Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет152/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   529
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
133
басқа қаңғыбас балалармен достасады. Олар сондай-ақ мүмкіндігін- 
ше қалыпты балаларға ұқсап бағуға, солар сияқты киім киіп, солар 
сияқты сөйлеуге, жүріп-тұруға тырысқан. Мәселен, олар қайырым- 
дылық көмек ретінде келген киімдердің арасынан жылы пальтоны 
емес, ең сәнді пальтоны таңдаған. Өздерінің қаңғыбастығын жасыру 
үшін сөздерін де ойланып сөйлеген. Олар қаңғыбастарға қарайтын 
өлеуметтік қызметкерлерді «тәтем» деп, ал үйсіздер жиналатын орта- 
лық қызметкерлерін «достарым» деп атаған. Үш төсектен кейін жат- 
қан достарын «үш үйден кейін түратын көршім» деп сипаттаған.
Сондай-ақ қаңғыбас балалар, қарсы күресу жолымен де өз бол- 
мыстарын қорғаған. Біріншіден, олар басқа балаларды қорқыту үшін 
«гангстер» киімдерін киіп, солар сияқты әрекет еткен. Екіншіден, 
олар жыныстық мінез-құлық пен көзқарас жағынан өз жастарынан 
тым ересек болып көрінуге тырысқан және сол саладағы «жеңістерін» 
айтып мақтануға құмар болтан. Сонымен бірге олар өздерінен де көп 
құқай көретін көше кезбелерін қатты сынап, өздерінің қогамдық мәр- 
гебесін көтеріп қалуға күш салған.
Р о зи т а :
Ана сасы қ қ а ң ғ ы б а с қ а қ а р а ң ы з . Қ а н д а й ж и ір к е н іш т і. Неге д у ш қ а
түспеген?
Д ж а л и с а :
Ия, о лард ы бізбен бірге Х а м и л т о н н ы ң іш ін е к ір гізб е ге н ін е қуа- 
ны п тұ р м ы н .
Р о зи т а :
Ш ы н ы м ен де, олар б ізд ің за т ы м ы з д ы ұ р л а п , м а ң а й д ы с асы ты п
ж іберер еді!
Д ж а л и с а :
Әлде үн ем і мае болы п ж ү р ер ме еді? (Roschelle & K aufm an, 2004, 37) 
Розита, Джалиса және басқа балалар көп кемсітілетіндердің қа- 
сында өздерін зор санап, мақтанып қалды.
Жалпы алғанда, әсерді басқару стратегиясының арқасында қаң- 
ғыбас балалар өзгелердің алдында өздерін аз да болса жақсы сезінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет