ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР 137
кетсе де оны бірлесіп алып отырған. Демек, героинді бөлісу тек эконо-
микалық шешім болған жоқ, олар сол арқылы достық пен әлеуметтік
байланыс орнатуды көздеген.
Қатысушы тараптар бірдеңе алып қала алатын айырбас қарым-
қатынас қана өміршең болады. Дегенмен оның өтемі бірдей болуы
міндетті емес, бірдей бола да бермейді. Оның үстіне, қатысушы та-
раптардың ықпал-куші де әркелкі. Бағалы ресурстарға көбірек ба-
қылау орнататын адамның билігі де үнемі күшті болады. Айталық,
футбол командасының капитаны (немесе бандының басшысы) үмі-
ті тым аз болса да «қыздар менімен жақсы қарым-қатынаста болғы-
сы келеді» деп ойлайды, яғни басқа балама мүлде жоқ болған кезде
ғапа тең емес қарым-қатынас орнауы мүмкін (Molm 2003; Stolte, Fine
& Cook, 2001).
Ынтымақтасу Ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесе жұмыс істеуді ынтымақ-
тасу дейміз. Айырбас деген - алыс-беріс, яғни «мен саған бердім, енді сен
маған бер» деген қағидаға сүйенеді. Ал ынтымақтасу - ортақ мақсатқа
жету үшін бірлесе жұмыс істейтін адамдар тобының бірлесуі, яғни ко-
мандалықжұмыс. Мәселен, көше қиылысындағы «жол бер» деген белгіні
алайық. Біз мүндай белгіні көргенде жылдам өтіп кетуге тырыспаймыз,
себебі кезекпен өтсек қана жылдам әрі қауіпсіз болатынын түсінеміз.
Ұзаққа созылатын қарым-қатынастардың көбінде ынтымақтасу элемент-
тері болады. Ерлі-зайыптылар балаларды өсіру мақсатында, ал оқушы-
лар мұғалімді алдау үшін ынтымақтасады.
Сондай-ақ ынтымақтасу бұдан да кеңірек қоғамдық деңгейде
жұмыс істейді. Көршілер үйдің жанынан биік ғимарат салғызбау
үшін күресте ынтымақтасады, ал бүкіл ел тұрғындары мүқтаж жан-
дар медициналық қызмет ала алуы үшін салықты көтеруге келіседі.
Адамдар ортақ қатер төнгенде, өздерінің жеке экономикалық мүдде-
лерін қорғау керек болғанда немесе сол қауыммен арадағы байланыс-
ты сезінгенде ынтымақтасуға бейім тұрады (Van Vugt & Snyder, 2002).
Бәсеке Кейде адамдар айырбас немесе ынтымақтасу арқылы мақсаттарына
жете алмайды. Егер менің ұйықтағым келсе, ал сіз даңғырлатып му
зыка ойнағыңыз келсе немесе екеуіміз бірдей жұмыс істегіміз келсе
біреуіміз мақсатымызға жете алмаймыз. Мұндай жағдайда