ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР 139
қарауға болмайды» деген норма), бұл нормалар, керісінше, олардың
өзара әрекетке түсуін
а з а й т у г а арналған.
Ton жақсы әрекет еткен жағдайда оның мүшелері жеке және эмо-
ционалдық қажеттіктерін қанағаттандыратын мәселелерді шешу
және жәрдемдесу сияқты жетістіктерге жетеді. Ал, керісінше, топтар
нашар жүмыс істесе, бұл топтың ішінде қобалжу, келіспеушілік неме-
се әлеуметтік күйзеліс болады.
Топтың ауқымы Топтың ықпалы бір жағынан оның ауқымына байланысты. Екі адам
революцияны жоспарлай алады, 200 адам жеткілікті партизан ша-
буылдарын ұйымдастырып, үкіметті үрейлендіреді, ал 2 мың адам
әскердің негізін құрады. Сондай-ақ 5 адам әр бейсенбі сайын сыра
ішіп тұрамыз деп келісу арқылы көңіл көтереді, ал 5 мың адам Джас
тин Бибердің концертіне бірге қатысып, концерттен бірге эсер алып,
Бибердің фанаты ретінде ортақ сезімге бөленеді.
Осының барлығы топтың ауқымы оның мүшелері арасындағы
әрекеттестіктің формасына да эсер ететінін аңғартады. Бүл тақырып
көп жылдан бері әлеуметтік зерттеуге арқау болып келеді. Бұл зерт-
теулер алғаш болып диадалар мен триадалар туралы жазған Джордж
Зиммелден (1950) басталады.
Диадалар Диадалар - тек екі мүшесі бар топтар. Яғни күйеуі мен әйелінің, бас-
тық пен қызметкердің, дос пен достың, яғни екі адамның жұп құрып,
әрекеттесуі. Диада өте шағын болғандықтан, мұнда екі адамның өза-
ра қарым-қатынасы бір-біріне ерекше ынтызарлыққа құрылуы қажет.
Сондықтан диадалық байланыстар өте берік болады.
Дегенмен шағын болғандықтан, диадалар тым нәзік болып келеді.
Егер екі адамның біреуі топтан шығамын десе, онда диаданың күні
бітеді (Simmel, 1950; Miller, 2007). Бірақ диадалар өзінше оқшау өмір
сүрмейді. Достықтан шығу ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың
ажырасуына қарағанда оңайырақ. Ажырасқанда балалар аңырап,
ата-аналар қиналып, шым-шытырық қаржылық мәселелер мезі етеді.
Сондықтан қоғамның дайындығы мен құрылымдары диадаларды өз-
дері қалағаннан да ұзақ мерзім жүп болып тұруға мәжбүр етеді.
Триадалар Триада - үш мүшесі бар топ. Триада диададан мүлде өзгеше әрекет
етеді. Бүл топ үш адамнан тұратындықтан олардың бірі кетіп қалған
не қуылған күннің өзінде қалған екеуі топ ретінде әрекет ете береді.
Сондықтан триадада барлық мүшені қанағаттандырудың көп қажет-
тігі жоқ. Оның үстіне, мұнда диададағыдай өте жақын қарым-қатынас
бола бермейді, себебі жаңалықтар мен көзқарастарды үшеуі бөлісіп
отыруы да мүмкін (бүл оның құпиялылығын және ерекшелігін кемі-
теді) немесе біреуінен жасырып қалуы да ғажап емес, ал бүл триадада-
ғы байланысты нашарлатады.
Триаданың табиғаты ерекше әрекеттесу формасын қажет етеді
(Simmel, 1950; Miller, 2007). Бір адам қалған екі адамның арасындағы
шиеленістің пайдасын көруі мүмкін немесе өзінің жеке мақсаты үшін
оларды жанжалға итермелеуі ықтимал. Айталық, Джон, Мануэль
Диада - екі мүшесі бар топ.
және Эми үшеуі бір жобаны бірге жасауы керек болды делік. Джонның
Эмимен көбірек бірге болғысы келеді. Сондықтан ол Эмиге: «Мануэль-
т РиаДа - Үш мүшесі бар гоп