Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет172/529
Дата10.09.2023
өлшемі30,13 Mb.
#180626
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   529
Қуатты және әлсіз байланыстар
Сақтандыру агентіміз бен анамыз - екеуі де әлеуметтік тораптың бір 
бөлігі болып саналғанымен, олардың әрқайсысының бізбен байланы-


ТОПТАР, ЖЕЛІЛЕР ЖӘНЕ ҰЙЫМДАР
149
сында айтарлықтай айырмашылық бар. Біз өзіміздің әлеуметтік то- 
раптарымызды байланыс сипатына қарай 
қ у а т т ы б а й л а н ы с т а р
және 
элсіз б а й л а н ы с т а р
деген екі санатқа бөле аламыз.
Қуатты байланыстар
Қуатты байланыстар - тығыз қарым-қатынаспен, эмоциялардың 
қарқындылығымен және оларды өзара бөлісумен сипатталатын қа- 
рым-қатынас. Мұндай байланыстар қоғам өмірі үшін өте маңызды. 
Мәселен, науқастанып қалсаңыз немесе емтихан гапсыруға бара 
жатқанда машинаңыз бұзылып қалса өзіңізбен тығыз байланыстағы 
жандарды, яғни қуатты байланыстарыңызды көмекке шақыраты- 
ныңыз сөзсіз. Бұл адамдар сізге ең көп қамқорлық жасайтын адамдар 
және сіз де оларға барынша көңіл бөлуге тырысасыз. Қуатты байла­
ныстар бізге эмоциялық қолдау, қаржылай көмек және тағы басқа 
әргүрлі көмек көрсетеді.
Сауалнама нәтижесі соңғы отыз жылда америкалықтардың қуат- 
ты байланыстары күрт төмендегенін көрсетті (McPherson, Smith-Lovin 
& Brashears, 2006). Қазір америкалықтардың көпшілігі маңызды мәсе- 
лелерді талқылай алатын бірде-бір адамды атай алмайды, олардың 
көпшілігі тек жұбайын ғана атайды. Бұл адамның білімі неғүрлым 
жоғары болған сайын соғұрлым тұрақты байланыста болатынын көр- 
сетеді. Оның үстіне, білім деңгейі жоғары адамдар супервайзерлер 
мен механиктерден гөрі ықпалды адамдармен - адвокаттармен, дәрі- 
герлермен тығыз байланыс орната алады.
« Д ер ек т е р ге ден қ о й са қ : Қ у а т т ы б а й л а н ы с т а р »
бөлімі осы пробле- 
маларды әрі қарай нақтылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   529




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет