196
7-ТАРАУ
әлеуметтану және сіз
Егер нашар дамыған елдерге
саяхаттаған болсаңыз,
экономикалық дағдарыстың
салдарын көрген боларсыз. Бұл
елдерде тіпті су ішуге болмайды
деген ескертулер енгізілген,
себебі экономикалық ресурстар
тапшылығынан халық ішуге
жарамды ауыз сумен қамтамасыз
етілмеген. Бұл елдерде еңбекақы
деңгейі өте төмен болғандықтан
тамақ, киім және кәдесыйларды
арзанға сатып алуға болады. Такси
сияқты қызметтер кең таралған.
Еңбекақы төмен болғанымен,
жұмыссыздық деңгейі өте жоғары,
сондықтан көшелерде қайыр сұрап
жүрген адамдар, жезөкшелер мен
ұрылар жиі кездесуі мумкін.
Әлемдік жүйелер теориясы -
іргелі және шеткері қоғамдар
ретінде белгілі бай және кедей
елдер арасындағы экономикалық
қатынастар туралы тужырымдама.
Іргелі елдер - экономикалық
тұрғыда әртараптандырылған
және сыртқы бақылаудан тәуелсіз,
бай, қуатты елдер.
Шеткері елдер - салалық
экономикасын өзі басқаруға
мүмкіндігі жеткіліксіз, кедей және
әлсіз елдер.
Соғыс - ұлттық әскер мен басқа
бір топтың арасындағы қарулы
қақтығыстар.
Әлемдік жүйелер теориясы кедей және бай елдер арасын-
дағы экономикалық қатынастар конфликтісіне талдау жасайды
(Wallerstein, 2004). Бұл теория әлемді екі топқа белуге болады деп па-
йымдайды. Біріншісі - маңызы басым, экономикасы дамыған іргелі ел
дер. Олар өзін-өзі басқарады әрі кедей елдерден пайда көруге де шамасы
жетеді. Ал екінші топқа аз ғана дақылдар негізінде (банан немесе какао
өндіру сияқты) құрылған әлсіз экономикасымен белгілі, дамыған мем-
лекеттердің «қол астындағы» шеткері елдер (перифериялық елдер)
жатады.
Әлемдік жүйелер теориясы бойынша, үстем қоғамдардың бай
болуы шеткері қоғамдардың кедей болуына байланысты. Басқаша
айтқанда, бағасы төмен аяқкиім, теледидар, банан не басқа өнімдері
бар нашар дамыған елдерде орналасқан дамыған елдердің компания-
сында жұмыс істеп, төмен еңбекақы алатындармен байланысты. Егер
олардың еңбекақысы көтерілсе, онда бағалар да көтеріліп, шығындар
көбейе түседі, ал қоғамның өмір сүру деңгейі төмендейді.
Әлемдегі кедейлік пен байлық арасындағы өзара байланыс одан
әрі «Ғаламдық перспектива: Су және жаьандық теңсіздік» тарауында
қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: