СТРАТИФИКАЦИЯ
193
тарлықтай болса да, дамуға бағытталған шараларды іске асыруға ын-
таланбауы бірдей.
7.1-картада әлемдегі дамуы ең төмен елдер мен қарқынды дамыған
елдер көрсетілген, ал 7.1-кестеде түрлі елдер үшін өмір сүру сапасының
бірнеше маңызды көрсеткіші салыстырылады және адами даму индексі
(дамудың жалпы өлшемі) мен гендерлік мәселеге қатысты даму индексі
(елдегі ерлер мен әйелдердің даму деңгейінің айырмашылыгын анықтау
өлшемі) бойынша бағалау келтірілген.
Дамуы төмен елдерде әсіресе әйелдер мен балалар қауіпті жағдайда.
Мысалы, ондай елдерде босану үстінде өлім-жітімге душар болған әйел-
дердің саны дамыған елдердегімен салыстырғанда 100 есе жоғары, Сол
сияқты, Сьерра-Леонедегі бір жасқа толмай қайтыс болған сәбилер саны
Норвегиямен салыстырғанда (БҰҰ-ның 2011 жылғы даму бағдарламасы)
40 есе басым.
Бірақ ең бай елдерде өмір сүру сапасы міндетті түрде ең жоғары
деңгейде деп айтуға болмайды. Мәселен, АҚШ-та жан басына шаққан-
дағы жалпы ішкі табыс Канадаға қарағанда 22 пайызға жоғары. Ал Ка
нада адами даму индексі рейтингісінде бірінші орында, себебі бұл ел-
дегі азаматтар денсаулық сақтау, білім алу және қажетінше тамақпен
америкалықтарға қарағанда жақсы қамтылған (Б¥¥-ның 2011 жылға
арналған даму бағдарламасы).
Неліктен кейбір мемлекеттердің дамуы басқаларға қарағанда
тым төмен? Біз дамудың негізгі екі теориясын - модернизация және
Достарыңызбен бөлісу: