ӘЛ ЕУМЕТТЕНУ 103 3.1-КАРТА
Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың пайыздықүлесі Мектепке дейінгі мекемелер балаларды өз мәдениетіне әлеуметтендіруде маңызды рөл атқарады. Бул мекемелергебармайтын
балаларбастауыш мектепке барғанға дейін өздерін басқалардан кем сезінуі мүмкін. Чаджәне Малисияқты елдерде мектеп
жасына дейінгі балалар мундай мекемелерге бармайды, ал Испания мен Корея Республикасында барлықбалалар барады.
ДЕРЕККӨЗ: ЮНЕСКО и нституты ны ңстатистикасы (2011).
Мектепке дейінгі
мекемелерге
баратын бала саны
(мьіңадамға)
В
<25%
□
26-49%
□
50-74%
□
75-100%
ВМәліметжоқ
рынсыз елестету мүмкін емес. Буқаралық ақпарат құралдары - ауқым-
ды аудиторияны қамтуға арналған қарым-қатынас формалары. (Медиа
термині бұқаралық ақпарат құралдарының кез келген түрін білдіреді).
3.1-кестеде көрсетілгендей, 8-ден 18 жасқа дейінгі балалар қазір бұқара-
лық ақпарат құралдарына күніне шамамен 11 сағат жұмсайды - соңғы
онжылдықта бұған 3 сағат қосылған (Kaiser Family Foundation, 2010).
Әлеуметтену үшін ең маңызды бұқаралық ақпарат құралы - те-
ледидар екені сөзсіз. Әр үйде шамамен бір теледидар бар, ал АҚШ-та
орта есеппен алғанда адам теледидар көруге аптасына бірнеше сағат
жұмсайды екен.
Ғалымдар теледидар қөрудің ықпалын жан-жақты талқылап
келеді. Зерттеулерге қарағанда, бұқаралық ақпарат құралдары зор-
лық-зомбылық, тәнқұмарлық, нәсілшілдік және басқа проблемалық
идеялар мен мінез-құлықтардың туындауына ықпал етеді екен. Алай-
да дәлелдер бұған қайшы келеді (Felson, 1996). Бұқаралық ақпарат
құралдары өзіміз білетін нәрселерді қолдау мен растаудың маңызды
құралы бола алады деген жалпыға ортақ қорытынды жасалды. Ақпа-
ратты сұрыптап қабылдау арқылы біз өз нанымдарымыз бен өзіндік
көзқарасымызды қолдайтын материалға ерекше назар аударамыз да
бізді сынға алатын материалдарды елемейміз (Felson, 1996).
Десе де, теледидар біршама белсенді рөл атқарады. Кейбір зерттеу
лерге қарағанда теледидардан үнемі көретін кейіпкерлердің алдам-
шы көзқарастарына еліктеу арқылы өз көзқарастарымыз бен мінез-