Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Д е р е к т е р г е д е н қ о й са қ : Ш а п а л а қ п е н ү р у ғ а қ а т ы с т ы көз-



Pdf көрінісі
бет116/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   529
Д е р е к т е р г е д е н қ о й са қ : Ш а п а л а қ п е н ү р у ғ а қ а т ы с т ы көз-
қ а р а с
осы айырмашылықтарды зерттейді.
Отбасы - әлеуметтенудің ең маңызды агенті екенінің тағы бір 
себебі - бала кездегі қалыптасқан өзін-өзі бағалау ұзаққа созыла- 
тын нәтиже береді. Дамудың кейінгі кезеңдерінде біз бастапқы 
жылдарда қалыптасқан ұғымдармен үйлесетін және соларды да- 
мытатын тәжірибе мен іс-әрекеттерге ұмтыламыз. Бала кезде біз 
жеке түлға ретінде түпкілікті қалыптаспасақ та, өзіндік бағалауы-


Ө/ІЕУМЕТТЕНУ
101
мыз жетілмесе де сол бала кездегі тәжірибелеріміз кейінгі дамуы- 
мызға негіз болады.
Ата-ананың діни ұстанымы, әлеуметтік деңгейі мен ұлты - баланың 
мінез-құлқына, нанымына, өзін-өзі бағалауына және қоғамда алатын 
орнына ықпал ететін әлеуметтенудің маңызды агенті болып табылады. 
Олар басқалардың бала жайындағы пікіріне эсер етеді және баланың от- 
басынан тысқары ортада әрекегке түсетін топтарын анықтайды. Осылай- 
ша, отбасының нәсілі, деңгейі және діні баланың аулада, мектепте және 
жұмыс барысында алғашқы тәжірибе жинауына ықпал етеді.
Қатарластар
Өткен ғасырларда кейбір балалар оқшауланған шаруа қожалықта- 
рында өмір сүрді, қазіргі кезде де сондай жағдай кездеседі. Мұндай ба- 
лалардың отбасылары бала кезінен әлеуметтенудің жалғыз маңызды 
агенті болды. Алайда соңғы бірнеше онжылдықтағы міндетті білім 
беру, жұмыс істейтін жастар санының артуы қазіргі қоғамда жастар 
субмәдениетінің пайда болуына себеп болды. Ата-аналардың екеуі де 
жүмыс істеуі бұл жагдайды одан әрі жеделдетіп жіберді. Сөйтіп, қатар- 
ластар тобымен өзара әрекетке түсу арқылы вакуумның орны толты- 
рылды (Osgood et al, 1996). Қатарластар тобы дегеніміз-жастары және 
әлеуметтік мәртебесі бірдей адамдар. Осы топтың әр мүшесі қатарлас 
деп аталады. Көптеген балалар осы топқа кіруге үлкен мән береді және 
сол топтың мәдениетін тез қабылдайды (Harris, 1998; Handel, Cahill, 8c 
Elkin, 2007).
Әлеуметтенуді және өзін-өзі бағалауды дамытуда қатарластар- 
дың өзара әрекеттесуінің ықпалы қандай? Бір-бірімен араласатын ба- 
лалардың киім кию улгісі мен іс-әрекеттері ұқсас болып келеді. Мейлі 
олар чирлидерлер, жақсы оқитын студенттер тобы немесе банды бол- 
сын, қатарластар топ мүшелеріне сол топқа сай болу жөнінде талап 
қояды. Ересектердің бақылауынсыз достарымен көбірек уақыт өткіз- 
ген балаға достары міндетті түрде эсер етеді (Haynie 
&
Osgood, 2005).
Нәтижесінде, қатарластардың құндылықтары мен өмір салтына 
сай болуға ұмтылу отбасында кикілжіңдердің туындауына әкеп соқ-

Отбасы баланы әлеуметтендіруде,
I баланың нақты дағдыларды, тілдерді, 
құндылықтарды меңгеруінде маңызды 
рөл атқарады.
Қатарластар тобы - жасы мен 
әлеуметтік мәртебесі бірдей 
адамдар.
Қатарлас - қатарластар тобының 
мүілесі.


102


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет