«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»


АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ



Pdf көрінісі
бет40/70
Дата08.09.2023
өлшемі1,64 Mb.
#180546
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (1)

АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ 
 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық білім алушыларға әскери-
патриоттық және адамгершілік тәрбие берудің жалпы жүйесінде олардың өзіндік 
санасын, танымдық қызығушылықтарын, коммуникативті дағдыларын, ерік-
жігер қасиеттерін, алғашқы практикалық іскерліктерін, әскери іс дағдыларын
робототехниканың теориялық негіздерін, автокөлік жүргізу, цифрлық фото және 
видеоқұралдарды пайдалану дағдыларын дамытуда маңызды орын алады. Оқу 
пәні қазақстандық армияның даму тарихымен танысып, оның қазіргі жай-күйін 
зерделей отырып, ерік-жігері мықты, қайсар, дені сау, функционалдық сауатты 
әскери тұлғаны дамытуға бағытталған. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және 
практикалық сабақтарда да жүзеге асырылады: теориялық сабақтар негізінен 
дидактикалық материалды, техникалық құралдарды және оқытудың 
инновациялық әдістерін пайдалана отырып әңгіме және әңгімелесу түрінде 
өткізіледі; практикалық сабақтар оқу-жаттығу құралдарын және басқа да 
жабдықтарды пайдалана отырып, оқытылатын материалды бекітуге бағытталған. 
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және ақпараттық технологиялар бөлімінде 
азаматтық қорғау және медициналық білім негіздері бойынша сабақтар, бейбіт 
және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын табиғи апаттардың, 
ірі авариялардың, апаттардың зардаптарынан қорғау бойынша жүргізілетін іс-
шаралар және терроризм актілері қарастырылған. 
10-сыныпта оқушылардың практикалық іскерліктері мен дағдыларын 
дамыту, сонымен қатар әскери істерді оқуға деген қызығушылықты 
қалыптастыру мақсатында оқу жылының соңында әскери бөлімдердің 
базаларында (әскери бөлімдердің қолбасшылықтарының келісімі бойынша) 
немесе тиісті оқу-материалдық базасы бар білім беру ұйымдарында жас 
жігіттермен 30 сағат көлемінде бес күндік далалық (лагерь) оқу-жаттығу 
жиындары өткізіледі. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтары әртүрлі 
интерактивті оқыту әдістерін қолдана отырып, тәжірибеге бағытталған болуы 
керек. Тәжірибелік сабақтардың басталуына дейін тыңдаушылар негізгі 
міндеттерді орындау және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті 
нұсқамадан өтеді. 


65 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет