. Сондықтан да студент жастар барлық игі саяси, рухани шараларын астыртын
жасауға мәжбүр болғанын байқаймыз.
Соған қарамастан 1880 жылдары Санкт-Петербургтың барлық жоғары оқу
орындарында астыртын түрде «Жерлестер» ұйымдары кең қанат жайған болатын. Олардың
құрылуының негізгі себебін зерттеуші Сәкен Өзбекұлы жан-жақты тарқатып, ашып өтеді:
«бір өлкеден, бір топырақтан шыққан студенттердің қоян-қолтық араласуы және бір-біріне
қамқор болуы еді. Алғашында «Жерлестер» ұйымының мүшелерінің мақсаты бір ұлттан
немесе бір өлкеден келген мұқтаж студенттерге материалдық көмек көрсету болған. Бірақ
бұл ұйымдардың пісіп-жетілуі барысында алдарына қойған мақсаттары саясатқа ұшырасып
кетіп отырды». Бірте-бірте «Жерлестер» үйірмелерінің аясы ұлғая келе көп студенттерді
қамтыған «Жерлестер одағына» айналып отырды. Олардың арнайы Жарғылары, мүшелік
жарналары болған. 1880 жылдары Санкт–Петербургте студенттер арасында 20-ға жуық
«Жерлестер» үйірмелері болған және олардың мүшелігіне 1500-ге тарта студенттер кірген.
Атап айтсақ, студенттердің Сібір, Поволжье, Кубань, Дон, Польская касса, Таврия,
Новгород, Украина, Грузия, Армения сияқты «Жерлестер» үйірмелері мен одақтары тұрақты
түрде қалыптасты. Сол «Жерлестер» ұйымы қазақ жастары арасында да болған еді. Барлыбек
Сыртанов, Мәмбетәлі Сердалин, Бақытжан Қаратаев, Абдолла Теміров және шығыстану
факультетінде бұлардан бұрын келіп дәріс алып жүрген Бақтыгерей Құлманов сияқты
жігіттер «Жерлестер» үйірмесін құрады. Қазақ жастарының арасынан университетте, әсіресе,
М. Сердалин революциялық қозғалыстар мен студенттік жиындарға жиі-жиі қатысып жүрді.