«ТІл-мәдениет-қоғам» үштігіндегі әйел концептінің тілдік сипаты


Әдістеме және зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата05.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#180280
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
4. С. Қ. ИманбердиеваПЕ тур

Әдістеме және зерттеу әдістері.
Прецедентті деген ұғым тіл білімінде ХХ 
ғасырдың соңына қарай Ресей ғалымдарының (Ю.Н. Караулов, Ю.А. Сорокин т.б.) 
еңбектерінде қарастырылған, ал прецедентті есім Д.Б. Гудков, В.В. Красных, Е.Л. 
Березович, О.А. Ворожцова, А.Б. Зайцева, О.С. Боярских, Г.Г. Сергеева т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде сөз етіледі. Мәселен, О.А. Ворожцова, А.Б. Зайцева Ресей 
және Америка мерзімді басылымдардағы прецеденттік есімдерді қарастыра келе
прецеденттік феномен терминіне анықтама беріп, олардың төрт түрін көрсеткен: 
прецеденттік оқиғалар, мәтіндер, айтылымдар және есімдер. Соның ішінде 
прецеденттік 
есім 
терминінің 
анықтамасын 
келтіріп, 
денотативті 
немесе 
экстенсионалды қолданылатын прецеденттік есімдерге толығырақ тоқталған [1]. 
О.С. Боярских «Прецедентное высказывание в газетном тексте: особенности 
читательского восприятия» атты мақаласында көркем әдеби прецеденттік 
айтылымдардан құралған қазіргі газет және жорнал басылымдарының материалдары 
негізінде сауалнама жасап, тәжірибе нәтижесін екі фактор тобына түйіндейді. Бірінші 
топ қабылдаушы субъект санасымен байланысты: белгілі бір прецеденттік айтылыммен 
таныс болу дәрежесі, әдеби аялық білімінің болуы / болмауы. Екінші топ – 
прецеденттік белгінің ерекшелігімен байланысты, яғни оның қолдану ерекшелігі 
(афористік / фразеологиялық), түпнұсқа-мәтінмен байланысы (немесе байланыстың 
болмауы), трансформация жасау ерекшелігі, лексикалық құрамы [2]. 


С. Қ. Иманбердиева
 
 
42 
№ 3/2022
ВЕСТНИК Евразийского гуманитарного института.
BULLETIN of the Eurasian Humanities Institute.
Е.А. Нахимова «Прецедентные имена в президентском дискурсе» атты 
мақаласында прецедентті феномендерді саяси коммуникацияда тиімді қолданылуын 
бағалауда прецеденттік феноменнің саяси үйлесімділігі, прецеденттік есімнің нақты 
бір белгілеріне сәйкестігі бойынша әлеуметтік түйсігі, оқырмандардың кейіпкер мәнін 
тану қабілетінің ескерілуі, прецеденттік феноменді қолданудың мүмкіндігінше 
корректілігі және екі мазмұнды болмауы сияқты критерийлерді ескеруді ұсынады [3]. 
Қазақ тіл білімінде прецеденттік есім терминін қолданбағанымен, осы мәселенің 
бір қырын зерттеген ғалымдардан Т. Жанұзақов, Т. Қоңыров, Е. Керімбаевты атауға 
болады. Профессор Т. Жанұзақов жалқы есімдердің жалпы есімге ауысу мәселесін 
қарастыра отырып, көркем шығарма жалқы есімдері белгілі бір топтастырылған 
образды белгілеу мәнін ашқан [4].
І. Кеңесбаев жалқы есімдердің мағынасын зерттеп, ол әр кісі есімдерінің 
сыртында сараңдық, жомарттық, шынайы махаббат құрбаны т.б. сияқты белгілердің 
болатынын айтып, Қарабай, Шығайбай, Ләйлі-Мәжнүн, Атымтай жомарт, Қожанасыр, 
Қодар, Қыз Жібек пен Төлеген есімдерін талдайды. Ғалым бұл жалқы есімдерді 
прецеденттік деп аталмағанымен, олардың басқа онимдерден айырмашылық белгілерін 
атап көрсеткен [5]. 
Қазақ тіл білімінде теориялық және практикалық жағынан прецеденттік есім 
мәселесін кеңірек қарастырған Г.Б. Мәдиева [6]. Қазақстанның орыс тілді мерзімді 
басылымында сатира мен юморды қалыптастырудағы тілдік бірліктерді зерттеуде 
В.И. Жумагулова мифтік және шығарма кейіпкерлерінің, атақты ғалымдардың 
есімдерін күлкі, ирония жасауда салыстыру ретінде қолданғанын көрсеткен [7]. 
Жұмыста Ұлы жібек жолындағы прецедентті топонимдеріне салғастырмалы-
когнитивтік талдау жасалып, олардың шеңберіндегі имплицит ақпараттардың 
мазмұнын ашу мақсатында сипаттамалық әдіс қолданылды. 
Талқылау мен бақылау. Прецедентті мәтінді «коммуникативті прецедент, ұқсас 
жағдайларда коммуниканттар алдында тұрған номинативті, коммуникативті т.б.
міндеттерді шешуге көмектесетін үлгі деп атауға болады. «Коммуникативті прецедент» 
прецедентті бірліктер үшін «гносеологиялық прототип» болып табылады және ол 
прецедентті бірліктің коммуникативті кодын қалыптастыруда маңызды. Мысалы, 
прецедентті есімдер бойынша М. Жұмабаевтың «Түркістан» шығармасындағы 
Түркістан түріктің образын ашуда «гносеологиялық прототип» болып табылады: 
Түркістан — екі дүние есігі ғой, 
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой. 
Тамаша Түркістандай жерде туған 
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой [8] 
Прецедентті бірлік когнитивті база негізінде Қарауловтың пікірінше, үш түрлі 
тәсіл арқылы қолданысқа түседі: бірінші, табиғи тәсіл, яғни мәтінді толығымен 
«қабылдау, түсіну, сезімге бөлену нысаны» ретінде оқырманға жеткізу (қайталау). 
Екінші тәсіл трансформациялы, «түпнұсқа мәтін бойынша қайта қабылдау». Үшінші 
тәсіл семиотикалық, түпнұсқа мәтінге сілтеме, белгілерін ерекшелеу т.б. Сол арқылы не 
бүкіл мәтін, не қандай да бір оқиғаға қатысты ерекше фрагменттері коммуникациялық 
үдерісте көрініс табады [9]. 
Прецедентті есімнің нақты құрылымы болады, өзегінде дифференциалды 
(жекелеуші) белгілері болса, өзегінен тыс шекте төлсипаттары мен кез келген тіл 
иелерінің прецедентті есімді қабылдауда жеке түсінігі болады. В.В. Красных [10] 
ұсынған прецедентті есімнің құрылымына қатысты сызба негізінде прецедентті есім 
қабылдануының инвариантында дифференциалды белгілердің біреуі ғана актуалдануы 
мүмкін және прецедентті есім төлсипаты мен тіл иелерінің прецедентті есімді 
қабылдауындағы жеке түсінігі мен білімі маңызды емес қосымша рөл атқаруы мүмкін, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет