Электроника


 Аналогтық электронды құрылғылар



Pdf көрінісі
бет30/51
Дата04.09.2023
өлшемі2,72 Mb.
#180168
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Байланысты:
электроника

 
3. Аналогтық электронды құрылғылар 
 
3.1 Күшейткіштер туралы түсініктер 
Электрондық құрылғылар аналогтық және сандық болып бөлінеді. Әртүрлі 
процестерді, соның ішінде технологиялық процестерді басқарудың заманауи 
жүйелерінде екі типтегі құрылғылар бар. Аналогтық құрылғылар, әдетте, 
жетектер мен механизмдердің жетектерін басқару жүйесінің сенсорларынан 
бастапқы ақпаратты алуды қамтамасыз етеді, сигналдарды күшейтеді және 
түрлендіреді, ал сандық құрылғылар процестің өзін берілген бағдарламаға сәйкес 
басқарады. 
Аналогты электронды құрылғы
 
деп электрондық аспаптардың негізінде 
жасалған, аналогты электр сигналдарды күшейтетін, түрлендіретін және 
өңдейтін құрылғыны айтады. 
Аналогты электронды құрылғы екі үлкен топқа бөлуге болады: 
- күшейткіштер; 
- күшейткіштер негізінде жасалған құрылғылар. 
Электрондық күшейткіш
-
электрлік сигналдарды, олардың формасын 
өзгертпей, сыртқы қоректену көзінің энергиясының арқасында, қуатын ұлғайтып 
күшейтетін құрылғы. 


64 
Күшейткіштер негізінде істелген құрылғылар

электрлік сигналдарды 
генерация жасайтын – сигнал генераторлары, кедергілер мен электрлік 
сигналдарды түрлендіретін және өңдейтін, құрылғылар. 
Сигнал генераторы

нақты қасиеті және берілген сипаттамасы мен 
параметрлері бар, электрлік сигнал алуға мүмкіндік беретін
 
құрылғы. 
Сигналдарды түрлендіру құрылғысы - әдейі кері байланысы бар 
күшейткіштер негізінде жасалынады, мысалы: қосқыштар, интегралдауыштар, 
дифференциалдуыштар, логарифмдеуіштер т. т. 
Сонымен кез келген аналогты электронды құрылғының құрамында 
күшейткіш бар. 
Электрондық күшейткіш деп электрлік сигналдарды, олардың формасын 
өзгертпей, қоректену көзінің энергиясы арқасында, қуатын ұлғайтып, күшейтетін 
құрылғыны айтады. Сонымен күшейту процесінің
 
мақсаты, қоректену көзінің 
энергиясын күшейткіштің шығыс сигналының энергиясына түрлендіруде болып 
табылады. 
Электрлік сигналдарды күшейту үшін күшейту элементтері - биполярлық 
транзисторлар, өрістік транзисторлар және интегралдық микросұлбалар кеңінен 
қолданылады.
 
Күшейткіш электр сигналының (кернеу, ток, қуат) параметрлерін 
күшейтуге арналған құрылғы деп аталады. 1.42-суреттерде күшейткіштің төрт 
полюс ретінде құрылым сұлбасы келтірілген. 
ҚК – қоректендіру көзі; Е
с
- аналогты сигнал көзі; R
с
- сигнал көзінің ішкі 
кедергісі; R
кір
– күшейткіштің активті кіріс кедергісі; С
кір 
- күшейткіштің кіріс 
сиымдылық кедергісі; R
шығ 
- күшейткіштің активті шығыс кедергісі; R
ж 
– 
жүктеме; КБ кері байланыс блогы.
1.42 сурет - Күшейткіштің төрт полюсты күшейткіш ретіндегі түрі


65 
Күшейткіштердің кірісіндегі сигнал көздері алуан түрде болуы мүмкін. 
Жалпы түрде сигнал көздерін екі түрге бөлуге болады, біреуін кернеу көзі деп 
атайды, екіншісін – ток көзі дейді. 
Сигнал көздері (1.43 және 1.46 суреттер). 
1.43 сурет - Идеалды кернеу көзінің сипаттамасы мен шартты белгісі 
1.44 сурет - Идеалды ток көзінің сипаттамасы мен шартты белгісі 
Күшейтілген сигналдардың түріне қарай күшейткіштерді екі топқа бөлуге 
болады: 
1) Гармоникалық сигналдардың күшейткіштері – әртүрлі шамадағы және 
формадағы гармоникалық немесе квазигармоникалық (гармоникалық деп 
есептеуге болатын) яғни периодтық және периодты емес сигналдарды күшейтуге 
арналған. 
2) Импульстік сигналдардың күшейткіштері. 
3) Тұрақты ток күшейткіштері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет