Электроника



Pdf көрінісі
бет17/51
Дата04.09.2023
өлшемі2,72 Mb.
#180168
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
электроника

 
Түзеткіш диодттар. 
Түзеткіш диод айнымалы токты тұрақты токқа 
түрлендіруге арналған аспап. Ол 
р-n
- ауысуының тек бір бағытта өткізгіштік 
қасиеті пайдаланылады. Көп жағдайларда түзеткіш диодтар р-n - ауысуының 
түйсігі жазық типті болып келеді. Оның құрамында симметриалы емес 
р-n
– 
ауысуы қолданылады да, әр обылысында негізгі заряд тасымалдауыштардың 
концентрациясы бір-бірімнен әлде қайда әртүрлі (p
p

n
n
немесе n
n

p
p
) болып 
келеді. 
1.16 сурет - Түзеткіш диодтың құрылымы (а) және графикалық шартты 
белгісі (б) 
Түзеткіш диодтың аз қоспасы бар жоғарғы омдық кедергісі бар база 
обылысына қарағанда (мысалы 
n
-обласы, 1.16 сурет), оның өте көп қоспасы бар 
эмиттер обласында (мысалы 
р
-обласы, 1.16 сурет) көп шамада негізгі заряд 
тасымалдауыш кемтіктер бар. Енді диодтқа тура кернеу беретін болсақ, онда 
оның
p-n
-ауысуы тура бағытта ығысады да, өте басым болып келетін негізгі 
заряд тасымалдаушы кемтіктердің инжекциясы басталады да, эмиттерден базаға 
қарай диффузия тогын туғызады. Ал диодтқа кері кернеу беретін болсақ, оның
 


37 
p-n
-ауысуында 
негізгі емес заряд тасымалдушылар электрондардың 
экстракциясы басталады да, ауысу бойынша дрейфтік (ығысу) тогын туғызады.
р-
және 
n
- обылыстарында негізгі заряд тасымалдауштарының концентрациясы 
негізгі емес заряд тасымалдауштарының концентрациясынан әлде қайда саны 
көп болғандықтан, тура ток пен кері токтың шамалары бір-бірінен бірнеше 
дәрежеге айырмашылыға бар (1.17 сурет). 
1.17 сурет - Қоршаған ортаның әртүрлі температурасына сәйкес тұрғызған 
германийден (а) және кремнийден (ә) жасалған диодтардың вольт-амперлік 
сипатамалары 
Қазіргі кезде кремний, германий диодтары, селен вентильдері кеңінен 
қолданылады. Жалпы шалаөткізгішті диодтар 
p-n
– ауысуының типіне 
байланысты, нүктелік және жазықтық болып бөлінеді. Бұл диодтарда 
p-n
– 
ауысуы әртүрлі типті электрөткізгіштік қасиеті бар екі шалаөткізгіштен 
құралады. Әртүрлі типтен тұратын шалаөткізгіштің ауысуының ауданы 
микрометрдің квадратының жүзден бір бөлігінен бастап (микрожазықтық 
диодтар) бірнеше квадрат сантиметр (күштік диодтар) тең болады. Сондықтан 
жазықтық диодтардың электрондық-кемтік ауысуының ауданын анықтайтын 
сызықтық размері оның қалыңдығына қарағанда үлкен шаманы камтиды да, 
олар мөлшері үлкен токтарды түзете алады. 
Ал нүктелік диодтарда электрондық-кемтік ауысуының ауданын 
анықтайтын сызықтық размері, оның көлемдік зарядының қалыңдығына 
қарағанда аз шамаға ие болып келеді. Нүктелік диодтарды жасау үшін 
электрөткізгіштігі 
n
– типті, германийден немесе кремнийден тұратын 
қалыңдығы 0,1–0,6 мм және ауданы 0,5—1,5 мм
2
пластинка қолданылады. Бұл 
паластинкамен ұшталған болат сым жанастырылады. Бұл сымның бойымен 


38 
алғашқысын бір рет бірнеше ампер ток өткізіп, 
n
– типті шалаөткізгішпен 
балқытып пісіріледі де, 
p-
типті электр өткізгіш құрады. Жанаспаның ауданы өте 
аз болғандықтан диодтардың бойынан өтетін тіке бағыттағы токтардың шамасы 
өте аз болып келеді және барьерлік сиымдылығы аз шамада болады. Осы себепті 
электродтардың өзара аймағының көлемі да аз шамалы болып келеді де, бұндай 
диодтарды өте жоғарға жиіліктік диапозондарда қолдануға мүмкіндік береді. 
Нүктелік диодтар көбінесе жоғарғы жиілікті айнымалы токтарды түзетуге 
қолданылады. Жазықтық диодтардың электрлік сипаттамалары олардың 
p-n
– 
ауысуының сипаттамаларына байланысты анықталады. 1.18, 1.19 және 1.20-
суреттерде жазықтық диодтардың бірнеше түріне мысалдар келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет