Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдер
Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ ISSN 1999-4214
№ 3/2022
41
және тiл бiлiмiнiң басқа да салаларымен байланысқан сөйлеу лингвистикасы деген
ұғымды бiлдiрсе, ал кiшiрек мағынада – адам
мен таңбаның қатысы ретiнде
қарастырылады.
Жеке адамдардың тiлдiк құрамында прецеденттi атаулар белгiлi бiр оқиғаны
бағалау үшiн стандартты құрал (белгi, символ) рөлiн атқара отырып, ерекше орын
алады.
Прецедентті бірліктердің қалыптасуы мен қолданысында маңызды рөлді
уәждемелік деңгей атқарады. Ол көпқырлы және прецедентті бірліктердің прототиптері
және ұқсастықтарымен өзара байланысының көптеген кодтарын өзінде сақтайды.
Зерттеуші үшін, әрине, ол күрделі, себебі тіл иелерінің мүддесін,
мақсаты мен
номинативті стратегиясының тек синхронды түрдегі емес, сонымен бірге диахронды
түрдегісінен көрініс береді, барлық тілдік деңгейін синтездейді. Мәселен, Ұлы жібек
жолындағы Алатау, Қаратау, Ұлытау т.б. прецедентті есімдерді басты уәжі
таудың
түсі, қарттығы,
ұлылылығын олардың құдіретін, күшін білдіру үшін үшін қолданған.
Негізінен туынды бірлік ретінде прецедентті бірліктер «дайын» тілдік формула
ретінде немесе кейіннен прецедентті табиғатқа ие болатын жаңа, бұрын белгілі
болмаған тілдік бірлік ретінде қолданылады. Олардың категориялық белгілеріне бір
жағынан ментальдық,
өнімділік, сілтемелік, репрезенттеушілік, стереотиптік
(қайталануы, танылуы), ал екінші жағынан гетерономинативтілік (номинативті белгі
вариативтілігі), лингвокреативтілігі (бірегей
еместігі, сөзжасамдық жаңашылдығы)
жатады.
Әр деңгейдегі тілдік белгі екі референциалды құрылымнан тұратын қатынасына
ие: заттық-логикалық және эмоционалды-экспрессивтік, тіптен екеуінің біреуі нөлдік
мағынаға ие болса да. Бірінші компоненті оны тікелей денотатпен байланыстырады
және синонимдік қатарға немесе басқа да белгілеу құралдарына жол бермейді.
Мәселен, Түркістан
шаһар; Алатау
тау т.б. Екінші
компоненті парадигматикалық
байланыстың барын көрсетеді: синонимдер, антонимдер, басқа да эмоционалды
реңктік, «көтеріңкі» немесе «басыңқы» көркемдеуіш құралдармен алмасуы.
Сонымен, прецеденттік есім – бұл белгілі бір ассоциация тудыратын жекелеуші
белгілері бар және салыстыру үшін қолданылатын нақты оқиғаға,
кеңінен танымал
мәтінге, жеке тарихи немесе белгілі тұлғамен байланысты кез келген жалқы есім.
Достарыңызбен бөлісу: