ӘЛЕУМЕТТЕНУ
105
Қауымдастық отбасы
мен қатарластар тобындағы, сондай-ақ
қоғамдағы байланыстарды қамтамасыз етеді. Адам балалық ша-
ғында отбасы мүшелерінен басқа адамдарды сирек көреді.
Өскен
сайын тұрғылықты жерін, жергілікті мектептерді,
діни ұйымдар-
ды және т.б. танып-білуге мүмкіндік алады. Көптеген адам біраз
уақытқа дейін жергілікті қауымдастықтан басқа әлеммен тығыз
байланысқа шықпайды.
Алайда қауымдастықтар әлеуметтік өмір үшін өте маңызды.
Әрбір қауымдастық өзінің топтарын, ресурстарын, институттарын
және нормаларын біріктіріп әлеуметтену
агенті қызметін атқара
алады (Bems, 2007; Amon, Shamai & Ilatov, 2008; Sawyer, 2004). Кейбір
қауымдастықтарда қуатты институттар - жақсы қаржыландырыл-
ған
шіркеулер, скаут барлаушы әскерлері, үлкен қоғамдық кітап-
ханалар бар. Ал кейбір қауымдастықтардың институттары әлсіз.
Кейбір қауымдастық табысты
адамдардың жолын ашады, мысалы,
мұғалімдерге, көршілерге, шағын бизнес иелеріне және қауымдас-
тық орталығының қызметкерлеріне
қолдау көрсетеді, ал кейбір
қауымдастықтарда балалар көбінесе қараусыз қалып жатады.
Ең бастысы, қуатты институттары мен тегеурінді ұстанымда-
ры бар, құндылықтарын сақтап қалуға үмтылатын
қауымдастық-
тар өз мүдделерін қорғайтын, бағалайтын балаларды тәрбиелеп
шығарады (Sawyer, 2004). Ересектер
қауымдастық туралы мақта-
нышпен айтып, балаларды бүкіл қоғамның игілігі үшін жұмыс іс-
теуге шақырады, сөйтіп, ержеткен соң сол балалар сайлауда дауыс
беретін үйымдарға қосылып, қауымдастықты қүруға үлес қосатын
ересек адамдарға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: